
Хантағы ауылының тумасы, құрметті азаматы Хисиков Орынбасар Арынұлы — үлгілі, бақытты, үлкен отбасылардың бірі. Орынбасар ата 1943 жылы Ащысай ауылында дүниеге келіп, 1949 жылы Хантағыға көшіп келеді. Осындағы №5 Абай атындағы орта мектептің 10 сыныбын 1962 жылы бітіріп, сол жылы Отан алдындағы борышын өтеу үшін әскер қатарына алынады. Әскерден аман — есен оралған Орынбасар 1965 жылы «Мырғалымсай» кенішінде темір ұстасы болып жұмысқа орналасады.
1969 жылы Жанаткүл Раманқұлқызымен отбасын құрады. Жанаткүл анамызда мектепте 32жыл жұмыс жасап, зейнеткерлікке шыққан. Жұмысшы атын қашанда жоғары ұстаған, өз ісіне адыл, достарына қадірлі азамат 1993 жылы наурыз айында құрметті демалысқа шығады.Ал, 1994 жылдан бастап ҚР мемлекеттік дәрежедегі зейнеткері атанады. Зейнеркелікке шықтым екен деп бейғам күй кешу Орынбасар Арынұлының табиғатына жат. Сондықтан қоғамда, әсіресе Хантағы елді мекеніне қатысты қандай да бір мәселелерге келгенде бей-жай қарай алмайды. 2011 жылдан бастап Хантағы ауылының ақсақалдар алқасынынң төрағасы және Кентау қалалық ақсақалдар алқасының беделді мүшесі. Көп жыл елмен біте қайнаса еңбек етіп, туған ауылы мен Кентау қаласының өсіп өркендеуіне өзіндік үлесін қосқан Орынбасар Арынұлы өмірлік қосағы Жанаткүл Раманқұлқызы екеуі 3 ұл, 3 қыл тәрбиелеп, ұлынұяға, қызын қияға қондырды. Перзенттерінен бүгінде 21 немере, 3 шөбере сүйіп отырған бақытты отбасы.
