Воскресенье, 19 апреля, 2026

ТҮРКІСТАНДА «ЯСАУИ МҰРАСЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ НАСИХАТТЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...


Бүгін Түркістанда «Ясауи мұрасы» республикалық насихаттық іс-шарасы өтті. Іс-шара барысында Қожа Ахмет Ясауи мұрасын балаларға жеткізуге бағытталған «Бала Ахмет» атты анимациялық фильмі, «Ясауи ізімен» атты сюжетті-деректі фильмі, «Ясауи мұрасы» атты анимациялық роликтер топтамасы және танымдық кітап қалың жұртқа таныстырылды.
Таныстырылым кешіне Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасы басшысының орынбасары Әділ Қонысбеков, «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының орынбасары, облыстық маслихат депутаты Қалыйма Жантөреева, Қазақстан аниматорлар Ассоциациясының өкілі Бақытжан Құлжабай және қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.
– Баршаңызды жаңа туындылардың таныстырылымында көргеніме қуаныштымын! Биыл Түркістан қаласында өткен Ұлттық Құрылтайдағы сөзінде Президентіміз Қ.Тоқаев Ахмет Ясауиге 930 жыл толуына орай, ғұламаның мұрасын жан-жақты насихаттау жөнінде атап айтқан болатын. Өйткені, Ясауи – Түркі әлемінің ортақ Ұстазы саналады. Демек біздер Ясауиден бастау алатын Қазақ жеріндегі рухани сабақтастықты барынша жалғастыруға міндеттіміз. Осы орайда Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен «Ясауи мұрасы» атты Республикалық насихаттық іс-шарасы ұйымдастырылып отыр. Биыл, сондай-ақ Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл. Облыс әкімі Дархан Амангелдіұлының бастамасымен өңір руханиятын өркендету бағытында бірнеше ауқымды шаралар жүзеге асты. Соның ішінде түрлі деңгейде іс-шаралар өткізіліп, мәдениет ұжымдары халықаралық додаларда топ жарып жатыр, – деген Әділ Нұржанұлы шығармашылық топқа алғысын білдірді.
Ал шығармашылық топ өз кезегінде аталған визуальді өнімдердің таныстырылымы Түркістан өңірінен өзге, Астана, Алматы, Атырау, Семей, Қызылорда т.б. қалаларда өтетіндігін және республикалық телеарналар мен әлеуметтік желі арқылы ашық көрсетілімге жіберілетінін жеткізді. Олардың айтуынша сол арқылы балаларымыздың бойына ұлттық руханиятымыз бен құндылықтарымызды сіңіруге қадам жасалады дейді. Сондай-ақ облыстық мәдениет және туризм басқармасына қарасты «Оңтүстікфильм» арқылы аудан, қалаларда және облыс орталығындағы білім ошақтарында кеңінен насихатталады.
Айта кетейік, жалпы жобаға Түркістан өңірінен бөлек Астана, Алматы қалаларының кино және анимация мамандары қатысты. Аталған фильмдерге Батырхан Дәуренбеков, Жәнібек Оразалы, Азамат Ерназаров сынды Қазақстанның белгілі режиссерлері тартылса, сценарий авторы ретінде жазушы-драматург Сая Қасымбек таңдалды. Сонымен қатар фильм барысында ясауитанушы-ғалым Досай Кенжетай кеңесшілік етті.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жаңалықтар тізбесі

Жүрегі жомарт, еліне жанашыр халық қалаулысы

«Жомарт жүрек-2021» сыйлығының ««Туған өлке» номинациясы меценат, кәсіпкер, Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Байкен Әшірбаевқа бұйырды. Расында лайықты марапат! Жыл он...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ЕЛІМІЗДІҢ ТУРИЗМ САЛАСЫНДА ЕРЕКШЕ ОРЫН АЛАТЫН ӨҢІР

Президент айтқан екі мәселе. Оның Түркістан облысы үшін маңыздылығы Президенттің осы жолғы Жолдауы тұтастай экономикалық бағытқа арналды. Әлемде геосаяси жағдай...

Сарыағаштық жасөспірімдер облыстық кезеңге жолдама алды

Мектеп оқушылары арасында жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Ұлттық Мектеп Лигасының» аймақтық кезеңі аяқталды. Бұл лиганың мақсаты – оқушылар арасында...

Жас сарбаздар – ел қорғаны.

Жас бозбалалар әскери міндетін адал орындап, елге үлес қосуды әркез парыз санайды. Бұл ретте сарбаздар үшін оқу жаттығулар ұйымдастырылып...

Jennifer Aniston’s Ex Justin Theroux Wishes Her Happy Birthday on Instagram

 The main thing that you have to remember on this journey is just be nice to everyone and always...

Қазақ бала «INTERNATIONAL SCIENCE AND INVENTION FAIR (ISIF-2023)»-ТЕ алтын медаль алды

Алматы қаласы Алмалы ауданы N°24 лицейдің 10-сынып оқушысы Халбай Дияр Индонезияда өткен «INTERNATIONAL SCIENCE AND INVENTION FAIR (ISIF-2023)» халықаралық...

ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫН ТҮРКІСТАНҒА АУЫСТЫРУ КЕНТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН БЕРДІ

Биыл Кентау қаласының келбетін жаңарту үшін 55 көпқабатты тұрғын үйді жөндеуден өткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Кентау қаласы тұрғындарымен...

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары!

Қашан да «Nur Otan» партиясының басты құндылығы — адам, оның жайлы және бақуатты өмір сүруі мен денсаулығы. Қазіргі күрделі...

Арыс өңірінде балық өсіру шаруашылығы өркендеп келеді

Дермене ауылының іргесіндегі Арыс өзенінің жиегінде жұмыс істей бастаған «DERMENE AGRO GROUP» ЖШС-нің жұмыс-жайымен танысқан Арыс қаласының әкімі Гүлжан...

Тағы да