Воскресенье, 19 апреля, 2026

Қайтарымсыз грант: Түркістан облысында үш мыңға тарта тұрғын мемлекет шарапатына бөленді

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Елімізде шағын-орта кәсіп иелеріне барынша қолдау көрсетіліп келеді. «Бизнес бастау» жобасымен мемлекеттен қайтарымсыз қаражат алғандар тұралап қалған кәсібін дөңгелетіп, ауылдастарын да жұмыспен қамтып отыр. Түркістан облысында жыл басынан бері 2765 азаматқа грант берілді. Ал кей тұрғындар төмен пайызбен несие алып, шағын цехтар ашып өнім шығаруды қолға алды. Сарыағаштық Ерболат Шалқарбайұлы темірден түйін түйген шебер. Ата кәсіпті меңгерген азамат екі жыл бұрын осы істі қолға алған. Тұрмысқа қажет бұйымдар жасауды бастаған соң, уақыт өте тапсырыс көбейе берді. Бизнес бастаумен» берілген қаражатқа қондырғы алған шебер жұмыс көлемін одан сайын арттырған. Ерболат Шалқарбайұлы, дәнекерлеуші: «Бизнес бастаумен» алған ақшаға біз профи 5 станогын алдық. Сонымен қазір оюдың барлық түрін, прудтан болған, профильден болған барлық оюларды шығарып жатырмыз. Жан жаққа тарқатып та жатырмыз. Бұйыртса келесі жылға басқа өңірлерді де аралап, сол жақтарға да тарқатуға ниет бар құдай қаласа. Темір бұйымдарға тапсырыс облыс аумағынан емес, Шымкент қаласынан да түсіп отыр. Сондықтан кәсіпкер шеберхананы кеңейтіп, жұмыс көлемін ұлғайтсам дейді. Ал, Сарыағаш қаласындағы кондитерлік цех тәттілердің 40-қа жуық түрін шығарады. Әрі шахар тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Бастапқыда он адам жұмыс істесе қазір олардың саны жеті есеге артқан Қатира Сарымсақова, цех меңгерушісі: 60-70 адаммен жұмыс жасаймыз. Бізде әлеуметтік жағы қарастырылған. Жалақымыз, айлығымыз өз уақытында беріледі. Екі мезгіл тамағымыз бар. Мемлекет тарапынан қаржылай қолдау алған серіктестік еліміздің барлық өңірлеріне тәттілер таратуда. Алдағы уақытта кәмпит шығару жоспарда бар. Себебі Ресей мен Украинаның технологиясымен дайындалатын өнімдерге алыс-жақын шетелдерден де сұраныс артқан. Нұржан Қожамбеков, серіктестіктің атқарушы директоры: Сырттан импорт азаюына байланысты біздің ішкі өнімдер қатты сұранысқа ие болып жатыр. Біз осы экспорт мәселесі бойынша да қарастырып жатырмыз. Келісімшарт жүргізіп жатырмыз. Осы Ресей федерациясының Дагестан мемлекетімен және Әзірбайжан мемлекетімен келісімшарт жүргізіп жатыр. Облыста жаңа бизнес идеяларды іске асыруға ниетті үш мыңға тарта азаматқа грант берілген. Алайда қайтарымсыз қаражатты заңсыз алғандар да анықталды. Тиісті тексерулер нәтижесінде 18 млн теңге мемлекетке қайтарылған. Мамандар бұл қаражат кезекте тұрған өзге азаматтарға үлестірілетінін айтады.

Жаңалықтар тізбесі

Түркістанда «Қамқорлық жанұя орталығы» ашылды

Түркістан қаласының әкімдігі «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қамқорлық жанұя орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз жұмысын...

Гиресун — табиғатқа бай мекен

Гиресун Қаратеңіздің жағалауында орналасқан қала. Табиғаты таулы-орманды екен. Кузалан табиғат саябағында туристерге арналған бірнеше локация бар. Оның бірі - Кузалан...

«ІІІ Ыбырай жазулары» байқауы

Түркістан облысы білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен «ІІІ ЫБЫРАЙ ЖАЗУЛАРЫ» тақырыбындағы дәстүрлі облыстық жазба жұмыстары байқауы басталды. Байқау мақсаты: педагогтер...

Түркістанда құрылыс қарқынды

Түркістанда құрылыс саласының бәсі бөлек. Өйткені қаладағы қар­қынды жұмыстардың бірі бұл. Қа­зіргі таңда көпқабатты пәтерлердің  құры­лысы қарқынды жүргізілуде. Көпқабатты...

Отырарда «Тәрбиелі жастар – қауіпсіз қоғам» жастар форумы өтті

Бүгін Отырар ауданында «Тәрбиелі жастар – қауіпсіз қоғам» атты аудандық жастар форумы өтті. Еркін форматта өткен форумға құқық қорғау...

ТҮРКІСТАН ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТЫҢДАДЫ 

  Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков қала тұрғындарына есеп беру бойынша кезекті кездесуін Яссы секторында өткізді. Мұнда азаматтар өздерін толғандырған әлеуметтік мәселелерін әкімге...

Ақтөбеде Makerspace шығармашылық кеңістігі ашылды

Қазақстандағы АҚШ Елшілігі және “Шеврон” компаниясы C.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасымен бірлесіп Ақтөбе қаласының американдық бұрышында MakerSpace жаңа шығармашылық кеңістігін...

Бәйдібекте аудан прокуроры оқушылармен кездесті

Бекітілген кестеге сәйкес аудан прокуроры Мәди Байтелиев Көктерек ауылдық округіндегі СЖиренов, Қ.Сыпатаев атындағы мектептерде болып, ұстаздармен және оқушылармен кездесті....

Елімізде ажырасу көбейді. Бұл туралы маман не дейді?

Соңғы жылдары Қазақстанда ажырасқан отбасылардың саны арта түскен. Статистика бойынша, еліміздегі әрбір үшінші отбасы екі жаққа кетуге бел буады....

Тағы да