
Түлкібаста RC Сola және қош иісі бар түрлі сусындар шығарылмақ. Табиғаты таңғажайып өңірде туризм саласы да қарқынды қанат жаймақ.Ал, Алматының Апортынан кем түспейтін алмасы ұлттық брендтің бірі болмақ. Ауданға жұмыс сапарымен барған Түркістан облысының әкімі аумақтағы бірқатар кәсіпорынды аралады, алда жүзеге асатын жобалармен танысты. Сапар аясында Дархан Сатыбалды елмен бетпе-бет жүздесіп, халықтың көкейінде жүрген сауалдарға жауап берді.
RC Сola. Әлемге әйгілі брендтің бірі. Енді бұйыртса сусынның бұл түрі Түлкібаста шығарылатын болады. Оны «BEIBARYS BOTTLERS» ЖШС қолға алыпты. Кәсіпорын көпдеген қош иісі бар сусындармен қатар балалар суын да шығармақ. Нысанның құрылысы шілдеде басталыпты. Жалпы құны 7 млр. 600 млн. теңге. Қауттылығы жылына 85 миллион литр су шығара алады. Нысан 2024 жылы пайдалануға берілмек. Іске қосылған жағдайда 100-ге жуық адамға жаңа жұмыс орны ашылады, деп күтілуде.
Табиғаты таңғажайып аймақта ауыл шаруашылығы, оның ішінде тамшылатып суғару әдісін қолдана отырып іске асырылып жатқан қарқынды бау шаруашылығы ерекше дамып келеді. Бүгінгі таңда ауданда 32 мыңнан астам гектар алма бау болса. Соның 500 гектары қарқынды бау. Солардың қатарында қарқынды баудың жемісін көріп отырған шаруашылықтардың бірі «Кен-Тау» ЖШС де бар.Бүгінгі таңда аталған шаруашылықтың 210 гектар қарқынды алма бауы бар. Алманы сақтайтын 2 мың 250 тоннаға шақталған заманауи қоймамен қамтылған. Кәсіпкерлермен жүздескен облыс әкімі қандай қолдау болса да көрсетуге дайын екенін жеткізді. Сонымен бірге облыс басшысына мемлекеттік қайтарымсыз грант алып кәсібін ашқан азаматтар мен тауар өндірушілердің көрмесі таныстырылды.
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Түлкібас ауданына жұмыс сапары барысында елмен бетпе-бет жүздесіп, өзекті мәселелерді тыңдады.Биыл Еңбекші және Майлыкент ауылдарында жаңа мектептер пайдалануға беріледі. «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 11 елді мекенде 32 жоба іске асырылуда екен. Түлкібастықтар тарапынан инфрақұрылым, ауыл шаруашылығына субсидия беру, үй салуға жер беру және өзге де мәселелері көтерілді. Облыс әкімі әрбір сұраққа жеке тоқталып, нақты жауап берді. Жауапты басшыларға мәселелерді назарға алуды тапсырды.
Түлкібас ауданында жыл басынан бері бизнес идеяларды жүзеге асыру бойынша 66 азамат қайтарымсыз грантқа қол жеткізіп отыр. Дархан Сатыбалды жеке инвестициялар мен бизнес идеялар арқылы жұмыс орындарын көбейтуді тапсырды. Әсіресе шағын және орта кәсіпкерлікке, жаңа кәсіпорындар ашуға басымдық беру керектігін айтты.
