Воскресенье, 19 апреля, 2026

Түркістанда кабель және керамика өнімдерін шығаратын зауыттарды инвесторлар салмақ ниетте

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды «Sembol Construction» компаниясының қаржы жөніндегі Атқарушы Кеңесінің мүшесі Октай Горгулмен кездесті. Аталған компания Түркістанға кезекті инвестициясын салып, ауқымды жобаларды жүзеге асырмақ. Атап айтсақ, өңірде кабель және керамикалық өнімдер мен сантехника шығаратын зауыт ашуға ниетті. Облыс әкімі инвестициялық жобаларға әрдайым қолдау көрсетілетінін жеткізді. – Сіздер ұсынып отырған жобалар біз үшін өте маңызды. Инвестиция құямын дейтін компанияларға, азаматтарға қолдау көрсетуге әрқашан дайынбыз. Жобаларды іске асыруға арналған инфрақұрылым бойынша сұраныстарыңызды толық орындаймыз. Арнайы экономикалық аймақтан жер, инфрақұрылым ұсынамыз. Қазақстан-Түркия ынтымақтастығының Түркістан облысының дамуында ерекше маңызы бар екенін атап өткім келеді. Түркістан – қасиетті шаһар. Қасиетті қалада айтылған уәделер, сөздер орындалуы керек. Әріптестігіміз нығайып, жобалар жүзеге асады деп сенемін, – деді Дархан Сатыбалды. Октай Горгул Түркістан қаласын аралап көргенін, серіктестерімен бірге зерттей келе қалаға инвестиция салу жөнінде шешімге келгендерін айтты. – Біз ұсынып отырған екі жоба жүзеге асса, өңір экономикасына оң серпін береді деп ойлаймын. Бірінші жобамыз – кабель шығаратын зауыт. Оның инвестициялық құны – 84 млн. АҚШ доллары. Кабель өнімдері мен түрлері шығарылатын зауытта түркістандықтар жұмыспен қамтылады. Жылына 12 мың тонна өнім шығарамыз деген жоспар бар. Екінші жоба – керамика өнімдері мен сантехника шығаратын зауыт. Зауыттың жылдық қуаттылығы – 6 млн. шаршы метр. Инвестициялық құны – 150 млн. АҚШ доллары. Зауыт салу жұмыстарымен осы салада тәжірибесі бар түркиялық компаниялар айналысады, – деді түркиялық инвестор. Керамикалық өнімдер шығаратын зауытта Италияның құрылғылары орнатылмақ. Соңғы технологиялар қолданылады. Аталған зауыттарда 1000-ға жуық жұмыс орны ашылмақ. Бүгінде Қазақстан кабель мен керамикалық өнімдердің басым бөлігін шетелден импорттайды. Нақтырақ айтсақ, елімізге 150 млн. долларға керамикалық плиткалар, 37 млн. долларға санфаянс, сондай-ақ 236 млн. долларға кабельдер мен сымдар тасымалданған. Бұл зауыттар арқылы отандық өнімнің үлесі артатын болады. Облыс әкімі зауыттарды салу үшін жан-жақты қолдау көрсетілетінін айтты. Түркиялық инвесторларға бұл мәселені тағы да пысықтап, арнайы шарттарды бекітіп, бірлесе жұмыс істеуге шақырды. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жаңалықтар тізбесі

ЕЛІМНІҢ БОЛАШАҒЫНА СЕНЕМІН

Бұл кезектен тыс өткен сайлау еліміз үшін өте маңызды шара деп білемін. Үміткерлер арасында Қасым-Жомарт Кемелұлы жеңіп шықты. Президентімізге...

Балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу. Динара Закиева қабылданған шаралар туралы айтты

Түркістан облысында 5 жасар қызбен және Алматыда 7 жасар қызбен болған екі қайғылы оқиға – жергілікті жерлерде профилактика жүйесінің...

Жасөспірімдер арасында ала доп бәйгесі басталды

Қазығұрт аудандық №4 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде, Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының балалар мен жасөспірімдер спорт...

Телғозиевтер тілмен сөйлемейді, іспен сөйлейді

Жаздың бір күні қыстың мың күніне азық. Аптап ыстықты елемей, бел жазбай, маңдайы терлеп тірлік істеп жатқан шаруалардың дені...

Қазақстанда Аналар және Әкелер күні деген қос мереке пайда болды

Енді елімізде екі мейрам – Аналар және Әкелер күні мерекесі бөлек-бөлек аталып өтеді. Премьер-Министр Әлихан Смайылов тиісті қаулыға қол...

ТҮРКІСТАН: Жетісайда жастар форумы өтті

Бүгінгі күнгі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың, зорлық-зомбылық алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы...

Жастардың кәсіпкерлікті меңгеруі еңбек пен талапта.

"Еңбек деген байлық бар, ерінбеген жететін". Иә, мүмкіндігі молайып,  күн сайын даму  үстіндегі  бүгінгі заманда  бизнеске қадам басып жатқан...

Республикалық «IQanat» олимпиадасынан түркістандық 16 оқушы жүлдемен оралды

Республика бойынша ауыл оқушыларына арналған IQanat олимпиадасы мәресіне жетіп, үздіктер марапатталды. IQanat олимпиадасының негізгі мақсаты – ауыл мектептері оқушыларының...

«NUR OTAN» партиясын жұмыс жасамайды” — деп айтудан алдын партиялықтардың жұмысымен танысқан жөн

«- Қойшы сол «Nur Otan» ба? - Сайлау бітсе біреуіңді таппай қаламыз ғой? - Не бітіріп жүр « Nur Otan»? - Партия...

Тағы да