Понедельник, 20 апреля, 2026

Көпбалалы отбасыларға қолдау

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Ұлт байлығынан балалардың болашағы үшін үлес бөлетін идея ә дегеннен әлеуметтің қолдауына ие болып, көпшілік бұл жаңа­лық­ты­ қуана қабылдады. Сондықтан Президент өзі бас болып, қолға ал­ған «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасынан зор үміт күтеміз.

Аталған бастама бойынша бала іңгәлап дүниеге келгеннен бас­тап оның атына қаржы аударыла бас­тайды. Бұл қаржы 18 жасқа тол­ған­ша жинақталып, балалардың бола­шағына жолдама беруі үшін бас­пана алуға және білім алуға жұм­са­лады. Бұл ретте бір мақсаттың «білім алу» деп белгіленгені өте ма­ңызды. Өйткені балаларын оқуға тү­сіре алмай қиналып қалатын ата-аналар баршылық. Әсіресе көп­балалы отбасылар барлық бала­­сын түгел қамтамасыз етуге жағ­дайы жете бермейді. Бүгінде қо­сымша білімсіз, репетитордың кө­мегінсіз білім грантына қол жет­кізу өте қиын. Ал арнайы репе­титор жалдап, балаларының дайын­дығын күшейтуге көпбалалы ата-аналардың қалтасы көтермей жата­ды. Осындай бала-шағасы көп отбасы көбіне әлеуметтік жағы­нан аз қамтылғандар санатына кіреді. Олар үшін әлеуметтік бағ­дар­ламалардың септігі мол. Сон­дықтан да «Ұлттық қор – бала­ларға» бағдарламасы пайда бол­ған­да, ең алдымен, осы көпбалалы отбасылар үшін қуанып отырмын.

Бұйырса, келесі жылдан бас­тап бағдарламаның игілігін көре бас­тай­мыз. Бұл ретте қордың табысын арт­тыратын іс-шаралар да мықтап қолға алынатын шығар деп ойлаймын. Бұған табысын жасыратын кә­сіп­керлер де ашықтыққа көшіп, ба­ла­лардың қамы үшін көмек етуі керек.

Сонымен қатар болашақта «Ұлт­­тық қор – балаларға» бағ­дар­­­ламасы аясында жиналған қа­ра­­жаттың балалардың еміне жұм­сауға мүмкіндік берілсе екен деген тілегіміз бар. Себебі бала­ла­рының еміне ақша жеткізе алмай,­ көпшіліктен жылу жинап жүр­гендер әлі де көп. Мұндай кө­мек­ке мұқтаждардың барлығына «Қа­зақ­стан халқына» қоры жет­кі­лікті дең­гей­де қол ұшын соза алмай отыр. Осы орайда ауыр дертке ұшыраған және мүгедектігі бар балалардың емі­не қажет қаражат мәселесін қа­пер­ге алған жөн.

Ләззат ҚОЖАХМЕТОВА

Жаңалықтар тізбесі

Арыстық кәсіпкер ауыл жастарына отандық фильм көрсетті

Арыстық кәсіпкер Әлішер Рүстембек Арыс қаласының 250 оқушы-студенттерін «Міржақып. Оян, Қазақ» фильміне апарды. Кәсіпкер бостандық үшін басын бәйгеге тіккен боздақ,...

Түркістанда «Қамқорлық жанұя орталығы» ашылды

Түркістан қаласының әкімдігі «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қамқорлық жанұя орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз жұмысын...

Түркістандық ару өрт сөндіру-құтқару спортынан Әлем чемпионы атанған

Түркістанда өрт сөндіру-құтқару спортынан әлем чемпионы атанған Айдана Тұрсын облыстық Төтенше жағдайлар департаментінде жұмыс істейді. Ол 17 жасынан бастап...

“NUR OTAN” партиясы өз уәдесіне берік

Көктем айында осы аймақтың тұрғындарымен кездескенбіз, сонда тұрғындар тарапынан біршама мәселелер айтылып, партия тарапынан тиісті мекемелерге жеткізетінімізді ескерткенбіз. «Nur...

Демографиялық өсім экономикаға дем береді

Қазақстанның демогра­фиясы – бұл елдің әлеуметтік және экономикалық дамуын­да маңызды рөл атқаратын күрделі және көп қырлы сала. Ағымдағы демографиялық ахуалды...

Түркістанда жаңа ХҚКО ашылды

Түркістанда жаңа ХҚКО ашылды.Бұл жағдай қала тұрғындарының өтініші негізінде жүзеге асты.Қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков халықпен кездесуде тұрғындар  құжат алу...

ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР

Түркістан облысы, Бәйдібек ауданының орталығы Шаянда дзюдо күресінен жасөспірім ұлдар және қыздар арасында IV-ші республикалық турнирдің жалауы түрілді. Дүбірлі...

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫЛЫҚ КӨПБАЛАЛЫ АНА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУМЕН КӘСІП АШҚАН

Темірлан ауылының тұрғыны Ләйлә Әбдімәжитқызы көпбалалы кәсіпкер ана. «Ана көрген тон пішер» дегендей, ол бала кезден тігіншілікті анасынан үйренген....

Түркістан облысында балаларды тасымалдауға қосымша 30 автобус берілді

«Балалар жылы» аясында республика көлемінде тапсырылған 500-ден астам заманауи талаптарға сай автобустардың 101-і Түркістан облысының балаларының игілігіне берілді. Бұл автобустар...

Тағы да