Вторник, 21 апреля, 2026

Сөзі мен ісі үйлескен іскер азамат

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

«Nur Otan» партиясының белсенді депутаты Аширбаев Бәйкеннің кейбір қырларын айта кеткенді жөн көрдік.

Әлеуметтік желіде қазақтың еменнің иір бұтағындай қайратты жігіті Бәйкен Әшірбаев досым туралы жылы лебіздер жазылыпты. Осыған орай біз білетін Бәйкеннің кейбір қырларын айта кеткенді жөн көрдік.
Әдетте, ел ішіндегі епті, көптен дараланған азаматтар Мәжіліс, мәслихаттың дуына түсерде тым жанығып кетеді. Бір қарасаң, елге азық-түлік таратып жатады. Бір қарасаң, қираған көпірді жөндеп, лентасын қиып жатады. Ел алдында еміреніп сөйлеп тұрғанын тағы көресің. Халық сенім білдіріп депутаттыққа сайласа аспандағы айды алып береді екен. Депутат болса қой үстіне бозторғай жұмыртқалататын екен.
Болғаны болды, болмағаны уәдесін жұтып қояды. Бес саусақ бірдей еместігі сияқты, араларында осындай қайығы судан өткенше уәде бергіштер көптігін ел біліп болды.
Бүгінде «Nur Otan» партиясының мүшесі, Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Бәйкен Әшірбаевты біз таныған кезде мансап біткеннен аулақ кәсіпкер болатын. Бірде ауылдағы кеудесі алтын сандық қариялардан естіп қалдық. Осы Бәйкен жыл сайын КамАЗ-ды ауыл шетіне тіреп қойып, тегін азық-түлік үлестірер екен. Қап-қап ұн, қант, сұйық май сияқты күнделікті тұтынатын азықты жағдайы келіңкіремей жүрген ағайынға бөліп береді.
— Ау, біреулер бір жетімге қытайдың арзан күртесін кигізсе жаһанға жар салады, сенікі не?,-десең.
— «Оң қолыңның бергенін сол қолың көрмеуі керек» деген бар. Осы елдің азаматы болып дәулетіміз артып жатқан соң әлсізге көмектесу парызымыз дейтін.
Бүгінде арда азамат-халық қалаулысы. «Nur Otan» партиясынан мәслихатқа үміткер болып, сайлауға түсті. Қатардағы үндемес депутат емес, сөзі мен ісін қатар алып жүретін азамат. Партияның сайлауалды бағдарламасындағы аманаттардың орындалуына қайраткерлік танытып бел ортасында жүр.
Жақсы дос, жақсы інімізге ел үшін істеп жатқан еңбектері баянды болсын дегіміз келеді. Мемлекетіміздің мәртебесі биіктей берсін.

Бақтияр Тайжан

Жаңалықтар тізбесі

Төлебиде жаңа кәсіпорын ашылды

Төлеби ауданында «КазахБитум» ЖШС-нің мұнай өнімдерін өңдеу зауытындағы үздіксіз полимерді модификациялау цехы ашылды. Киелітас ауылдық округі аумағында орналасқан зауыт...

ТҮРКІСТАН: Солтүстікке қоныс аударуға ниетті азаматтардың алғашқы легі жолға шықты

Биыл «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» жобасы аясында республика бойынша 6727 квота бөлініп, қоныс аударушылар үшін мемлекеттік қолдау...

Айтыскер ақынмен кездесу өтті

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің “Төрт тоқсан – төрт өнер” ұлттық мәдени-ағартушылық жобасын іске асыру мақсатында Мақтаарал ауданындағы Сабыр Рахымов...

Түнгі рейд жұмыстары жалғасуда!

Түлкібас аудандық полиция бөлімі және аудандық ішкі саясат бөлімінің “Жастар ресурстық орталығы” КММ мен аудандық Адами әлеуетті дамыту бөлімі...

2023 жылдың 23 қаңтарынан бастап шетелдік көліктерді заңдастыру акциясы басталды

ҚАНДАЙ АВТОКӨЛІКТЕР ЗАҢДАСТЫРУҒА ЖАТАДЫ? 🚗 🚎 🚛 Қазақстан азаматтары сырттан әкелген шетелдік есептегі жеңіл автокөліктер, шағын, орта сыйымдылықтағы автобустар, шағын...

Түркияны велосипедпен жүріп таныңыз

Велосипедте Түркияны тамашалауға дайынсыз ба? Жерорта теңізінен Эгейге дейін табиғатта жасыл мен көк аралас әдемі шығанақтарды аралап, мөлдір су...

А.СӘБИТОВ: Еліміздің демографиялық дамуына сайрамдық аналардың да үлесі зор

Бүгін аудан әкімі Арман Сәбитов Орталық перзентханаға барып 14 қарашада өмірге сәби алып келген аналарды арнайы құттықтап, жылы лебізін...

Түркістанда Turkistan Marathon 2022 марафоны өтті.

Түркістанда Turkistan Marathon 2022 марафоны өтті. Салауатты өмір салты мен бұқаралық спортты насихаттау барысында өткізілген жарысқа еліміздің түкпір-түкпірі мен...

Sanders Gets Respectful Welcome at Conservative College

 The main thing that you have to remember on this journey is just be nice to everyone and always...

Тағы да