Понедельник, 20 апреля, 2026

Ерлан Карин: «Отбасындағы зорлық-зомбылықтың басты себебі — немқұрайлылық»

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Карин қазақстандықтарды тұрмыстық зорлықзомбылыққа бейжай қарамауға шақырды.

Оның айтуынша, заңдылық пен құқықтық тәртіп принциптерін орнықтыру бұзақылық, балаларға қарсы қылмыс, тұрмыстық зорлық-зомбылық сияқты аса жағымсыз құбылыстармен күресуден басталады.

«Азаматтардың алаңдауы мұндай құқық бұзушылықтарға қарсы бірінші және ең маңызды тосқауыл болып табылады. Сондықтан елде дөрекілікке, агрессияға және кез келген нысандағы қылмысқа барынша төзбеушілік ахуалын қалыптастыру өте маңызды. Қоғамда белсенді азаматтық ұстаным басым болуы керек, адамгершіліктің, ынтымақ пен өзара көмектің негізгі нормалары насихатталуы керек», — деп жазды Ерлан Қарин өзінің Telegram-арнасында.

Мемлекеттік кеңесші Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде балалардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғау, тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес мәселелерін жиі көтеретінін атап өтті.

«Оның сөйлеген сөздері дәйекті және принципті ұстанымды көрсетеді. Президент әдепсіздіктің, бұзақылық пен зорлықзомбылықтың кез келген көріністерін қатаң түрде жолын кесіп, жеке адамдарға, әсіресе әйелдер мен балаларға қарсы қылмыстар үшін жазаны қатайту қажет деп санайды. 2020 жылдан бастап Қазақстанда тұрмыстық зорлықзомбылықпен күресу бойынша жүйелі шаралар қабылдануда. Ұлттық Қоғамдық сенім кеңесінің бастамаларын жүзеге асыру аясында полицияның тиісті бөлімшелерінің штаттық саны күшейтіліп, тұрмыстық зорлықзомбылық істерін тергеуде әйел тергеушілерді мамандандыру енгізілді», — деді ол.

Қарин жақында заңнамаға енгізілген өзгерістерге сәйкес, мұндай қылмыстар қазір жәбірленушілердің сөзінен ғана емес, куәгерлердің, көршілердің айғақтары, бейнекамераның жазбалары және т.б. арқылы да анықталатынын айтты.

«Сонымен қатар, қазір тараптардың татуласу мүмкіндігі алынып тасталды. Жалпы, тұрмыстық зорлықзомбылық үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік күшейтілді. Әрине, балама көзқарас бар. Кейбіреулер заңнаманы одан әрі қатайту мұндай құқық бұзушылықтардың ашылуының төмендеуіне әкелуі мүмкін деп санайды.

Бірақ тәжірибе көрсеткендей, қылмыспен күресудің ең тиімді тетігі жазаның бұлтартпастығы мен қатаңдығы болып табылады. Сонымен қатар, мәселені шешу тек заңнаманы өзгертуде ғана емес, азаматтардың моральдық-құндылық көзқарастары мен мінез-құлық үлгілерін жаңартуда екенін түсінуіміз керек. Қоғамда мұндай әрекеттерге жұмсақ көзқарас қалыптасқанша, мемлекет тарапынан қабылданып жатқан шаралардан нәтиже күту қиын», — деді ол.

Осылайша, деструктивті мінез-құлықтың кез келген көріністерімен күрес кешенді тәсілді қажет ететінін атап өтті.

«Қоғамдық деңгейде қылмысқа төзбеушілік қағидаттарын, ал мемлекеттік деңгейде заңдылық пен тәртіпті қатаң сақтауды насихаттау керек. Сондықтан, мемлекеттік органдар мен қоғам белсенділері әдепсіздік пен зорлық-зомбылықпен тиімді күресудің шоғырландырылған тәсілін әзірлеуі керек», — деп қорытындылады Ерлан Қарин.

Жаңалықтар тізбесі

«Тұран дауысы» ән байқауы шымылдығын түрді

  Түркістанда халықаралық ән байқауы басталды.   Войс оф Туран деп аталатын халықаралық дода биыл үшінші рет шымылдығын түрді. Жобаның...

ТҮРКІСТАН: Республикалық «Jas talant» байқауының жеңімпаздары анықталды

Бүгін Түркістандағы «Оқушылар сарайы» - ЮНЕСКО клубында III республикалық «Jas talаnt» онлайн конкурсының қорытынды гала-концерті өтіп, жеңімпаздар марапатталды. Аталған...

ТҮРКІСТАНДА ОКТЯБРЬ ЖАРЫЛҚАПОВ АТЫНДАҒЫ СТАДИОН ЖАҢАРТЫЛЫП, ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Түркістан қаласында Октябрь Жарылқапов атындағы стадион толық жөндеуден өткізіліп, жаңаша үлгіде жаңартылды. Стадионның ашылу салтанатына қала тұрғындары, ел ақсақалдары,...

БҰЛ РЕФОРМАНЫҢ ЖӨНІ БӨЛЕК

Күні кеше Мемлекет басшысының Жарлығымен жетінші шақырылымның Мәжіліс депутаттарының барша облыстық, сондай-ақ қалалық мәслихат депутаттарының жұмыстары да өз мәресіне...

ШОБ үшін Қазақстандағы үздік банк анықталды

Global Finance халықаралық беделді қаржылық басылымы Best SME Bank Awards сыйлығы шеңберінде Halyk Bank “2021 жылғы Қазақстандағы шағын және орта бизнес...

Жастар — біздің болашағымыз!

  Жастар — елдің болашағы. Халқымыз жастар тәрбиесіне әрдайым көңіл бөліп отырған. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты аясында жастардың рухани,...

Аграрлық секторды дамыту мәселелері талқыға салынды

«Аманат» партиясы жұмысын жалғастырып жатыр. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы аясында ауылшаруашылық саласы бойынша қоғамдық тыңдау өтті. Мәслихат депутаттары...

Cardi B Deletes Instagram After Social Media Backlash Over Her Historic Grammys Win

 The main thing that you have to remember on this journey is just be nice to everyone and always...

Еуразиялық интеграция институты жүргізген сауалнама бойынша Exit poll нәтижесі

Қазақстандықтардың 86,7%-ы «Иә, қабылдаймын» деп жауап берген. Еуразиялық интеграция институты Қазақстанның 17 облысында, Астана, Алматы, Шымкент қалаларында Exit poll –...

Тағы да