Понедельник, 20 апреля, 2026

Қастерлі мекеннің әрбірінен жастарға алар өнеге мол.

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

«Түркістанда Түмен баб, Сайрамда бар сансыз баб, Отырарда отыз баб»Түркістан облысы мен Шымкент қаласы сокральді орындар мен  киелі жерлерге бай ғажайып мекен. Өңірдетарихи-мәдени маңызы бар ескерткіштер, киелі орындар мен кесенелер де жетерлік. Сонымен қатар табиғаты тамаша көрікті жерлер мен аңыз ретінде танылған киелі орындары бар ҒАЖАЙЫП МЕКЕН.Тарих қойнауына алтын әріптермен енген қасиетті жерлер мен тарихи орындар жайында тың деректер бөлісіп,тарихынан сыр шерту біздің бағдарламамыздың басты мақсаты. Арма көрермен эфирде ғажайып мекен.

Оңтүстік —  тарихынан талай сырды шертетін киелі жерлер мен құпиясы көп ғажайып мекендердің ордасы Бәйдібек ауданынының топырағына табан тіреді. Бүгінгі бағдарламамызда дәл осы ауданның халыққа етене таныс көне мекендерінің бірінің тарихынан тереңірек сыр шертетін боламыз. Ендеше бізбен бірге болыңыздар арнадан алыстамаңыздар.

Бүгінгі тақырып Ақ мешіт әулие үңгірі жайында болмақ.   Ақмешіт әулие үңгірі Шымкент қаласынан 70-80 шақырым қашықтықта орналасқан. Бұл ғажайып мекеннің табиғаты тым бөлек.Келген адамның жанын ерекше күйге бөлейтін тылсым қасиеті де бар. Мұнда келген адамдардың мақсаты мен ниеті сан түрлі. Бірі турист ретінде тарихы мен табиғатын зерттеп келсе енді бірі ұрпақ сұрап,дертіне дауа тілеп келіп зияратшы ретінде келеді.

Үңгірге жету үшін Көлікті тұраққа қалдырып, баспалдақтармен жаяу өрлеп келеміз.Үңгірге барар жолда мынадай үйілген тастар байқасаңыздар неге бұлай жиналған деген сұрақ туынадауы мүмкін. Бұл тастарды осында келген адамдар өз арманын айтып ниет етіп жиып кетедіекен. Ерсілі-қарсылы ағылған адам. Бірі үңгірді тамашалап қайтып бара жатса, енді бірі біз секілді аралауға бара жатыр. Ақмешіт 250 метр биіктікте таудың сілемінде орна­ласқан. Мына темір баспалдақтар арқылы ақырындап аяқ басып келеміз. Үңгірдің іші күмбез іспеттес. Ені 60-80, ұзындығы 120 метр. Іші қоңыр салқын. Далада +35, +40 градус ыстық болса да, іште +18-20 градустан бір өзгермейді дейді. Әктасты жыныстар қабатында пайда болған ойық жарқабақ үңгір. Ұзындығы 254, ені 65, биіктігі 25 м.Жарқабақ саңылауларынан мезгіл-мезгіл су тамып тұрады. Ішінен қарағанда ернеуі киіз үйдің шаңырағы секілді көрінеді.

Ақ мешіт әулие үңгірі туралы ел аузында түрлі аңыз бар. Ел арасында бір кездері үйңгірде бір әулие әулетімен киіз үй тігіп, сатымен шығып-түсіп жүрген деген де аңыз айтылады.  Ал келесі аңыз бойынша Ақ мешіт әулие үңгірінің атауы былай шыққан көрінеді. Есіркеп Қойгелді батырға қатысты айтылған аңыз. Батыр қалмаққа қарсы жорыққа шығарда кенеттен нөсер жауып кетеді. Он мыңнан астам сарбаз пана іздеп, осы үңгірге түседі де, таңғы намазға жығылыпты. Атауы жоқ үңгірді жауынгерлердің бірі батырдың есімімен атауға ұсыныс тастайды. Алайда Есіркеп Қойгелді батыр бұл ұсынысқа үзілді-кесілді қарсылық танытады.

«Бұл Қаратаудың қасиеті дарыған таудың етегі. Бізді және астымыздағы аттарымызды жаңбырдан қорғап қалды. Сәждеге жығылып, намаз оқуымызға мүмкіндік берді. Үңгір ішіндегі тастары да ақ ұлпадай әппақ, керемет әсер қалдырады. Мұның қасиеттілігі сол шығар, сондықтан оны «Ақмешіт» деп атайық» депті.

Үңгір бұдан да үлкен болған екен, 1966 жылы Ташкентте болған қатты жер сілкінісінің әсерінен үңгірдің бір бөлігі опырылып, 120 метрге қысқарып, шөгіп кеткен екен.

