Воскресенье, 19 апреля, 2026

Тарихи мұраға бай…

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Өзбекстан қалаларының қайсысын алып қарасаңыз да айырықша бір үйлесім, үндестік бар сынды. Ол ең алдымен тарихи мұраға байлығы. Екіншіден жасыл желекке көмкерілген көрікті жерлерінің көптігі. Тіпті қалалар арасында пойызбен қатынағанда да шалғай шеттегі ауылдарының атырабына дейін жасыл желекке малынып тұр.

Шілде айының ортасынан ауса да, сарғайған шөп көрмейсің. Үй аулалары жеміс ағаштарынан көрінбейді, ал шаруашылықтары тамшылатып суғаруды тиімді пайдаланып, табиғатын тамаша етіп, әрі мол табыс тауып отыр. Өзбек ағайындардың еңбексүйгіштігін осыдан -ақ байқауға болатын сынды. Түркітілдес журналистер қорының Өзбекстан Туризм және спорт министрлігімен біріге отырып ұйымдастырған пресс-турымыздың бесінші күні Бұхараға жол тарттық. Қалаға кіргеннен-ақ тарихқа бай екенін көк тіреген мұнараларынан байқауға болады. Шырайлы Шымқаламыздың ыстығы Бұхараның аптабының қасында түк еместей көрінді. Ми қайнатар ыстықта жүру оңай емес екен.

Әлемнің ең ежелгі қалаларының бірі саналатын шаһар бүгінде халықаралық туризм орталығына айналған. 400 – ден астам археологиялық ескерткіштер бар. Қаланы аралап шығуға 10 күн аздық етеді дейді жолбастаушымыз. Көне қалаға деген қызығушылық мол екенін шетелдік туристердің көптігінен де байқауға болатындай. Көне шаһарға саяхатымыз ежелгі ескерткіштердің бірі АРК кешенінен басталды.

Тәжікшеден аударғанда қамал деген мағынаны білдіреді екен. Сол кезеңдегі әмірдің қысқы резиденциясы болған АРК біздің дәуірімізге дейінгі III-IV ғасырда негізі қаланған. Содан кейін Шыңғыс хан дәуірінде Бұхара толықтай күйрегенде бұрынғы ғимараттар да түгелге жуық қираған. Әмір Темір заманында шамамен 4 гектардан астам жерге ғимарат соғылған екен. Талай шапқыншылықтың куәсі болған алып тас қалашықтың бүгінде тек бір-бөлігі қалған. 4 гектардың аумағының 80 пайызы өртеніп кеткен. Қалған 1 гектары яғни, 20 пайызы ғана сақталып қалған дейді жолбастаушымыз.

Аумақта 3 мешіт сақталып қалған. Солардың бірі жұма мешітін 1702 жылы сұлтан Кулихан салдырған. Қарағаштан жасалған колонналары керемет. Реставрация жасалмаған. Ағашқа ою салу оңайырақ болған соң көбіне қара ағаштар пайдаланылған екен. Биік ғимараттың алдыңғы бөлігіне қойылған 4 қара ағаш нешетүрлі ою-өрнекпен көмкерілген. Әрі бір бөлігі де бүлінбей бүгінгі күнге жетіпті. Алып аумақ бүгінде музейге айналдырылған. Қару – жарақтың нешеме түрі бар. Сандық, теріден жасалған бұйымдар, билеушінің тағы, алып самаурын, тайқазан, ыдыс аяқтың сан алуан түрі самсап тұр. Сол заманнан сыр шертіп…

Одан бөлек, билеушілердің алтынмен апталған салмағы 20 келіге дейін жететін киімдері, алып Құран кітабы және сіріңкенің көлеміндей кішкене түрі де сол күйі сақталыпты. АРК-тің алдында үлкен Құм алаңы болған, мұнда діни мерекелік шаралар өткен. Сарай күзетшілері тұрған арнайы орын да бар. Патаолон 1890 жылы төбесі қарағаштан ауыстырылған. Шетелдіктерден бөлек мұнда ауыл-аймақтардан келген саяхатшылар да көп. Өз елдерінің тарихына деген құрметі, көріп білуге деген құштарлықтары басым екені байқалады. Бір қызығы, мұнда музейлерге кіру билеті екі түрлі бағамен сатылады екен. Әдетте шетелдіктер ел азаматтарына қарағанда екі есе көп төлейді. Мұндай тәжірибе өзге еш елде жоқ.

Гүлжан Көшерова

Жаңалықтар тізбесі

ҚАЗАҚСТАН-ФРАНЦИЯ: БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖАҢА КЕЗЕҢГЕ ҚАДАМ БАСТЫ

    Қазақстан-Франция жоғары оқу орындарының VIII халықаралық форумы екі ел арасындағы ғылыми және білім беру саласындағы әріптестікті одан әрі нығайтуға бағытталды. ЖОО...

«DENSAULYQ»кәсіподағы 200-ден аса балаға мектепке қажетті жабдықтарын алып берді

«DENSAULYQ» Денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі 200-ден аса балаға мектепке қажетті жабдықтарын алып берді. «DENSAULYQ» қоғамдық бірлестігі...

«Мақсатымыз – түбі бір түркі елдерін жақындастыру»: Алматыда ІІІ Халықаралық түркітілдес журналистер медиа форумы басталды

  Түркі елдерінің ақпарат құралдары мен журналистері қысқамерзімді және ұзақмерзімді стратегиялық жоспарларды құра отырып, мақсатты да үздіксіз дамуға мүдделі. Бұл...

Түркістан облысында 1 шілдеден бастап еңбек мобильділігі орталықтары құрылады

2023 жылғы 20 сәуірде Мемлекет басшысы 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енетін Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне қол қойды. ҚР...

«DENSAULYQ» кәсіподағы отбасыларға қолдау көрсетті

 «DENSAULYQ» денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы қайырымдылық акциясын өткізді. Іс-шараның аясында кәсіподақ жетекшісі Сәкен Арыстанұлының бастауымен әлеуметтік аз...

Аудандық жастар форумы өтті

Бүгінгі күнгі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың, зорлық-зомбылық алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы...

ТҮРКІСТАН: Балалардың жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздігі бойынша рейдтер жалғасып жатыр

Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Бағланбек Айтпаев...

Түркістан облысында агрессивті балалардың саны артқан

Түркістан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аудан, қалалық басқармалары жыл сайын медицина мекемелерінен мектеп жасындағы оқушылар мен балабақша тәрбиеленушілерінің медициналық...

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАНЫҢ НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕРІНІҢ ОРЫНДАЛУ САПАСЫН БАҚЫЛАДЫМ

«Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасын іске...

Тағы да