Воскресенье, 19 апреля, 2026

Uly-alash.kz

Қазақстандық журналистер Өзбекстандағы тарихи-мәдени орындармен танысты

Түркітілдес журналистер қорының ұйымдастыруымен Өзбекстан Республикасының туризм және спорт министрлігінің қолдауымен жүзеге асқан жобаның мақсаты - қос ел арасындағы тарихи-мәдени байланыстарды насихаттау, туризм саласының әлеуетін таныту, Түркі елдері арасындағы достық, ынтымақтастық қарым-қатысты ақпараттандыру. Бір аптаға жоспарланған сапарға әсіресе, аймақтардың журналистері...

Ташкент: Көне мұра және заманауи кешен

Тарихқа бай, құнды жәдігерлердің отаны саналатын Ташкентті қанша күн араласаң да тауысып біте алмайтындайсың. Түркітілдес журналистер қорының Өзбекстан Туризм және спорт министрлігі серіктестігінде ұйымдастырылған пресс - турдың екінші күні ғасырдан ғасырға мұрты бұзылмай жеткен көне мұралардан бөлек, заманауи кешендерді...

Туризм бағытында толымды жұмыстар атқарылуда

Қазақ журналистерінің білім, білігін дамытып, ел көріп, жер көріп, таным көкжиегін кеңейтуіне барынша жағдай жасап жүрген Түркітілдес журналистер қорының кезекті жобасы Өзбекстан елінде жалғасты. Көршілес елдің туризм бағытында атқарып жатқан толымды жұмыстарымен танысып, жаңашыл бағыттарына қанықтық. Түркітілдес журналистер қорының Өзбекстан...

2021 ЖЫЛ – ТҮРКИЯДАҒЫ ҚАУІПСІЗ ТУРИЗМ ЖЫЛЫ

Әлем бойынша қауіпсіз туризм сертификациялау бағдарламасын іске қосқан Түркия 2021 жылдың жаз маусымына дайын. 2020 жылдың маусымында беріле бастаған Қауіпсіз туризм сертификаты – туристер Түркияға әуежайдан түскен бойда көлікке отыру, діттеген жеріне жету, қонақүйлер мен мейрамханалар және таңдаған демалыс...

Елбасы Түркістан қаласына келді

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Түркістан қаласына келді. Сапар барысында түркі әлемінің астанасында бірқатар әлеуметтік-мәдени нысандарды аралау жоспарланған.

ОНКОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚТА СКРИНИНГ ТЕКСЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ ТЫҢ ӘДІСПЕН ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Шымкент қаласындағы онкологиялық орталықта қатерлі ісік ауруын ерте сатысында анықтау мақсатында скрининг тексерулері сапалы әрі тың әдіспен жүргізілуде. Жатырдағы ісікті ерте анықтау үшін орталықтағы цито-гистологиялық зертханада жан-жақты тексеріліп, науқастан алынған сынамаға толық талдау жасалады. Цито-гистологиялық зертханадағы сынамаларды дайындау жұмыстары бірнеше кезеңнен...

«ЕҢБЕК» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА 600-ДЕН АСТАМ ЖАС ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

Шымкент қаласында азаматтарды жұмыспен қамту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бүгінде 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасының үшінші бағыты – жастар практикасы азаматтардың жұмыс табуына септігін тигізуде. Жастар практиикасы түлектердің меңгерген мамандығы бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алу мақсатында ұйымдастырылған. Биыл қалалық жұмыспен...

Halyk Bank – Қазақстандағы бизнеске арналған мобильді банктер рейтингінің үздігі

SME Banking Club 2021 Digital Forum-да ТМД және Кавказ елдеріндегі бизнеске арналған мобильді және интернет-банк – Mobile Business Banking 2021 және Business Online Banking 2021 бойынша зерттеу нәтижесін таныстырды. Halyk Bank Қазақстандағы бизнеске арналған мобильді банктер рейтингінде үздік атанып, сондай-ақ ТМД және Кавказ елдеріндегі ТОП-20 үздік...

Майдангерлерге құрмет көрсетті

9- мамыр "Жеңіс күніне" екінші дүниежүзілік соғыста теңестірілген фашистік Гетто концлагерінің бұрынғы тұтқыны Репина Ирина және Ленинград блокадасының тұрғыны Шаламберидзе Людмила ардагерлерді қалалық жедел медициналық жәрдем көрсету станциясының бас дәрігері Құрманбекова Гүлнәр арнайы шаңырағына барып, сый-сияпат жасады. Қос қартты құттықтап...

