Понедельник, 20 апреля, 2026

Жастарды мемлекеттік әлеуметтік қорғау жұйесі мемлекеттік жастар саясатының бір бөлігі

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Әлеуметтік  қорғау ұғымы халықтың барлық категориясына соның ішінде еңбекке қабілетті бөлігіне де тән және әлеуметтік саясат облысында кең қолданылатын ұғым болып табылады. Әлеуметтік қорғау – халыққа құқықтық, экономикалық. әлеуметтік және әлеуметтік – психологиялық кепілдіктер беру,  еңбекке қабілетті азаматтарға жеке кәсіпкершілікпен айналысуы үшін, экономикалық тәуелсіз болуы үшін, тұрмыс деңгейін жақсартуы үшін өз еңбегінің қорының есебінен жағдай туғызу функцияларын орындайды. Сондай – ақ мемлекет жастар, бала, әйелдер сияқты әлеуметтік демографиялық топтарға заңда кепілдіктер жүйесін бекіткен.

    Елімізде  әлеуметтік қорғау жүйесі территориалды  экономикалық белгілеріне қарай 3 деңгейге бөлінеді:

  1. жалпы мемлекеттік
  2. аймақтық
  3. бастапқы шаруашылық звеносы

    Республикалық деңгейде әлеуметтік кепілдіктермен қамтамасыз ету, бақылау қоғамның барлық мұшелеріне көрсетіледі. Ал аймақтық деңгейде әлеуметтік қорғау жүйесі  аймақтық мәдени — әлеуметтік, демографиялық ерекшеліктерді еске ала отырып жүргізілсе, бастапқы шаруашылық звеносы деңгейінде әлеуметтік қорғау азамат жұмыс істейтін мекеме орны қосымша кепілдіктер мен жеңілдіктер беруі арқылы жүзеге асады.

    Жастарды мемлекеттік әлеуметтік қорғау жұйесі мемлекеттік жастар саясатының бір бөлігі, қоғамның әлеуметтік қорғау жүйесінің элементі болып табылады.

    Жастарды әлеуметтік қорғау жүйесі – жас адамның маңызды әлеуметтік құқықтарын сақтауға, құқықтық, экономикалық кепілдіктермен қамтамасыз етуге бағытталған.

    Бүтіндей  жастардың әлеуметік қорғалуы 4 бағытта  қарастырылады:

    1 – бағыт: жас адамның жеке  тұлға ретінде дамуы мен қалыптасу процесін әлеуметтік қорғау.

    Бұл кезде жеке тұлға баяу, біртін –  біртін критикалық деңгей арқылы дамитынын  естен шыармаған жөн. Себебі, осы  өтпелі кезеңде қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаның бойында сенімсіздік  және сыртқы әсерлерге сезімталдық басым болады.

    Сондықтан да жеке тұлғаның даму процесін әлеуметтік қорғау дамудың әрбір этапында жағдай туғызуға бағытталған.

    2 – бағыт: жас адамның жеке тұлға ретінде даму мен қалыптасу ортасын әлеуметтік қорғау.

    Бұл бағыт шеңберінде қоршаған ортаның экологиялық элементтерінен бастап әлеуметтік, экономикалық адамгершілік мәселелеріне дейін назар аударылады.

    3 – бағыт: жастардың құқығын  қорғау.

    Мемлекеттік институттардың әрекетінің бұл бағыты жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасу процесі және оған әсер ететін ортаны реттеу сондай – ақ құқықпен қамтамасыз етуге бағытталған.

    4 – бағыт: жастарды мақсатты  түрде әлеуметтік қорғау.

    Осы бағыт шеңберінде 2 ерекшелікті қарастыра  кеткен жөн:

  1. Мақсатты көмек нақты міндеттерді шешу үшін жастармен жұмыс істейтін әлеуметтік институттар мен ұйымдарға, жастарға, жас отбасыларына көмек.
  2. Кедейшілікте өмір сүріп жатқан, біреудің көмегіне зәру жастарға тұрақты көмек.

    Міне  осы бағыт бүгінгі таңда маңызды  орында тұр.

    Жастарды  әлеуметтік қорғаудың  түрлі мемлекеттік  мекемелер бар. Жастарды еңбекке орналастыру, бос уақытын ұйымдастыруға, жәрдем ақы алуға көмектесу шаралары қолданады. Бұл жастарды ұйымдастыру үшін жастар қызметі бар. Себебі қоғамның белсенді бөлігінің барысында индивидуалды әлеуметтік жұмысты қажет ететін қабат және топ күннен – күнге өсуі алаңдатуда. Жастармен әлеуметтік жұмыстың жүргізілуіне сан қилы қиындықтар қатарына материалдық ресурстардың шектеулігі, мәдени — әлеуметтік тұрмыстың күшті сферасының құлдырауы қосылды.

Жаңалықтар тізбесі

Кәсіби асырап алушы отбасылар: қалай болады

Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин құрамына кірген Қазақстан делегациясының Чехияға 5 күндік сапары аяқталды. Жеті адамнан...

Жастар саясатының игілігі мол.

Ел болашағының негізгі тірегінің бірі және бастысы болса, ол жастар екені күмәнсіз. Сондықтан жастар мәселесі әр кез жүйелеп отыруға...

Тарихи мұраға бай…

Өзбекстан қалаларының қайсысын алып қарасаңыз да айырықша бір үйлесім, үндестік бар сынды. Ол ең алдымен тарихи мұраға байлығы. Екіншіден...

БӘЙДІБЕК: Аудан прокуроры Алғабас ауылдық округіндегі білім беру мекемелерінде оқушылармен кездесті

Бекітілген кестеге сәйкес аудан прокуроры Мәди Байтелиев Алғабас ауылдық округіндегі Тұрмыс-1, Ғ.Мұратбаев атындағы мектептерде болып, ұстаздар және оқушылармен кездесті....

2023 ЖЫЛЫ БӘЙДІБЕК ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ 82 ПАЙЫЗЫ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Түркістан облысы, Бәйдібек ауданында газдандыру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда аудан аумағындағы 17 елді мекен табиғи газды тұтынуда....

ДЕПУТАТТАР САЙЛАУЫН ӨТКІЗУДЕГІ НЕГІЗГІ МАҚСАТ – ХАЛЫҚҚА ЖАҚЫН БОЛУ

Ағымдағы жылдың 19 наурызы еліміздің даму жолындағы маңызды даталардың бірі болмақ. Мемлекет Басшысы тарапынан өткен жылы қолға алынған конституциялық...

Түркістан облысында бірнеше инвестициялық жоба жүзеге аспақ.

 ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды «ҚазАзот» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Бахаридин Аблазимовпен кездесіп, бірқатар...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ҚЫТАЙДА ИНВЕСТОРЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Түркістан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы бастаған, құрамында Сайрам, Сауран, Отырар, Қазығұрт, Ордабасы аудандары және Кентау қаласының әкімдері, сонымен...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА СУ ТАСҚЫНЫНАН ҚАУІП СЕЙІЛДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА СУ ТАСҚЫНЫНАН ҚАУІП СЕЙІЛДІ Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Бақытжан...

Тағы да