Ақмешіт – адам ағзасына оң әсер етеді. Қара энергетикадан тазартады.Ақмешіт үңгі­рінің күмбез шаңырақты құры­лымы адам ағзасына оң әсер етіп, келеңсіз ауру-сырқаудан арылтады. Ақмешітке кіргендердің бәрінің биоөрісі қалыпты жағдайға түсіп, иммундық күш-қуаты көтеріледі.Ақмешіттің қасиетті жер екенін биолокациялық зерттеулер де дәлелдейді. Үңгірдің ішінде қазіргі зерттеушілер адам ағзасына зиян келтіретін белгілерді таба алмады, керісінше, үңгір барлық негативтерді өзіне тартып алып, адамдарды жамандықтан тазартады.

Ақмешіт үңгірі Қазақстандағы ең жұмбақ жерлердің бірі болып саналады. Ол Шымкенттен 80 шақырым жерде орналасқан, бірақ әлемнің түкпір-түкпірінен келген ғалымдар мен туристерді қызықтырмай қоймайды.

Үңгір қай кезде пайда болғанын ешкім дөп басып айта алмайды. Миллиондаған жылдар бойы ол жабық болған, жер бетімен байланысы болмаған. Тек ХХ ғасырда ғана үстіңгі бөлігі құлап, қазіргі адамдардың ішіне кіруіне мүмкіндік туған.

Тек үңгірді сыртқы әлемнен бөліп тұрған кішкене тесік бар. Бірақ үңгірдің ішіндегі және сыртындағы әлемнің айырмашылығы өте зор! Сыртында бірде-бір ағаш жоқ, ал іші жасыл оазис! Мұнда тұт пен қарағай ағаштары өскен.

Бұл шөлді аймақта судың қайдан шыққанын ешкім білмейді. Көп адамдар сылдыраған судан бір тамшы болсын, ұстап алуға тырысады.Егер сіз үңгірдің дәл ортасында тұрып, тілек тілеп, сол кезде сіздің басыңызға бір тамшы су ағып түссе, онда сіздің тілегіңіз міндетті түрде орындалады деген де сенім бар екен. Алайда, тамшы түспесе де — маңызды емес.

Бұл үңгірден Отырардағы Арыстан баб,Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне,Маңғыстаудағы Пір Бекет ата кесенесіне апаратын жер асты жолы болған деседі.Үңгір жайында аңыз-әпсана жетіп артылады.Бұл да сол соның бірі.

Бір аңыз бойынша, осы үңгірде үлкен және зұлым айдаһар көптеген жылдар бойы өмір сүргені туралы айталады. Ол жергілікті тұрғындарға кесірін тигізіп, олардың малдарын жалмады. Айдаһар ұшып бара жатып, қойманың бір бөлігін қанаттарымен қағып құлатқан екен. Оның жойқын әрекеттеріне Сүлеймен пайғамбар тосқауыл қойып,шынжырлаған екен.

 

 

Жаңалықтар тізбесі

ТҮРКІСТАН: Бокстан қыздар арасында II халықаралық «Шардара кубогы» өтті

Шардара қаласында бокстан 2005-2006 жылы туған жастар және 2007-2008 жылы туылған жасөспірім қыздар арасында ІІ-халықаралық «Шардара кубогы» жарысы өтті. Байрақты...

Президент сайлауына үгіт-насихат жұмыстары басталды

      Президент сайлауы: үгіт-насихат жұмыстары басталды. Қазақстанда Президент сайлауына кандидаттарды тіркеу аяқталып, кезектен тыс президенттік сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстары кеше...

ЖУРНАЛИСТЕРГЕ АРНАЛҒАН АҒЫЛШЫН ТІЛІ КУРСЫ

Журналистерге арналған кәсіби ағылшын тілін оқыту бағдарламасына қабылдау! Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің атынан «Next Level English» журналистерге арналған кәсіби ағылшын тілін...

«IŞIKLAR HOLDING» БАСШЫЛАРЫМЕН ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА ЗАУЫТ АШУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Түркияның «Işiklar Holding» компаниясы Түркістанда ірі өндіріс орнын ашуға ниетті. Бүгін Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды аталған компания басшыларымен...

Алматыда онкология және радиология орталығы ашық есік күндерін өткізеді

Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарының назарына! 2021 жылдың 20 және 27 қарашасында (сенбі күндері) Қазақ онкология және радиология ҒЗИ-да 09:00-ден...

Есірткі-қоғам дерті!

Бүгінде қоғамымыздың дертіне айналып отырған есірткі адамдардың өміріне зиянын келтіріп, көп отбасының шаңырағын шайқауда. Есірткіге тәуелділік тек ересек жандарды...

ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚТАРДЫ ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙТІЛЕДІ

Түркістан облысында инвестиция тарту жұмыстары күшейтіледі. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен аппарат отырысында өңірдегі индустриалдық және арнайы экономикалық...

Балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу. Динара Закиева қабылданған шаралар туралы айтты

Түркістан облысында 5 жасар қызбен және Алматыда 7 жасар қызбен болған екі қайғылы оқиға – жергілікті жерлерде профилактика жүйесінің...

Бала күтіміне төленетін жәрдемақы мерзімін 3 жылға дейін ұзартуды ұсынды

Мәжіліс депутаты бала күтіміне байланысты төленетін жәрдемақы мерзімін 3 жылға дейін ұзартуды ұсынды. Мәжіліс депутаты Қайрат Балабиев толық емес отбасылар...

Тағы да