Воскресенье, 19 апреля, 2026

«Мерейлі отбасы — 2023» байқауының лауреаттары марапатталды

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Биыл ұлттық байқау 10-шы рет өткізіліп отыр.

Бақытты, берекелі отбасы — еліміздің басты байлығы. Жыл сайын өткізу игі дәстүрге айналған үлгілі отбасылар байқауы отбасы құндылықтарының рөлін арттырып, оң имиджін дәріптейді. Конкурсқа 10 жыл ішінде Қазақстанның барлық өңірінен 20 мыңнан астам отбасы қатысты.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі, Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Аида Балаева салтанатты шараның ашылу барысында байқау жеңімпаздарына Мемлекет басшысының құттықтауын оқыды.

«Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздарын шын жүректен құттықтаймын! Бұл – төл құндылықтарымызды дәріптеп, ұлттың жаңа сапасын қалыптастыруға жол ашатын маңызды жоба. Әр аймақтары өнегелі отбасылардың байқауға белсене қатысуынан елімізде береке-бірлігі жарасқан құтты шаңырақ иелері аз емес екеніне көз жеткіздік. Олардың арасында белгілі бір мамандықты ата касіпке айналдырған азаматтардың көп болуы – қуантарлық жайт. Осындай үлгілі әулеттер қоғамда ұрпақтар сабақтастығын сақтауға ықпал етеді. Халқымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген жақсы сөз бар. Отаншылдық, білімпаздық, еңбекқорлық, үнемшілдік, жанашырлық, әділдік сияқты «Адал азаматқа» тән қасиеттер, ең алдымен, отбасында қалыптасады. Әділетті Қазақстанды осындай жандар құрады. Мемлекет отбасы институтын дамытуға, ана мен баланы қорғау мәселесіне әрдайым айрықша назар аударады. Осы бағытта ауқымды істер атқарылып жатыр. Бұл жұмыс алдағы уақытта да жалғасын табады. Әр шаңырақтың ырысы артып, мерейі таси берсін! Баршаңызга зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!», – делінген құттықтау хатында.

Биыл аталған байқауға 3 344 отбасы қатысты. Олардың 40%-ы – қалалық және 60%-ы  – ауылдық отбасылар.

Түрлі кәсіп пен еңбек әулеттерінен құралған 20 отбасы – өңір жеңімпаздары атанды. Олардың қатарында ұстаздар, қолөнершілер, металлургтер, әскери қызметшілер, кәсіпкерлер, агроөнеркәсіп саласының мамандары бар.

Отбасының әрбір мүшесі – ауылдастарының, қала тұрғындарының, әріптестерінің, көрші-қолаңның құрметіне бөленген, Отанына адал қызмет етіп жүрген еңбек адамы, ауылдың, қаланың қарапайым еңбеккерлері.

Марапаттау рәсіміне Мемлекеттік органдардың өкілдері, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшелері қатысты.

Лауреат отбасылар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Марапаттау рәсімі қазақ эстрада жұлдыздарының қатысуымен өткен мерекелік концертпен жалғасты.

Жаңалықтар тізбесі

Әйелдер қанаты парасатты қоғамға бастайды

«AMANAT» партиясы әйел азаматтардың мемлекеттік басқаруға және инклюзиялық қоғам мен гендерлік паритетті қалыптастыруға белсенді қатысуын кеңейтуде Әйелдер қанатын құру...

Шардара: Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық мәселелері талқыланды

Бүгін кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша аудандық әкімдік ғимаратында жиын өтті. Жиынға комиссия мүшелері:...

Жастарға  өнеге – қайырымдылықтан, уақытты игілікке арнаудан басталады.

Қайырымдылық – адамның бойындағы ең жағымды қасиеттердің бірі. Ондай адам рухани құндылықтарды материалдық құндылықтардан жоғары қояды. Өзінің жанашырлығымен және...

ТҮРКІСТАН: Ордабасылық көпбалалы ана кәдесыйды кәсіп еткен

Ордабасы ауданы, Шұбарсу ауылының тұрғыны Гүлшат Ақмұрзаева жеке кәсібін дөңгелетіп отырған көпбалалы ана. Жеті баланың тәрбиесімен бірге кәсіпкерлікті қатар...

ТҮРКІСТАН: ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАБЫЛДАП, ӨТІНІШТЕРІН ТЫҢДАДЫ

Бүгін Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды кезекті рет тұрғындар үшін жеке қабылдау өткізіп, мәселелерін тыңдады. Кездесуге облыстың түкпір-түкпірінен 10...

ТҮРКІСТАН: БАСШЫЛАР ТҰРҒЫНДАРҒА КӘСІПКЕРЛІККЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЖЕҢІЛДІКТЕР АЛУ ЖОЛДАРЫН ТҮСІНДІРДІ

ТҮРКІСТАН: БАСШЫЛАР ТҰРҒЫНДАРҒА КӘСІПКЕРЛІККЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЖЕҢІЛДІКТЕР АЛУ ЖОЛДАРЫН ТҮСІНДІРДІ Бүгін Түркістан қаласындағы «Конгресс холл» көпсалалы кешенінде кәсіпкерлік пен ауыл шаруашылығына...

КЕЛЕС: Испанияда тәлім алған ұстаз ауылда «CONVERSATION CLUB» ашты

Келес ауданы №2 Ө.Жәнібеков атындағы мектеп гимназиясының ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Бахадырова Гаухар Диханқызы Испанияның Кадис қаласында орналасқан “Erasmus...

3 жыл ішінде 49 мың отбасыға әлеуметтік көмек көрсетілді – Динара Зәкиева

ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Динара Зәкиева балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі заң жобасын таныстырды. ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкілі...

Елде зорлық-зомбылық бойынша шағым түспесе де полиция іс қозғай алады

Тұрмыстағы зорлық-зомбылық бойынша енді шағым түспесе де, полиция іс қозғай алады. 1-шілдеден бастап заңға осындай өзгеріс енеді. Өйткені соңғы...

Тағы да