Воскресенье, 19 апреля, 2026

ТҮРКІСТАН: АРЫСТА ЖАҢА САЯБАҚ АШЫЛДЫ

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Арыс қаласында серуендеуге және жайлы демалысқа, сондай-ақ спортпен шұғылдануға арналған жаңа саябақ ашылды.
Жаңа демалыс орнының салтанатты ашылуына қала әкімі Гүлжан Құрманбековамен бірге Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев, облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішев, облыстық мәслихат депутаты Ержан Қосмамбетов қатысып, жұртшылықты жаңа саябақтың ашылуымен құттықтады.
-Бүгінгі күні Арыс өлкесінің әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға өлшеусіз үлесін қосып келе жатқан осында туып өскен есімі елге тараған атақты меценаттардың бары белгілі. Осындай тамаша кешеннің салынуына демеуші болған жерлесіміз Ержан Қосмамбетовке шынайы алғысымызды білдіреміз. Бұл баршамыз үшін жақсы үлгі болмақ, — деді қала әкімі.
Шарада облыс әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев жүрекжарды лебізін білдіріп, бірлігі жарасқан Арыс халқына табыстар тіледі. Еңбек ардагері, қаламыздың ардақты қариясы ақ баталарын беріп, өз ризашылықтарын жеткізді.
Жаңа демалыс саябағы Арыстың тумасы, облыстық мәслихат депутаты Ержан Қосмамбетовтың демеушілігімен салынды. Саябақтың жалпы аумағы — 1 гектар. Мұнда қазірдің өзінде 450 түп тал егіліп, айналасы абаттандырылған. Түрлі-түсті шамдар орнатылып, аяқжолдар төселген. Сонымен қатар заман талабына сай 1 баскетбол, 1 футбол алаңшасы қойылған. Бұдан бөлек жаттығу құрылғылары орнатылған спорт алаңы салынды. Ал балаларға базарлық ретінде ойын алаңдары да орнатылды. Сондай-ақ жайлы орындықтар қойылып, келушілердің демалуына жағдай жасалынған. Жауын мен ыстық күннен қорған болатын заманауи бастырмалар да саябақтың ажарын ашып тұр. Сөзсіз, жаңа демалыс орны жергілікті тұрғындардың жанға сая табатын сүйікті демалыс орны болмақ.
Қала әкімі Гүлжан Құрманбекова жаңа саябақтың ашылуына арнайы келген қадірлі қонақтармен бірге саябақ аралап көрді. Жаңа спорт алаңшаларда асыр салып ойнап жүрген балаларға ыстық ықыласын білдіріп, тұрғындарға енді абаттанған аумақты күтіп-ұстау қажеттігін айтты.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жаңалықтар тізбесі

Еуропа бойынша велоспорт туризмін ілгерілету үшін…

EuroVelo & Cycling Tourism Conference 2023 жылдың 11-13 қазаны аралығында Түркияның Измир қаласында өтеді. Бұл шараға еуропалық велотуризм индустриясының...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

«NUR OTAN” ПАРТИЯСЫНЫҢ ФРАКЦИЯ МҮШЕСІ, ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ РЕТІНДЕ, САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАНЫҢ НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕРІНІҢ ОРЫНДАЛУ САПАСЫН БАҚЫЛАДЫМ

«Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасын іске...

Ата-аналардың ауданаралық форумы өтті

Иманды, ибалы ұрпақ тәрбиелеу – аға буынның басты борышы. Тәлім-тәрбие жүйесінің алға қойған нақты мақсаты болмаса жас ұрпақтың санасы...

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ ДАМЫТУ

Қалада 71 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектілері бар. Онда 153,1 мың адам жұмыс істейді. Бүгінде қалада кәсіпкерліктің жалпы өнімдегі үлесі 31...

ТҮРКІСТАНДЫҚ ПАРА СПОРТШЫЛАР АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНДА 4 МЕДАЛЬ ОЛЖАЛАДЫ

Қытайдың Ханчжоу қаласында жазғы Азия Параойындары өтті. Айтулы бәсекеге Қазақстан ұлттық құрамасы сапында Түркістан облысының 5 спортшысы қатысып, еліміздің...

Kate Gosselin to star in new reality show, Kate Plus Date

 The main thing that you have to remember on this journey is just be nice to everyone and always...

ТҮРКІСТАН: ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ МИНИСТРІ СУ ТАСҚЫНЫ БОЙЫНША ЖЕДЕЛ КЕҢЕС ӨТКІЗДІ

Түркістан облысына жұмыс сапарымен келген Төтенше жағдай министрі Юрий Ильин өңірдегі су тасқыны мәселесі бойынша жедел кеңес өткізді. Жиынға Түркістан...

Аудн әкімі Отбасы күнімен құттықтады

15-мамырда бүкіл әлем жұртшылығы 1993 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының қаулысымен бекітілген Халықаралық отбасы күнін атап өтеді. Бұл күнді белгілеу...

Тағы да