Воскресенье, 19 апреля, 2026

ТҮРКІСТАНДЫҚ БЕЛСЕНДІЛЕР NEET САНАТЫНДАҒЫ 55 МЫҢ ЖАСТЫ ІЗДЕУГЕ КІРІСТІ

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Түркістан облысында «Жастар ресурстық орталықтары» аймақта 12 мемлекеттік бағдарламаны түсіндіру жұмыстарын жалғастырып жатыр. Бір ерекшелігі – белсенді жастар аймақтағы NEET санатындағы жастарды үйлеріне іздеп барып, бағдарламаларды түсіндіруде.
Жаңа заңға сай 35 жасқа дейінгілер де жастар қатарына енгізілгендіктен, Түркістан өңірінде жастардың қатары 700 мыңға жетті. Ал NEET санатында 55 мыңнан астам жас бар. Жоғары немесе арнаулы білім алмаған, жұмысқа орналаспаған бұл буынның мәселесін шешу аса маңызды. Өйткені ауылдарда жұмыссыз жүргендердің көрсеткіші өсуде.
Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының жастар саясатын тиімді жүргізу, оларға сапалы білім беру, жұмыспен қамту жөніндегі тапсырмасымен қолға алынған бұл бастаманы жұртшылық оң бағалап отыр.
«Жастар ресурстық орталығының» мамандары облыстағы замандастарына мемлекеттік қолдаулар жайында күнделікті түсіндірме жүргізуде. Мектептерді, оқу орындарын, тіпті үй-үйді, базарларды, көшелер мен аулаларды, егістік алқаптарды аралап ақпарат жеткізуде. Атап айтсақ, «Алғашқы жұмыс орны», «Жастар практикасы», «Қоғамдық жұмыс», «Әлеуметтік жұмыс орны», «Жасыл ел», «Бастау Бизнес», «Дипломмен –ауылға», «Болашақ», Студенттік құрылыс жасағы, «Болашақ», «Серпін-2050: мәңгілік ел жастары – индустрияға» мемлекеттік бағдарламаларынан бөлек колледждерге грантқа оқуға түсу, 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие туралы барлық мәліметтер жеткізіліп жатыр. Мәжіліс залдарындағы таптаурын жиналыстар азайды.
– Мемлекеттік бағдарламалардың көбісі елге ашық, бұқаралық тілде түсіндірілмейді. Қасаң, ресми форматта айтылғандықтан қоғамның көп бөлігіне ұтымды жобаларлың қыр-сыры беймәлім болып қала береді. Әсіресе жастарға қатысты қаптаған бағдарламалар да соның күйін кешуде. Сондықтан түсіндіру жұмыстарын жүргізуді қолға алдық. Жұмыс істеуге қабілеті болғанымен құштарлығы төмен немесе ауыл шаруашылығымен айналысуды жөн көретін, тегін білім алуға ынталы емес жастарды тартуды басты назарға алып отырмыз. NEET санатына тіркелген азаматтар жөнінде деректерді жаңартып, кеңес жүргізуді үрдіске айналдыру қажет. Еңбекке, кәсіпкерлікке, білім мен ғылымға бейім жас азаматтарымызды әрқашан қолдаймыз. Түркістандық жастар мақсатқа жетіп, нақты нәтижеге қол жеткізгенше тоқтамайды, – дейді Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев
Осы күнге дейін NEET санатында кіретін 2,5 мыңға жуық азаматқа тиісті ақпараттар ұсынылып, кездесулер ұйымдастырылды. Жалпы 10 күнде 30 мыңнан аса жасқа мемлекеттік бағдарламалар туралы мағлұматтар берілген.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2,9 млрд. теңге Түркістан облысының жастарына таратылады. Қолынан іс келетін жаңа толқын мүмкіндіктен шет қалмауы тиіс. Бұл мүмкіндік те жастарға тұрақты насихатталып жатыр.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жаңалықтар тізбесі

ТҮРКІСТАН: Жетісайда «Жайлы мектеп» бағдарламасымен 3 600 орындық 4 мектептің құрылысы жүріп жатыр

Жетісай ауданында «Жайлы мектеп» бағдарламасы аясында Асықата кентінде 900 орындық, Жетісай қаласында 1500 орындық, Ынтымақ ауылдық округінде 600 орындық,...

Более миллиона кроватей в турецких отелях теперь проверены и сертифицированы на предмет устойчивого развития

Согласно данным, опубликованным сегодня Министерством культуры и туризма Турции в начале WTM, более миллиона гостиничных мест в Турции получили...

Рами кітапханасы 4200 адамға арналған бөлімдерден тұрады

Мәдениет және туризм министрлігі оқырмандарды Рами кітапханасына шақырады. Стамбұлдың Эйүпсұлтан ауданындағы Рами кітапханасы 18 ғасырдағы Рами казармасының ғимаратында орналасқан....

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚ АУМАҒЫ КЕҢЕЙІП, КӘСІПОРЫНДАР КӨБЕЙЕДІ

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Ордабасы ауданына іс-сапары барысында бірқатар кәсіпорынды аралап, жұмысымен танысты. Индустриалды аймақты кеңейту, дамыту жолдарын...

ҚАЛАНЫ ЦИФРЛАНДЫРУ

Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру – ортақ мүддеміз. Ортақ мүдде біріктірген отаншыл азаматтардың белсенділігі –...

Түркістан қаласындағы «Olympic center» спорт сарайында алғаш рет қазақ күресінен «Turan Barysy» Азия Кубогы өтті.

ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ — «TURAN BARYSY» АЗИЯ КУБОГЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ Түркістан қаласындағы «Olympic center» спорт сарайында алғаш рет қазақ күресінен «Turan Barysy»...

ТҮРКІСТАНДА ТУРИЗМ САЛАСЫНДАҒЫ ТАРТЫМДЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ҰСЫНЫЛДЫ

«Инвестициялық жобалардың презентациясы» питч-сессиясына Түркістан қаласына жақын жердегі 7 «өсу нүктесі» шығарылды. Инвестициялар көлемі бойынша жобалар шағын және орта...

ЖОЛДАУ- ЕЛ СҰРАНЫСЫНА ЖАУАП

Мемлекет басшысының қай Жолдауы болмасын елдің егемендігін, жеріміздің тұтастығын сақтауды, елдің экономикасының дамуы арқылы халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуды көздейді....

Арыс қаласында «Әже – ұлт ұйытқысы» атты ғибратты шара өтті

Арыста қалалық «Әжелер алқасының» 10 жылдығына орай «Әже – ұлт ұйытқысы» тақырыбында қалалық мәдениет сарайында салтанатты шара өтті. Мерекелік кеште...

Тағы да