ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын арттыру туралы келісімге келуі мүмкін, алайда бұл шешімнің бастапқы кезеңде нарықтағы ұсынысқа айтарлықтай ықпалы болмауы керек.
Reuters агенттігінің дерегінше, әлемдік мұнай нарығындағы ахуал геосаяси шиеленістерге байланысты күрделене түскен. АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы әскери әрекеттері қара алтын тасымалына кері әсер етіп, жеткізу тізбегінде іркілістер туғызған.
Салдарынан ОПЕК-тің жетекші өндірушілері – Сауд Арабиясы, Ирак, Кувейт және Біріккен Араб Әмірліктері өндірісті қысқартуға мәжбүр болды. Бұл жағдай әлемдік нарықтағы ұсыныстың азаюына ықпал еткен.
Маңызды факторлардың бірі – Ормұз бұғазы арқылы өтетін мұнай көлемі. Сарапшылардың мәліметінше, әлемде саудаланатын мұнайдың 20%-дан астамы дәл осы бағытпен тасымалданады. Сондықтан бұғаздағы кез келген тұрақсыздық жаһандық нарыққа тікелей әсер етеді.
Осының шеңберінде Brent маркалы мұнай бағасы соңғы төрт жылдағы ең жоғары деңгейге көтеріліп, барреліне шамамен 120 долларды құрады.
