Понедельник, 20 апреля, 2026

Бала өміріне бәріміз де жауаптымыз

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Түркістанда облыс әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиында Түркістан облысы прокуратурасының кәмелетке толмағандардың құқығы мен заңды мүдделерін сақтау, балалар арасындағы және оларға қарсы құқықбұзушылықтардың алдын алу жұмыстарына жасалған талдаудың қорытындысы бойынша берілген ұсыныстар қаралды. Жиынға төрағалық еткен облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев балалар құқығын қорғау бағытындағы жұмыстарды сапалы атқару керектігін айтты. 

– Облыстағы мектептерде қауіпсіздікті сақтау бойынша 894 білім ошағына 7 мыңнан астам бейнекамера мен турникет, қоршау, дабыл батырмасы орнатылуда. Ол мақсатта 5,9 млрд. теңге қаралып, жыл соңына дейін «Қауіпсіз мектеп» жобасы толық іске асады. Дегенмен бұл мектеп аумағында ғана. Бұдан тыс әрбір маман өзіне тиесілі жұмысты атқаруы тиіс. Құр есеппен жиынды жаба салуға болмайды. Бұл бір күн қаралып, реттеле салатын нәрсе емес. Жыл бойы айналысатын шаруа. Сондықтан әркез назарда ұстаңыздар. Бала кіммен тұрады, қандай отбасыда өмір сүреді, әлеуметтік жағдайы қалай? Бәрін анықтап, зерделеу жасап, мәліметтер базасын толықтырып шығыңыздар. Сондай-ақ Түркістан облысында «ARTSPORT» бағдарламасы жүргізіліп жатқанын білесіздер. 30 мың баланы тегін үйірмемен қамтуға қаржы бөлініп отыр. Ол үйірмелерге алдымен әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардың балаларын тартыңыздар. Балаларды осындай тегін ұйымдарға тіркеу жағын қарастырыңыздар, – деген Бейсенбай Тәжібаев қоғамдағы жасөспірімдерге қатысты келеңсіз жағдайлардың алдын алу жөнінде де ұсыныстар мен тапсырмалар берді.

Комиссия отырысында полицияға, құзырлы органдарға Отырар ауданында тіркелген кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты құқықбұзушылықты терең талдап, заң аясында қатаң шаралар қабылдау ұсынылды. Аталған мәселе бойынша полиция департаменті тарапынан жедел тергеу тобы құрылып, жұмыстар жүріп жатыр. Күдікті қамауға алынған.

Жиында Түркістан қаласы мен Жетісай, Төлеби ауданындағы комиссия төрағалары кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылық, оларға зорлық-зомбылық және өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу жөніндегі атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Сонымен қатар жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымының түлектерін тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша баяндама жасалды. Кешкі және сыртқы білім беру ұйымдарында білім алушыларды, өмірде қиын жағдайда жүрген кәмелетке толмағандарды әлеуметтік оңалту жөніндегі жұмыстардың жүзеге асырылуы да назардан тыс қалмады.

Облыс әкімінің орынбасары бұл бағыттағы мәселелердің алдын алу бойынша тиісті түсіндірме жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Бала өміріне, біліміне, құқығына жауапты әрбір мекеме өз ісіне мұқият болуы керектігін айтып, балалар құқығы бойынша жалған мәлімет беретін жауапты басшыларға қатаң шара көрілетіндігін ескертті.

Жаңалықтар тізбесі

ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАДА КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ЕСЕБІНЕН 96 ПӘТЕР САЛЫНЫП ЖАТЫР

Биыл Шардара ауданында кәсіпкерлердің есебінен 96 пәтерлі 6 үйдің қабырғасы қалануда. Құрылыста қолданылып жатқан материалдар түгелдей дерлік отандық өнім....

Сайрамдағы жүйелі жұмыстардың жемісі

«Елу жылда – ел жаңа» деген көреген сөз біздің сүйікті Түркістан облысының қазіргі жағдайына дөп басып айтылған іспетті. Өйткені,жаңадан...

Көпбалалы отбасыларға қолдау

Ұлт байлығынан балалардың болашағы үшін үлес бөлетін идея ә дегеннен әлеуметтің қолдауына ие болып, көпшілік бұл жаңа­лық­ты­ қуана қабылдады....

В 2024 году в Стамбуле пройдет глобальная конференция SITE

Общество передового опыта в области поощрительных путешествий (SITE) проведет Глобальную конференцию 2024 года 26-29 февраля 2024 года в Стамбуле....

Динара Закиева: Бала құқығын қорғаудың бірінші жолы – жазаны қатаңдату

2023 жылдың 1 қыркүйегінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты халыққа Жолдауында «Мен Мемлекет басшысы ретінде кәмелетке...

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА ҚАРТТАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Түркістан облысына қарасты аудан, қалаларда 1 қазан – Қарттар күніне арналған салтанатты мерекелік жиындар өтуде. Осындай іс-шаралардың бірі Ордабасы...

Елордада қазақ тілінде онлайн-контент жасаушылардың V форумы басталды

2021 жылдың 5-ші қарашасында Нұр-Сұлтан қаласында QAZFORUM қазақ тілінде онлайн-контент жасаушылардың V Форумы өтеді. Форумның тақырыбы «Қазақ интернеті: бүгіні...

Сарыағаш ауданында үшем дүниеге келді

Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев еліміздің демографиясына ерекше үлес қосып, дүниеге үшем әкелген Сарыағаш қаласының тұрғыны Бауыржан Манжанов пен...

«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕРІ ОРЫНДАЛУДА

«Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасын іске...

Тағы да