Воскресенье, 19 апреля, 2026

Бұхарадағы ескі шаһар аумағы нағыз көненің көзі

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Бұхарадағы ескі шаһар аумағын нағыз көненің көзі деуге болады. Мұнда «Калон» архитектуралық мешіті мен Мір Араб медресесі, «Калон» мұнарасы орналасқан. Биіктігі 48 метрлік мұнара алыстан менмұндалайды. Пой Калон яғни, ұлы кешен деп аталады.

Алып кешен 1127 жылы тұрғызылыпты. Қараханидтер әулетінен шыққан Арслан ханның бұйрығымен бой көтерген көрінеді. Со заманда Бұхар әмірі «ең үлкен кешен саламыз, кімде кім осыны тұрғызса қап-қап алтын беремін. Егер сала алмаса дарға асамын» деп жар салыпты. Көп шеберлер бағын сынап көруге бел буғанмен, патша жарлығын естіп беттемейді. Ақыры қолы алтын нағыз ұста Устуб шебер келіпті. Ұлы нысанды салуға білек сыбана кіріседі. Бір ғана іргетасын қалауға екі жыл уақыт жұмсапты. Іргетасын біткен соң ұста ұшты күйлі жоғалып кетеді. Патша әскерлері қанша іздегенімен еш жерден таба алмайды. Ақыры екі жыл өткен соң шебер қайта оралады. Іргетасты көріп шығып, беріктігін, бекемдігін сынап болған соң, ханға жолығуға келеді. «Мені дұрыс түсінбедіңіз, екі жыл бойы іргетастың қатаюын күттім. Мен осында болғанда сіз асықтырар едіңіз. Сол себептен қашып кеттім. Іргетасты қарап көрдім бәрі дұрыс. Рұқсат берсеңіз ары қарай жалғастырайын» деген көрінеді.

Тарихи кешен XII ғасырда соғылған. Іргетасы мықты қаланған кешен бір кірпіші де кетілмей сол күйі сақталған. Со заманда мұнараның биіктігі 48 метр болған екен. Шебердің тағы бір аманаты «мен өлгенде 48 метр қашықтыққа жерлеңдер. Егер мұнара құласа менің қабірімнің үстіне құласын» деген екен. Ұстаның шеберлігінің кереметтігі сол қанша ғасыр өтсе де сол қалпында тұр. Жолбастаушымыздың айтуынша мұнара үстіне шығуға рұқсат жоқ. Текпешектері тайғанақ етіп жасалған мұнара бүгінде 1,5 метрдей шөккен көрінеді.

Ерекше пішінмен салынған Мір Араб медресесі 1530 жылдары тұрғызылған. Ислам қағидаттарынан тәлім беретін медреседе талай ғұламалар оқып шыққан. Атағы алысқа кеткен бұл оқу орнында әлі де шәкірттер тәлім алады.

Ләбі Хауыз

XV ғасырда ерекше архитектуралық ансамбль негізінде іргетасы қаланған Ләбі Хауыз туристерді қызықтыратын ерекше орындардың бірі. Мұнда Бұхарада өте сирек кездесетін су айдыны бар. Айналасында субұрқақтар орналасқан. Одан бөлек тамыр жайғанына 500 жыл болған ағаш тұр. Туристер мұнда бәр сәт аялдап, Бұхараның әйгілі самсасымен шәй ішуіне болады. Ою-өрнегі ерекше архитектуралық кешеннің алдындағы су айдыны расында демалуға таптырмайтын орын. Одан әріректе шағын гүлзар орналасқан. Онда Орта Азия халықтарына ортақ ертегі кейіпкері Қожанасырдың ескерткіші бар.

Ситораи Мохи-хоса

Қаладан солтүстік шығысқа қарай 12 шақырым жерде Бұхар әмірлерінің жазғы резиденциясы орналасқан. Бұл кешенді көруге асыққан туристердің легі қалың мұнда да. Тарихи орындардың барлығында да ұлттық нақышпен жасалынған кәдесый сататын сауда орындары самсап тұр. Ситораи Мохи-хоса – парсы тілінен аударғанда «жұлдыз бен ай арасындағы сарай» дегенді мағынаны білдіреді екен. Бұхар әмірлерінің жазғы демалатын орны ерекше стильмен көркемделіпті. Сыртқы формасы еуропалық стильде салынғанымен ішкі әрлеу жұмыстарында шығыс сәулет өнері қолданылған. Кешен соңғы рет Мір Саид Әлімхан билігі кезінде толық қайта жөндеуден өткізіліпті. Кешендегі музей әмірлердің өмірінен сыр шертетін жәдігерлерге толы. Гүлжан Көшерова

Жаңалықтар тізбесі

ТҮРКІСТАНДА ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТЫҢ РАПИД ЖӘНЕ БЛИЦ ТҮРЛЕРІНЕН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін түркі әлемінің рухани астанасы Түркістан қаласында тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының рапид және блиц түрлерінен жекелей чемпионатының басталды. Осы орайда...

«9-20-25»: Елімізде жас отбасыларға арналған жаңа бағдарлама іске қосылады

Орталық коммуникациялар қызметінде «Отбасы» банкінің басшысы Ләззат Ибрагимова жас отбасыларға арналған «9-20-25» бағдарламасын іске қосу мүмкіндігі туралы айтты. «Astana TV»...

Баклава: ғасырлар бойы сақталған түрік дәстүрі

Баклава. Қағаз тәрізді жұқа қабаттары бар филло қамырының, сары майдың және хош иісті тәтті сироптың бұл дәмді түрік кондитерлігі...

ТҮРКІСТАН: Жетісайда «Жайлы мектеп» бағдарламасымен 3 600 орындық 4 мектептің құрылысы жүріп жатыр

Жетісай ауданында «Жайлы мектеп» бағдарламасы аясында Асықата кентінде 900 орындық, Жетісай қаласында 1500 орындық, Ынтымақ ауылдық округінде 600 орындық,...

«Ақиқатында, ең басты мәселе, ең биік игілік, қасиетті құндылық – қайырымдылық

  Ең әуелі адам – адамгершілігімен және өзінің парасатының биіктігімен көрікті. Біз бүгін өзіміздің мақтанышымыз, жерлесіміз, Шымкент қалалық мәслихатының депутаты, "Nur...

3 жыл ішінде 49 мың отбасыға әлеуметтік көмек көрсетілді – Динара Зәкиева

ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Динара Зәкиева балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі заң жобасын таныстырды. ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкілі...

Түркістанда кабель және керамика өнімдерін шығаратын зауыттарды инвесторлар салмақ ниетте

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды «Sembol Construction» компаниясының қаржы жөніндегі Атқарушы Кеңесінің мүшесі Октай Горгулмен кездесті. Аталған компания Түркістанға...

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды өңір жастарымен кездесті

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды өңірдің 150-ден астам белсенді жастарымен кездесті. Еркін форматта пікірлесті. Олардың ойын тыңдап, ұсыныстарын тыңдады....

«ҮЛКЕНГЕ ҚҰРМЕТ» акциясы жалғасуда

"Қарты бар үйдің қазынасы бар"деген аталы сөз текке айтылмаса керек. Бүгін "Жастар ресурстық орталығы КММ-нің ұйымдастыруымен белсенді жастар Арыс және...

Тағы да