
Иә, жастық шақтағы уақытты тиімді пайдалану – маңызды іс. Облыс көлемінде көптеген жастар ұйымдары жұмыс атқаруда. Әр өңірдің жастары жақсылық жасауда жарысып –ақ келеді. Оған бір дәлел – сайрамдық жалынды жастарды айтуға болады. Жылы сөз, мейірім жақсылық жасаудың ізгісі. Жүректерге жылу сыйлау мақсатында жастар ұйымы Сайрам балалар үйіне барып, оларға көңіл-күй сыйлады. Жастарға бас болып, «Көркем» әжелер тобы өз өнерлерін ортаға салып, өнегелі әңгімелер айтты. Қайырымдылық – адам жанының нұры. Қайырымдылық — көмекті қажет етушілерге білдірілетін сүйішпеншілік пен нақты көмек болып табылады. Қайырымдылық ізгіліктің анық көрінісі. Қайырымдылық— адамның асыл қасиеттерінің бірі. Кісінің айналасындағы адамдарға деген ықыласы мен көмегін, адамгершілік қарым-қатынастарын білдіреді. Қайырымдылық ұғымының екі қыры бар. Адам өз ұрпағына қайырымдылықты жастайынан үйретіп, адамгершілік қасиеттерге баулуға ұмтылады. Біреуге жақсылық, жан-жануарларға, табиғатқа камқорлық жасау — қайырымдылықтың көрінісі. Рақымды, мейірімді, жан жылуы мол адамды қайырымды адам дейді. Ал ешкімге жаны ашымайтын, жүрегінің жылуы жоқ, қатыгез адамды қайырымсыз деп атайды.та-бабаларымыз ұрпағына мұра етіп қалдырған тілі, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы бар. Олар бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүрген. Ұрпағының білімді болғанын армандаған. Адамға жақсылық жасау, қайырымдылық көрсету – халқымыздың мақтан етерлік дәстүрлерінің бірі. Бұл дәстүр қазақ тіршілігінде түрліше іске асып отырған.
