
Жастар тарихын біліп, танып өссе ұлттық рухымыз жоғалмайды. Тарихтан өнеге көп. Біздің бүгінгі тақырып — Қожа Ахмет Ясауидің анасы Қарашаш ана жайында болмақ. Қарашаш ана кесенесі – ХІХ ғасыр сәулетінің тарихи ескерткіші. Сайрам ауданы Сайрам ауылындағы ескі зират аумағының негізгі екі көшесі қиылысына жақын жерде орналасқан. Кесене ұлы уағызшы-сопы Қожа Ахмет Яссауидің анасына арнап салынған. Яссауидің анасы Қарашаш ананың шын есімі – Айша бибі. Ол текті адам, Сайрамдағы танымал Мұса шейхының қызы болған. ХI ғасырда бұл өңірде ғылым, мәдениет және өнер қарқынды дамыды. Қарашаш өз уақытының ең білімді, сауатты және көрегенді әйелдерінің бірі болды. Байлығына қарамастан оны мақтан тұтпайтын және менменшіл болған емес. Ол барлық науқастар мен мұқтаж адамдарға қол ұшын беруге тырысты. Аңыздар бойынша Қарашаш сырқатты емдеп, түс жори алатын. Осының арқасында ол өңірдегі тұрғындар арасында кең танымалдыққа ие болды. Қарашаш бала тәрбиесіне көп көңіл бөлді, адамдар санасында ол аналықтың биік арманына айналды. Қарашаш ана кесенесі – порталды-күмбезді құрылыс. Құрылыстың бұндай типі кейінгі ортағасыр дәуірінде Оңтүстік Қазақстан аумағында кең таралған. Бастапқыда ХІІІ ғасырда салынып, кейіннен уақыт және табиғи жағдайлардың ықпалымен әлденеше рет қирап, қайтадан тұрғызылды. Қазіргі кесене ХІХ ғасырдың ортасында салынды. Ол 27 х 27 х 5 см мөлшерлі төртбұрышты күйдірілген кірпіштен қаланған. Сондай-ақ, құрылыс барысында ағаш пен саз қолданылды. Кесене сапалы материалдардан және ерекше ұқыптылықпен тұрғызылды. Екі ғасыр ширегінде ескерткіш бұзылған жоқ. Құрылыста қолданылған ағаш бөлшектер және ағаштан ойылған ою-өрнек те шірімеді. Кесененің өлшемі 6,3 х 6,3 метр.
Аңыздар бойынша Қарашаш ана сырқатты емдеп, түс жори алатын. Осының арқасында ел арасында кең танымалдыққа ие болды. Қарашаш ана бала тәрбиесіне көп көңіл бөлді. Қарашаш ана сол заманда ел арасында нағыз ананың идеалына айналған. Сондықтан оны бүкіл түркі әлемі ардақ тұтқан. Ислам дінінің негіздерін, Құранды жатқа біліп, оны жұрт арасында тарата білген. Айшаның иманды да әдепті, кісілікті мінез-құлқына байланысты жұрт құрметтеп, «Қарашаш ана» деп атап кеткен. Жиренше шешен туралы қазақ аңыздарында оның зайыбының есімі де Қарашаш. Қарашаш көркіне ақылы сай, әйел затының сұлтаны, алтын көрсе жолдан таймайтын, патша қызықса да ерін сатпаған, құдай қосқан күйеуіне адал нағыз асыл жар болып сипатталады. Қарашаш ана ұлы Ахметті Отырардағы ұлы діни мистик, Мұхаммед Пайғамбардың (с.ғ.с.) ізбасары Арыстанбабқа тәрбиелеуге жібергеннен кейін қайтыс болады. Аңызға сәйкес, оның Сайрамдағы зиратының басына салынған күмбезде бір тал қара шашы ілулі тұрған көрінеді. Кейін шаш жойылып кеткен екен.
