Вторник, 21 апреля, 2026

Қазақстан ішіндегі саяхат туралы балалар кітабы шықты

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

 

Алматы, Қазақстан, 2022 жылғы 27 желтоқсан – «Алмалы кітапхана» кітапханасында бастауыш сынып оқушыларына арналған “Тау мен дала елінің құпиясы” атты балалар кітабының тұсаукесері және оқылуы өтті. Шараға жинақ авторлары мен танымал қоғам қайраткерлері қатысты.

Дала сыры, тау жыры” кітабы – Étage дизайн студиясы “Шеврон” компаниясымен серіктестікте құрған әлеуметтік жобасы. Қазақ және орыс тілдеріндегі бүкіл тираж қоғамға ашық қол жетімді болуы үшін Қазақстанның ірі кітапханаларына, елдің галереялары мен мәдени орталықтарына таратылады.

“Шеврон” компаниясының әлеуметтік инвестициялар жөніндегі кеңесшісі Лейла Айтмұханованың айтуынша, компания үшін Қазақстанның жас оқырман, білімпаз буынын дамытуға үлес қосу өте маңызды. “Бүгін серіктестерімізбен бірге мақтанышпен ұсынып отырған кітабымыз – Қазақстан ішінде ертегі кейіпкерлерімен бірге саяхат, таулар мен өзендерді, дала мен көлдерді шарлау, адамның мейірімділігінің ғажайып көрінісі.  Балалар мен ересектер осы кітапты ашып, табиғатымыздың әсемдігіне тамсанып, оның нәзіктігін, ең бастысы, осы табиғат алдындағы біздің жауапкершілігімізді түсінгенін қалаймыз. Бұл шара – Қазақстан қалаларындағы оқу мен кездесулердің ең алғашқысы, және осы кітап өз оқырманын табады деп сенеміз”, – деп қорытындылады Лейла Айтмұханова.

Қазақстандық авторлардың оқиғалар жинағы мектеп алды, бастауыш мектеп оқушыларына және олардың ата-аналарына арналады. Жинақтың мақсаты – Қазақстан табиғатының әралуандылығын және байлығын көрсету, қазіргі заманмен сабақтастыра отырып, жергілікті мәдениет пен дәстүрді тереңінен таныту. Бұл кітап жас оқырмандарды елді аралауға, контурлы картаға географиялық және жеке жаңалықтарын белгілеуге шақырады. Кітаптағы оқиғалар Қазақстанның әртүрлі табиғи аймақтарында өтеді және оқырманмен бірге “өседі”, ең бірінші ертегілері бүлдіршіндерге қызық болса, соңғы оқиғалардағы кейіпкерлердің мінездері және оқиға желісі күрделеніп, жасы үлкендеу балалардың қызығушылығын оятады.

“Осындай балаларға арналған кітап шығару сияқты сирек мүмкіндікке біз өте қуаныштымыз. Бұл, өзіңіз білетіндей, ерекше, мейірімді, жарқын әлем, оның кейіпкерлері батыл әрі адал, оқиғалар ғажайыпқа және қызыққа толы, бұл жерде адамша сөйлей алатын Итаюға ешкім таңғалмайды – дейді жинақтың бас редакторы Әсел Жабасова. – Бес жасар және одан сәл үлкен балаларға ата-анасы оқып береді, ал 9-10 жастағы балалар үлкен, суреттері бар кітапқа өз бетімен қызығады. Біз авторлар мен оқиғаларды ертегілері де, кейіпкерлері де әркімнің көңілінен шығатындай етіп таңдадық. Ертегілердің желісі және автор дауыстары әртүрлі болғандықтан, кітап өте қызықты, әрі заманауи болып шыққан сияқты және ол әртүрлі қалалардың кітапханаларында қол жетімді болатыны және оны көптеген бүлдіршін оқырмандар мен олардың ата-аналары оқи алатыны қуантады”.

Оқиғаларды жеті автор әзірледі: Гүлмира Құсайынова, Елена Клепикова, Ксения Земскова, Майя Акишева, Нұрайна Сәтбаева, Сима Омарқұлова және Тоня Шипулина. Жинақ авторлардың дауысын жеткізу құралы сияқты болып шығарылды және оған қатысуға Қазақстанда және шет елде шығармалары жарық көріп жүрген танымал жазушылар, және оқиға жазу жаңа тәжірибе болған редакторлар мен жас авторлар шақырылды.

