Воскресенье, 19 апреля, 2026

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭТНОСАРАЛЫҚ ҚАҚТЫҒЫСТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Бүгін Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен Қазығұрт және Ордабасы аудандарында «Этносаралық қақтығыстардың алдын алу жолында оның механизмі мен алгоритмін қалыптастыру» тақырыбында семинар өтті.

Ел бірлігін бекемдеген жиын алдымен Қазығұрт ауданында ұйымдастырылды. Семинарға Түркістан облысы прокурорының орынбасары Саян Келдібеков, Қазығұрт ауданының әкімі Арман Абдуллаев, ҚР ҰҚК Түркістан облыстық департаменті бастығының орынбасары Бахтияр Маметбакиев, Түркістан облысы Полиция Департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Асылхан Төреханов қатысты. Сондай-ақ жиында ҰҚК-нің Түркістан облысы бойынша департаментінің, құқық қорғау органдарының өкілдері, жергілікті атқарушы биліктің идеология бойынша жауапты қызметкерлері, белгілі ғалымдар, сарапшылар болды.

Семинарға модераторлық еткен Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Аңсар Өсербаев басқосудың маңыздылығына тоқталып, күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырды.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында ел бірлігін нығайта түсу қажеттігіне айрықша мән берді. Бұл бағытта құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдарға артылатын сенім жүгі ауыр. Біз бірлесе атқарған жұмыстар арқылы қоғамның татулығы мен бірлігін, қоғамның қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз ете аламыз. Әлеуметтік және этносаралық қақтығыстарды еңсеру, олардың алдын алу мен болдырмау жөніндегі жұмыс біздің қызметіміздің негізгі бағыттарының бірі болып қала береді. Ол сіз бен бізге ортақ міндет деп білемін. Сол үшін де күш салып, бірлесе жұмыс жасауға шақырамын, — деді Аңсар Жаңабайұлы.

Семинарда Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің теология факультетінің деканы ф.ғ.д, профессор Досай Кенжетай, ҚР ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаментінің басқарма басшысы Жанғали Урунбаев, ОҚМПУ-дың «Рухани жаңғыру» және тәрбие бөлімі басшысы, тарих ғылымдарының кандидаты Қайрат Анарбаев баяндама жасады. Баяндамалар оқылып болған соң, ұсыныстар мен пікірлер тыңдалды.

Маңызды семинар Қазығұрттан соң Ордабасы ауданында жалғасты. Онда этносаралық татулықты сақтау, қоғамдық келісімді нығайту, дау-дамайдың алдын алу бағытында келелі ойлар айтылды.

Семинарды қорытындылаған облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы А.Өсербаев өңірдегі этносаралық шиеленістің алдын алуға негізделген іс-шаралар тұрақты түрде жалғасатындығын айтып, бұл бағыттағы жұмыстарды бірлесе атқаруға шақырды.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Жаңалықтар тізбесі

Измирге гастро-туристер де көп барады

Түріктер «Эгей теңізінің інжу-маржаны» атайтын Измир – көрнекті туристік орын. Әсем қалаға гастро-туристер де көп барады. Аймақтағы аспаздық шөптер...

Тұлғалармен жүздесу балаларды шабыттандырады

Сайрам ауданына қарасты Қарабұлақ ауылында орналасқан №101 жалпы орта мектебінде "Төрт тоқсан-төрт өнер" ұлттық мәдени ағартушылық жобасы аясында, биология...

ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚТАРДЫ ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙТІЛЕДІ

Түркістан облысында инвестиция тарту жұмыстары күшейтіледі. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен аппарат отырысында өңірдегі индустриалдық және арнайы экономикалық...

«Халық-Life» АҚ-ы «Bilim-Life» атты жаңа сақтандыру өнімін шығарды

Бүгін «Халық-Life» АҚ мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі (бұдан әрі – МБЖЖ) шеңберінде өмірді сақтандырудың жинақтаушы бағдарламасының аясынданарықта бірінші болып, «Bilim-Life» атты жаңа өнімдішығарды. Бұл өнім...

ТҮРКІСТАН: 72 жастағы ақсақал туған жеріне спорт алаңшасын тарту етті

Отырар ауданында 72 жастағы ақсақал, ел жанашыры Дүйсенбек Божаевтың демеушілігімен балаларға арналған ашық спорт алаңшасы пайдалануға берілді. Іс-шараға аудан...

Cтамбұл «2024 жылы саяхаттауға лайық ең жақсы 50 жер» қатарына енді

Стамбұл Travel + Leisure (T+L) «2024 жылы саяхаттауға болатын ең жақсы 50 орын» тізіміне енді және келесі жылы ұсынылатын...

Бас Прокурор үйлестіру кеңесінің отырысында заңсыздық пен мәдениетсіздікке қарсы бірігуге шақырды

21 қарашада Бас Прокурор Берік Асыловтың төрағалығымен отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы мен қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері жөніндегі...

Станьте свидетелем фантастического путешествия Caretta carettas в Турции

Турция, рай для отдыха на Средиземноморье и родина нетронутых пляжей с золотым песком, бирюзовой водой и ярким солнцем, приветствует...

Түркістанда қасиетті су шығарыла бастады

Ерте заманнан бері Түркістан өңірі өзінің қасиетті жерлерімен саяхатшылардың назарын аудартты. Жергілікті су көздерінің емдік, шипалық қасиеті бар деп...

Тағы да