Воскресенье, 19 апреля, 2026

Елдің сенімін ақтап жүрген халық қалаулысы

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

 

Ең әуелі адам – адамгершілігімен және өзінің парасатының биіктігімен көрікті.
Біз бүгін өзіміздің мақтанышымыз, жерлесіміз, Шымкент қалалық мәслихатының депутаты, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі – Әшірбаев Байкен Әшірбайұлын тілімізге тиек еткелі отырмыз.
Бүкіл адамзаттың ұстазы, атақты ойшыл Аристотель: «Ақиқатында, ең басты мәселе, ең биік игілік, қасиетті құндылық – қайырымдылық. Ал, қайырымдылық пен адамгершілік – егіз, бірінсіз бірінің бар болуы, оның болмысқа айналуы мүмкін емес. Әр нәрсе де өзінің мәнімен, өзіндік қасиетімен қадірлі, құнды әрі бар бола алады», – деген екен. Қазағымызда да пейілі дархан даладай кең, ниеті ақ, қайырымды, мейірімді, асыл қасиеттерді бойына жиған адамды «үлкен жүректі» дейді.
Байкен Әшірбайұлының «Nur Otan» партиясының «30 игі іс» қайрымдылық марафоны аясында қыс айында, пандемия кезінде 500 мұқтаж отбасыға азық-түлік себеттерін таратқаны есімізде. Ол аздай, Рамазан айында жеке өз қаражатын ел игілігіне жұмсап, 550 отбасыға азық-түлік себеттері таратылған болатын. Халық қалаулысының қабылдауына тұрмыстық мәселелермен келген отбасылардың да көңілін қалдырмай, 100-ге жуығына азық-түлік пен қаржылай көмегін көрсетті. Қайрымды істер марафоны аясында 100-ден аса отбасыға 1 тоннадан асып жығылатын мал етін үлестіріп, елге қайыр жасады. Бұдан өзге игі істері шаш етектен.
«Қайырымдылық керуені» жобасына белсене араласқан Байкен Әшірбайұлының қоғам үшін жасап жатқан ауқымды қызметі ескеріліп, Н.Назарбаев қорының директоры Д.Назарбаеваның Алғыс хатымен марапатталды. Сондай-ақ, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында өткен «Жомарт жүрек» сыйлығының аудандық, қалалық және республикалық «ТУҒАН ӨЛКЕ» номинациясын жеңіп алған болатын.
Байкен Әшірбайұлын жерлестеріміз қиналғанға қолұшын созатын, тарыққанға дем беретін қайырымды азамат ретінде жақсы біледі. Ел тілеуі – ер тілеуі. Байкендей бауырларымыз елде көп болса, қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын заман ертерек келетіні күмәнсіз…

©️ Әсет Әссанди,
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Жаңалықтар тізбесі

«Абайлаңыз — балалар» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

Сайрам ауданының тәртіп сақшылары күн сайын балалардың қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында жұмыстар атқаруда. Акция аясында жергілікті...

Темірден түйін түйген келіншек

Бизнес әлемінде әйелдер қауымының үлесі артып келе жатқаны көңілге қуаныш ұялатады. Жаратылысы нәзік әйел затына қоғамдық тамақтану немесе кондитерлік...

Қайырымдылық қызметі аясында түркістандық 150 бала оңалтудан өтеді

Түркістан облысындағы Түлкібас ауданында "Ақ Мейір" балаларды дамыту және инклюзивті білім беру орталығы "Самұрық-Қазына" АҚ қолдауының арқасында жаңаша қарқында...

ТҮРКІСТАН: Балаларға қуаныш сыйлаған «Армандар орындалады» жобасы қанатын кеңге жайып келеді

Түркістандық ерікті Әсел Бимырзаеваның 2022 жылы қала көлемінде ұйымдастырған «Армандар орындалады» жобасы енді облыс көлемінде қолға алынды. Өткен жылы игі...

«Ойлы болсаң, озып көр!»

Түркістанда шахматтан «Intellectualdy ult» жалпыұлттық жобасының аясында «Ойлы болсаң, озып көр!» жарысы өтіп жатыр. Шараның ашылу салтанатында «Шахмат әліппесі»...

Жастарды мемлекеттік әлеуметтік қорғау жұйесі мемлекеттік жастар саясатының бір бөлігі

Әлеуметтік  қорғау ұғымы халықтың барлық категориясына соның ішінде еңбекке қабілетті бөлігіне де тән және әлеуметтік саясат облысында кең қолданылатын ұғым...

Түркістанда газ мәселесі басты назарда

Түркістан қаласына  сағатына 80 000 м3/ табиғи газ келіп тұр. Қыс ауасына байланысты жеке абоненттер мен мекемелердің газ тұтыну...

Келгендер қанша, кеткендер қанша?

Егін егіп, мал ұстауға табиғаты қолайлы Түркістан облысына қоныс аударуға құмбыл қандастарымыз көп. Оларға мемлекет тарапынан қандай көмектер көрсетілуде?...

Жасөспірімдер арасында ала доп бәйгесі басталды

Қазығұрт аудандық №4 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде, Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының балалар мен жасөспірімдер спорт...

Тағы да