Алматыдағы Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығына заманауи жабдықтар сыйға берілді

Halyk Bank және AYALA қоры Алматы Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығына заманауи реанимациялық жабдықтардың 18 бірлігін, оның ішінде дене салмағы өте төмен нәрестелердің қарқынды терапиясына арналған 2 инкубаторды, 5 реанимациялық үстелді, 6 фототерапия шамын және 5 жоғары дәлдікті медициналық таразы берді. «Бұл өте маңызды қайырымдылық жоба, себебі әңгімебіздің еліміздің болашақ ұрпағы – сәбилердің, жаңа туған қазақстандықтардың денсаулығы туралы болып отыр. Сондықтан Банк түрлі әлеуметтік маңызды жобалар бойынша біздің бұрыннан келе жатқан серіктесіміз AYALA қорының бастамасын қолдады. Осы жабдықтар мен жан-жақты қолдаудың арқасында Орталық мамандары балаларға уақытылы білікті көмек көрсетіп, дүниеге жаңа келген сәбилерге өмірлік жолдама беретініне сенімдіміз» – деді Halyk Bank басқарма төрағасының орынбасары Дәурен Сартаев. Алматы қаласындағы Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығы – еліміздегі ең ірі перзентхана. Жыл сайын мұнда 8-8,5 мың әйел босанады, оның 12 пайызы – мерзімінен бұрын босанатындар. «Біздің орталық 2011 жылдың қараша айынан бастап жұмыс істей бастады. Бірақ 10 жыл ішінде медициналық жабдықтар моральдық жағынан ескірген, сондықтан үнемі қымбат жөндеуді талап етіп, жиі істен шығады. Бізде орнатылған көптеген модель өндірістен алынып тасталды, бұл жиынтықтарды сатып алуды қиындатады. Әсіресе, құрал-жабдықтардың тапшылығы неонаталдық қызмет бөлімшелерінде өте өзекті. Енді Halyk Bank пен AYALA қорының қолдауыныңарқасында неонатология бөлімшесінің барлық қажеттіліктері қанағаттандырылды. Дәрігерлердің, ірі бизнес пен қордың біріккен қамқорлығы жаңа туған нәрестелердің өмірі мен денсаулығын сақтап қалуға көмектеседі», – деп атап өтті Алматы қаласы Перинатологияжәне балалар кардиохирургиясы орталығы директорының орынбасары Светлана Александровна Лисогор. Берілген жабдықтың жалпы құны 27 003 750 теңгені болған. Қарқынды терапияға арналған инкубатор жылудың реттелуі жаңа туған нәрестелердің дене температурасын, қажетті ылғалдылықты және оттегінің деңгейін бір қалыпты ұстайды. Ашық реанимациялық жүйе шала туған балаларды емдеу үшін оңтайлы микроклиматтық жағдайларды ұстап тұруүшін арнайы құрылған. Әдетте олар шала туады (салмағы өте аз) және нәрестелерге терідегі ұсақ тесіктер арқылы буланып кететін ылғалды жоғалтпай ұстауы керек. Дененің қалыпты температурасы 37,5С аспауы, ал іш температурасы 36,2 – 36,5С шегінде болуы тиіс. Ашық реанимациялық жүйеде осы көрсеткіштерге қол жеткізу үшін керуеттің, ауаның температурасының жайлы деңгейі мен сәулелі жылу берудің қуаты белгіленеді. Фототерапия шамы жаңа туған нәрестелерді емдеуге көмектеседі. Сәби терісінің сарғаюы – бұл орталық жүйке жүйесінің ауыр зақымдануына әсер ететін уытты билирубин деңгейінің ұлғаюы. Әсіресе ол шала туған балалардың арасында жиі кездеседі. Қандағы уытты билирубиннің жоғары деңгейі дамудағы кідірістерді, атетоидты церебралды сал ауруын, ішінара немесе толық сал ауруын, құрысуды, есту проблемаларын қоса алғанда, баланың бас миының қайтымсыз зақымдануына себеп болуы мүмкін.

About Me

1283 ПОСТЫ
0 КОММЕНТАРИИ
- Advertisement -

Latest News

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...
- Advertisement -