Майя Акишеваның айтуынша балаларға көп кітап шығару керек және олардың тақырыптары және дауыстары әртүрлі болуы керек. “Бұл жерде шектен шығу мүмкін емес, сондықтан әрқайсысы тек мейірімділікке жетелейді. Бұл оқиғалар өзіңе жақсы таныс өмірге ұқсайтыны керемет. Балаларға бұл қызық, олар кітапта және фильмдерде әмбебап халықаралық кейіпкерлерді емес, өзін, өз әлемін көруі керек”, – деді Майя Акишева.

“Мен әңгімені осы жинаққа арнайы жаздым. Каспий жағалауында жүздеген итбалықтың өлгені туралы жаңалықты оқығанда қатты қиналдым. Сол кезде, біз итбалық өмірі туралы көбірек білсек, оны өз қауымдастығымыздың бірі деп көрсек, оларға көбірек қамқорлық танытар ма едік, деген бір ой келді маған. Осылайша мен осы тақырыпты зерттеп, әңгіме жазуды бастадым. Бізге еліміз, жануарлар, тұрмыс-тіршілік, қарапайым өмір туралы жергілікті авторлардың әңгімелері өте қажет. Кітаптан өзімізді таныған кезде ғана, біздің мәдениетімізде бізге орын барын сезінеміз. Балалар әдебиеті балаларға да, ересектерге де қажет, өйткені әрқайсымыздың ішімізде сол бір кішкентай балақай бар”, – дейді Сима Омарқұлова.

Кітап иллюстраторы – балалар кітабы графикасында тәжірибесі мол суретші Дарья Мороз. Оның жұмыстарының стилистикасы әңгімелерге мейірімді көңіл күй сыйлайды, жергілікті мәдениет пен табиғаттың ерекшелігін көрсетеді. Иллюстрациялары фактуралы, егжей-тегжейлі, акварельді суреттерді пайдаланып, цифрлық форматта жасалған. Олар мәтінмен үйлесіп, толықтырып, оқырманға әңгіменің желісіне енуге көмектеседі.

Отынбекова Айша, Алматы қаласындағы №204 мектебінің
11”А” сынып оқушысы.

Жаңалықтар тізбесі

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚ АУМАҒЫ КЕҢЕЙІП, КӘСІПОРЫНДАР КӨБЕЙЕДІ

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Ордабасы ауданына іс-сапары барысында бірқатар кәсіпорынды аралап, жұмысымен танысты. Индустриалды аймақты кеңейту, дамыту жолдарын...

Қастерлі мекен тарихы — жастарға өнеге

  Қазақ халқы ақыл-парасатымен,ерлік істерімен елге ұйытқы болған батыр ұлылардан кенде емес.Соларды бірі Бәйдібек баба. Арма көрермен,эфирде Ғажайып мекен.Біз бүгінгі...

«Әрбір теңге табыс әкелуі тиіс»

Мемлекет басшысының ауылдық аумақтарды дамыту, ауылдың табысы мен тұрмыс сапасын арттыру туралы тапсырмасын іске асыруға бағытталған «Ауыл аманаты» жобасына...

ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДА ҚҰС ЦЕХЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Елімізде инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бағытында көптеген бағдарлама жүзеге асырылып отыр. Соның бірі «Ауыл аманаты» аясында Кентау қаласы, Қарнақ...

Жастар – кәсіптің көзін табуда.

Жастар – кәсіптің көзін табуда. Кәсібің –нәсібің. Шебер де, ісмер жастар аға буын қолөнершілерге қарап бой түзеп келеді. Несібені...

Рухани шаһарда жасыл алаңда Журналистер қауымы бас қосты

  Рухани шаһарда жасыл алаңда Журналистер қауымы бас қосты.  Түркістан қаласының «Құрметті азаматы”, Түркістан газетінің бас редакторы болған Тұрабай Мырзахметовтің...

Жастармен жарқын кездесу

Шымкент қалалық мәслихатының депутаты, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі Байкен Әшірбаев жастармен еркін форматта кездесу өткізіп, олармен тәлім-тәрбиелік тақырыптарға...

Жастарға үлгі болар игілікті іс

Түлкібас ауданында тағы бір рухани іс-шара өтті. Аудан орталығының кіреберісінде «Ұлы дала қырандары» атты аллея ашылды. Шілменбет бабаға арналған...

«Мен бақытты баламын»

1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай «Раян» оңалту орталығының ұйымдастыруымен ауданымыздағы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Мен бақытты баламын»...

Тағы да