Воскресенье, 19 апреля, 2026

Қайырымдылық — Қайырлы іс

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

 

Қайырымдылық — халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жанашырлыққа — жаны риза» дегендей, жетім, қамқорлыққа алынған балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске атсалысу — әрбір адамның азаматтық парызы.«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің», – дейді қазақ. Иә, жоқ-жітікке қарасу, жылағанды жұбату, сүрінгенді сүйеу, мұқтаждардың талған өзегіне талғажау табу – халқымыздың бойында ежелден қалыптасқан қасиет. Адам бар жерде тұрмыстық түйткілдердің тумауы мүмкін емес.
Ата-бабамыз осындай қысқа жіп күрмеуге келмейтін қысылтаяң шақтарда ауызбіршілікті, адалдықты, ынтымақты ту етіп көтерген. Әсіресе, көптің мәселесін қара бастың қамынан жоғары қойған. «Бір үй аш болса, бір ауыл аш, бір ауыл аш болса, бүкіл ел аш» деген қағиданы берік ұстанып, адам тағдыры ұлыс тағдырымен тығыз байланысты екенін қапысыз таныған. «Қыран жемін шашып жейді, құзғын жемін басып жейді» деген мақалдың мәніне терең бойлап, жалғыз өзі тойғанша жұртпен бірге қиналуды жөн көрген.
Мысалы, баяғыда қазақтың байлары жан-жағының жағдайын ойлап отыратын менеджер іспетті болған. Олар мал-дүниесімен ғана емес, ақыл-парасатымен, жомарттығымен, сақилығымен де сый-құрметке бөленген. «Жемесең де май жақсы, бермесе де бай жақсы» деген қазақ бір ауыз сөзбен-ақ ауқатты адамның қоғамдағы рөлін анықтаған. Себебі халқымыз ырыс-несібені Алла Тағаланікі деп білген. Сондықтан байлар да Құдайдың сүйікті құлы атану үшін туған-туыс, малшы-жалшысына қол ұшын созып, барынша көмектесуге тырысқан. Бұл көбіне-көп рулық қатынастардың негізінде орын алды. Осылай үйлесімді өмір сүргендіктен, қазақ қоғамында құл деген болмаған. Байдың малын баққандар оны өз малым деп есептеген. Өйткені ертең өз басына күн туса, байдың шарапаты тиетінін кәміл түсінген. Ал сараң байдың қашан да халық арасында қадірі қашқан. Ондайларды «сасық бай» деп атаған. Тіпті, ауыл-ауылды аралап жүретін сал-серілер де шықберместердің үйіне аттап баспаған. Атақты Ақтамберді жыраудың «Қайырлы болса баяжан, айдын шалқар көлмен тең, қайырсыз болса жаман бай, тартылып қалған шөлмен тең» дейтіні де сол.

Байларға деген көзқарасты Кеңес өкіметі өзгертті. Қарынбай, Шығайбай сынды ілуде бір кездесетін жағымсыз образдарға баса назар аударған «қызылдар» дәулетті жандардың бір ауылды, бір рулы қауымды асырағанын қасақана ескермеді.

