Воскресенье, 19 апреля, 2026

Мәулен Әшімбаев: Тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заңды қатайтуға дайынбыз

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Бұл бағыттарда тиісті министрліктер, мемлекеттік органдар жұмыстарды атқарып жатыр. Бірақ ол жеткіліксіз шығар.

Сенатор Мәулен Әшімбаев тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заңды қатайту мәселесіне қатысты пікір білдірді.

Біз қылмыстық кодекстің тиісті баптарын өзгертіп, осындай қылмыстар үшін жауапкершілікті күшейттік. Сіз айтып отырған оқиға – ерекше жағдай. Ол — үлкен қылмыс. Тергеу органдары бәрін анықтайды, ары қарай сот шешімі болатын шығар. Сот жазаны да, жауапкершілікті де анықтайды, — деді ол.

Сонымен қатар Әшімбаев Қазақстан заңнаманы қатайту бойынша қажетті шараларды қабылдап жатқанын айтты.

Егер заңнаманы ары қарай күшейту керек болса, біз оған дайынбыз. Біз оған дейін де оны жасадық. Егер ары қарай да қоғам талабы болса, біз мамандармен ақылдаса отырып, ол қадамдарға да барамыз. Оған күмән болмауы керек. Тек заңнаманы өзгертумен бұл мәселені шешуге болмайды. Жалпы заңдарды қатайтқаннан мәселе шешіліп кетпейді. Сонымен қатар, жалпы адамдардың, жастардың мәдениет деңгейін де көтеру керек секілді. Елімізде осындай бағыттарда азаматтарымыздың мәдениетіне қатысты да үлкен жұмыстарды жүргізу керек деп ойлаймын.

Бұл бағыттарда тиісті министрліктер, мемлекеттік органдар жұмыстарды атқарып жатыр. Бірақ ол жеткіліксіз шығар.

Жалпы түсіндіру, ағарту жұмыстары керек екені анық. Тәрбие бала кезден қалыптасады. Мектептен бастап түсіндіру керек. Қыз бен баланың арасында қарым-қатынас қалай болуы керек? Қалай бір-бірін құрметтеуі керек? Қыздарға қол көтермеу керектігін бала кезден ер балаларға түсіндіре беруіміз керек. Бұл жерде тәрбие жұмыстарында үлкен олқылықтарды көріп тұрмыз десек артық болмайтын шығар, — деді Әшімбаев.

Жаңалықтар тізбесі

Айтыскер ақынмен кездесу өтті

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің “Төрт тоқсан – төрт өнер” ұлттық мәдени-ағартушылық жобасын іске асыру мақсатында Мақтаарал ауданындағы Сабыр Рахымов...

Ел болашағы үшін тағы бір нысанның құрылысы басталмақ.

Түркістан қаласында «Nurorda» халықаралық  мектебі салынады. Аталған бастама бойынша Түркістан облысының әкімі инвесторлармен кездесіп, жобаны талқылады. Алдағы уақытта Түркістан...

Өнермен өрістес әже

Сәулегүл Қалымбетова жастайынан өнерге бейім болып өседі. Той-томалақтарда ән салып, той бастап жүріп, ел ішінде «әнші қыз» атанады. Әкесі...

Бақылау жұмыстары жүргізілді

  Еңбекші ауданының әкімі Досбол Есилбекпен бірге «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған...

«NUR OTAN” ПАРТИЯСЫНЫҢ ФРАКЦИЯ МҮШЕСІ, ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ РЕТІНДЕ, ЖАС ДАРЫН — 2 БАСТАУЫШ МЕКТЕБІНІҢ ЖҰМЫС САПАСЫН БАҚЫЛАДЫМ

  «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасын іске...

ТҮРКІСТАН: Қазығұртта аудандық жастар форумы өтті

Қазығұрт аудандық орталық мәдениет үйінде «Тәрбиелі жастар – қауіпсіз қоғам» атты форум болып өтті. Жиынға аудан әкімі Азизхан Исмаилов,...

МӘМС пакетіндегі балаларға көрсетілетін медициналық көмек туралы ТОП-10 сұрақ

  Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры үнемі Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы, @SaqtandyryBot телеграм-бот және 1414 байланыс орталығы арқылы балаларға медициналық көмек...

«Қызыл» мәртебесімен анықталған жеке тұлғаларға 9 599 630 теңгеге айыппұл салынды

Шымкент қаласында COVID-19 сырқаттанушылығының және вирустық пневмония ауруының тіркелуінің жалғасуына байланысты және халық арасында коронавирустық инфекцияның таралуының одан әрі...

Қазақстандағы тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес: заңнамалық өзгерістер мен әлеуметтік жобалар

Жыл басынан бері тек ресми мәлімет бойынша ҚР-да 302 тұрмыстық қылмыстық құқық бұзушылық жасалған. Биыл қаңтар–сәуір айларында Қазақстанда 302 тұрмыстық...

Тағы да