Понедельник, 20 апреля, 2026

Түркістан облысының Қақпақ ауылында қайырымдылық спорт залы ашылды

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

 

 Түркістан облысының Қазығұрт ауданы Қақпақ ауылында балаларға арналған қайырымдылық спорт залы ашылды. «Қазақстан халқына» қорының жобасы аясында ауыл балалары спорт секцияларына тегін қатыса алады.

Жаңа спорт зал жергілікті мектеп аумағында ашылды. Зал бөлмесі мектеп балансында. Осыған дейін ауыл балалары күрес үйірмесіне барғанымен, тұрақты жаттығулар өткізу үшін қажетті жағдай жасалмаған еді. Сондықтан тұрғындар, әсіресе, балалар жаңа залдың ашылуын асыға күтті.

«Қазақстан халқына» қоры «Батыр боламын» ҚҚ-мен бірлесіп жүзеге асырып жатқан жобаны естіп, ауыл азаматтары болашақ зал ашылатын ғимаратты өз күштерімен жөндеуден өткізді.

«Қазақстан халқына» қорының қолдауымен үй-жай қажетті заманауи жабдықтармен, спорттық мүкәммалмен және жаттығуға арналған құрал-жабдықтармен жарақтандырылды. Жаңа спорт залда 80 бала еркін күреспен айналысуды бастап кетсе, бокс секциясына қабылдау басталды.

«Біз залдың ашылуын асыға күттік. Апта сайын жаттығамыз. Бәрімізге қатты ұнайды. Қаладағыдай залдардай өте кең және заманауи. Осындай спорт залды ашқан ағаларымызға рақмет!», –  дейді секцияға қатысушылардың бірі Досжан Азамат.

Қақпақ ауылындағы зал «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының «Батыр боламын» қорымен серіктестікте «24 балалар спорт залы» қайырымдылық жобасы аясында ашқан тоғызыншы спорт зал.

«Ауыл тұрғындары үшін балаларға арналған тегін залдың ашылуы нағыз мерекеге айналады. Осындай зор, әрі игі істің бір бөлігі болғанымызға қуаныштымыз. Секцияда балалар денсаулықтарын нығайтып қана қоймай, достықтың, өзара көмектің, жаттықтырушылар мен бірге қатысып жатқан балалардың қолдауының құндылығын сезінеді деп сенеміз», – деп атап өтті «Батыр боламын!» қорының вице-президенті Ернұр Сабыкенұлы.

Еске салсақ, «Қазақстан халқына» қоры бастамашылық еткен «24 балалар спорт залы» қайырымдылық жобасы еліміздің шалғайдағы елді мекендерінде немесе спортқа қолжетімділік деңгейі төмен ауылдық жерлерде балалар спортының қолжетімділігін арттыруға, сондай-ақ балаларды адамгершілікке тәрбиелеуге бағытталған. Жобаның мақсатты аудиториясы – аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан 5 жастан 18 жасқа дейінгі балалар, сондай-ақ даму ерекшелігі (инклюзивтілігі) бар балалар.

24 залды ашуға Қор 183 623 000 теңге бөлді. Бүгінгі таңда еліміз бойынша тоғыз зал ашылған және жұмыс істейді: Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Тасты кенті; Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Ават кенті; Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу кенті; Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ақжігіт кенті; Жетісу облысы, Сарқан ауданы, Черкасск кенті; Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Изенді кенті; Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Қазақстан ауылы; Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Қақпақ ауылы.

 

Жаңалықтар тізбесі

“NUR OTAN” партиясы өз уәдесіне берік

Көктем айында осы аймақтың тұрғындарымен кездескенбіз, сонда тұрғындар тарапынан біршама мәселелер айтылып, партия тарапынан тиісті мекемелерге жеткізетінімізді ескерткенбіз. «Nur...

Сайрам ауданында  жылу қазандықтары шығарылып жатыр

Қазақстанда жылу қазандықтарын шығаратын 18 компания бар. Соның үшеуі Түркістан облысында. Әрине бұл өте аз, халыққа қажетті толықтай қамтамасыз...

ТҮРКІСТАН: САУРАНДА БАТЫР АНАЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

Республика күніне орай Сауран ауданында ақ жаулықты 20 батыр ана марапатталды. Оның 6-ауы «Алтын алқа», 14-і «Күміс алқа» иегері....

Қазақстанда адам саудасына мигранттар ұшырайды

Елдің ресми статистикасы халықаралық есептерден анағұрлым алшақ. Шындығында, 2018 жылы Қазақстанда қазіргі заманғы құлдықта 75 мың адам болған. Орталық Азия...

ШЫМКЕНТ – ҚАУІПСІЗ ҚАЛА БОЛУЫ КЕРЕК

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қалалық Полиция департаментінің бастығын қабылдап, саладағы өзекті мәселелерді талқылады. Департамент бастығы полиция генерал-майоры Ералы Жумаханбетов...

ТҮРКІСТАН: Солтүстікке көштің ауқымы ұлғайып жатыр

«Қуатты өңірлер - ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында таяуда Түркістан облысының 50-ге жуық тұрғыны Солтүстік Қазақстан облысына сапарға...

Аудан орталығынан кіші футбол алаңшасы мен балалар ойын алаңы ашылды

Бүгін Шолаққорған ауылындағы С. Абуов көшесінің бойынан тұрғындар сұранысына орай «Katco» қазақ-француз біріккен кәсіпорны» демеушілігімен салынған кіші футбол алаңы...

Балаларға арналған бүкіл мемлекеттік мекемелер тексеріледі

«Премьер-министрдің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова орталық және жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен Бала құқықтары...

Начальник ДП Туркестанской области проверил безопасность школ и встретился со школьниками

В соответствии с поручением Министра МВД РК Ержана Саденова, начальник Департамента полиции Туркестанской области Мурат Кабденов начал рабочую неделю...

Тағы да