Амал қанша, қайырымдылық сынды қайырлы қасиет бәріне бірдей тән емес. «Қазіргі заманда оның қажеті жоқ» деген пікірлерді де кейде естіп қаламыз. Алайда олай дейтіндер қатты қателеседі. Мейірімді, бауырмал, көмекке дайын тұратын альтруист адамдар кез-келген қоғамның негізгі тірегі саналады. Өзіңіз ойлаңызшы, еліміз кілең енжар, өзімшіл азаматтардан құралса, қайтер едіңіз? Мұндай ортада өмір сүргіңіз келер ме еді? Әлбетте, жоқ дейсіз. Рас, «табиғатта тек мықтылар тірі қалады» дейтін заң бар. Бірақ адам саналы тіршілік иесі ғой. Homo sapiens-тің хайуаннан айырмасы жақынына жанашырлығымен өлшенеді. Бір данышпан: «Өркениетті қоғамды оның балалар мен қарттарға, яғни қорғансыз жандарға деген қарым-қатынасына қарап бағалауға болады» депті. Келіспеске амал жоқ. Әлсіздерге, кедейлерге жәрдемдескен адам өзінің адамгершілігін айғақтайды. Біреудің қайғысына ортақтасу арқылы өз өміріне басқаша қарай бастайды, құндылықтарын қайта зерделейді. Кезінде маңызды көрінген, көңілге маза бермеген мәселелердің түкке тұрғысыз екенін түйсінеді. Қайырымдылық жүректі нұрландырады, өмірге мән дарытады.
Аға буынның есінде шығар, КСРО дәуірінде «Ерлік жасауға әрдайым жағдай табылады» деген ұран болатын. Біз осы ұранның мағынасын сәл-пәл өзгертіп: «Өмірде жақсылық жасауға әрдайым жағдай табылады» дер едік. Себебі айналаға көз салсақ, көмекке мұқтаж адамды оңай кездестіреміз. Қарт көршіміз, жалғызбасты ана, бәле-жалаға ұшыраған досымыз, танысымыз, тағысын тағылар…
«Адам – әлеуметтік жаратылыс» деп тұжырымдайды ғалымдар. Ағылшын ақыны Джон Донн: «Бір де бір адам жеке арал емес, ол – құрлықтың бір бөлігі, үлкеннің бір бөлшегі» дейді. Дамыған әлемдегі бір тамаша дәстүр кәсіпкерлердің қайырымдылық қорын құрып, туған халқынан бастап атасы басқа адамзаттың баласына дейін көмектесуі. Жасыратыны жоқ, бұдан бұрынғы жылдары кейбір қазақ байлары қайырымдылық дейтін қастерлі ұғымды арзан атақ шығарудың құралына айналдырды. Ата-бабасына ас берді, тас орнатты, айтыс өткізіп, ат шаптырды, мансап қуды. Дегенмен кейінгі кезде әрқилы жобалар мен акцияларды қолдап, қайырымдылықты мақсат тұтқан жомарт кісілердің көбейгені байқалады. Апат болған орындарға қомақты ақша атау, айықпас дертке шалдыққан балаға жылу жинау секілді дағдылар – шын мәніндегі ізгіліктің, биік мәдениеттің белгісі. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші, оларға ақпараттық қолдау білдіріп, әрбір әрекетін үлгі ретінде насихаттау керек.
Қайбір жылы ғалымдар түрлі мемлекет тұрғындарына «Танымайтын адамдарға қаншалықты көмектесесіз?», «Қайырымдылық қорларына ақша аударасыз ба?», «Еріктілер жұмысына қатысасыз ба?» деген сұрақ қойып, зерттеу жүргізді. Charities Aid Foundation деп аталатын британдық ұйым Дүниежүзілік қайырымдылық индексін жасап, Қазақстанды 78-орынға қойыпты. Бірақ сауалнама нәтижесі менің көңіліме қонбады. Бір күдік жаныма жай таптырмады. Неге десеңіз, жаңағы зерттеуде екінші орын рохинджа мұсылмандарын басып жаншыған Мьянмаға бұйырыпты. Ал мәдениеті мен менталитеті бізге ұқсайтын Өзбекстан 25-орынға орныққан. Меніңше, зерттеушілер қазақтардың әлеуметтік желі арқылы жылу жинайтынын, банк картасына ауыстыра салатынын, әр жұмада садақа беретінін ескермеген сияқты.
Ақиқатында, қазақ – табиғатынан қайырымды халық. 2020 жылды Президентіміз «Волонтер жылы» деп жариялады. Қасым-Жомарт Тоқаев еріктілер қызметіне азаматтардың, әсіресе жастардың, студенттер мен оқушылардың қатысу аясын кеңейтуді аса маңызды міндет деп атады.
Қазақстан секілді этносаралық және дінаралық келісімнің өзіндік моделі қалыптасқан көп ұлтты мемлекетте қайырымдылық жасауға барлық негіз бар. Бұған бірлік, бейбітшілік пен қайырымдылықты ту еткен еліміздегі діндер мен конфессиялар да септігін тигізуде.
Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір — біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды.
Қайырымдылық – адам бойындағы ізгі іске бағыттайтын алтын қақпа тәрізді. Қайырымды адам қашанда тура жолда, адамгершілік қасиетте жүреді. Қазақ халқы жетімі мен жесірін жылатпаған, жандары жаралы, мүгедек жандарды өмір атты тайғақ жолдан құлатпаған кемеңгер, парасатты халық. Қайырымы кең қазақ сынды халықтың әр баласы мен әр ұрпағы қол ұшын тигізіп, көмек беруге дайын тұрған. Қайырымдылық жасау үшін асып-тасып бай болудың қажеті шамалы, ең бастысы мейірімді жүрегің мен таза ниетің болса жеткілікті. Кез келген қиын жағдайда адам баласы әр түрлі бағытта көмек қолын соза алады. Біреулер жаны жабырқау жүргендерді жұбата отырып күлкі сыйлауы мүмкін, ал, біреулер қиын сәтте қол ұшын беріп, көмек жасайды. Міне, сондай игілікті істер қаперімізден шықпаса игі

Жаңалықтар тізбесі

ТҮЛКІБАСТА «Бір отбасы, бір кітап» атты отбасылық байқау ұйымдастырылды

Түлкібас ауданының білім бөліміне қарасты "Түркібасы" жалпы орта мектеп кітапханасында кеше "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында "Бір отбасы -...

Адам саудасының құрбаны болудан қалай сақтануға болады

Таныс немесе шетелдік ұйымдар сізге шетелде жұмыс жасауды ұсынады. Бұл жағдайда, осы материалда адам саудагерлерінің «желісіне» түсіп кетпеу үшін бірнеше...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ДИҚАНЫ ЖАЗДА ЕГІСТІКТІ СУАРМАЙ-АҚ ҚАУЫН ӨСІРДІ

Түркістан облысының шаруалары қауын өсіруде тың тәсілді пайдалана бастады. Яғни, егістікті суармай-ақ, мол өнім жинауға болатынын көрсетті. Оңтүстіктегі 45-50...

Тұрғындарды газбен қамту мәселесі бақылауда

Д. Сатыбалды: «Тұрғындарға қолайлы жағдай жасау керек». Тұрғындарды газбен қамту мәселесі Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының бақылауында. Облыс әкімі...

Аграрлық секторды дамыту мәселелері талқыға салынды

«Аманат» партиясы жұмысын жалғастырып жатыр. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы аясында ауылшаруашылық саласы бойынша қоғамдық тыңдау өтті. Мәслихат депутаттары...

Ғасыр жасаған Аналар құрметке бөленді

8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында аудан әкімі Арман Айдарұлы ғасыр жасаған аналардың шаңырақтарына арнайы барып, мерекемен құттықтады. Батыр...

Түркістанда Turkistan Marathon 2022 марафоны өтті.

Түркістанда Turkistan Marathon 2022 марафоны өтті. Салауатты өмір салты мен бұқаралық спортты насихаттау барысында өткізілген жарысқа еліміздің түкпір-түкпірі мен...

Ата-аналарға арналған жадынама «Балаңыздың зорлық-зомбылық құрбаны болмауы үшін»

Балаға егер өзіне төнген қауіптілікті сезсе, кез келген үлкен адамға «ЖОҚ» деп айтуға құқығы бар екенін үйретіңіз. Егер...

ТҮРКІСТАН: Бәйдібек ауданында 1200 бала жазғы демалыстарын лагерде өткізеді

Оқу жылы аяқталып, оқушылар жазғы демалыстарын түрлі демалыс орындарында, сауықтыру кешендерінде, ата-әжелерінің ауылына барып, ерекше етіп өткізгісі келетіні анық....

Тағы да