Вторник, 21 апреля, 2026

ТҮРКІСТАН: АРЫСТАН ШЫҒАТЫН ТАНЫМАЛ МИНЕРАЛДЫ СУЫ ШЕТЕЛГЕ ЭКСПОРТТАЛМАҚ

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...


Түркістан облысы, Арыс қаласында өндірілетін минералды суға қытайлық компания қызығушылық танытып отыр. Бүгін Арыс қаласына Қытай Халық Республикасынан инвесторлар келді. Қала әкімінің орынбасары Ерғали Қуандық шетелдік қонақтарға қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайын баяндап, қала әкімінің бастамасымен Арысқа тартылып жатқан инвестициялық жобалар туралы айтып өтті.
Бұдан кейін меймандар «Арыс минералды су» ЖШС-нің жұмысымен танысты. Серіктестік директоры Руслан Полатханұлы өндіріс орнымен жан-жақты таныстырып, кешенді дамытуға арналған алдағы жоспарларымен бөлісті.
Белгілі болғандай, инвесторлар бұған дейін «Arys» брендімен танымал емдік судың құрамын анықтау үшін арнайы сараптамадан өткізген. Зертханалық жұмыстардың қорытындысы бойынша отандық өнім табиғи тазалығы әрі денсаулыққа пайдалы минералға бай екендігі анықталған. Осыған сәйкес, компания басшылығы «Арыс Минералды Су» ЖШС-мен әріптестік орнатып, инвестиция салуға, сондай-ақ Қытай еліне емдік дәруменге бай ауызсуды үлкен мөлшерде экспорттауға ниетті. Сәтін салса, Түркістан өңірінің бренді саналатын «Arys» минералды ауызсуы шетел нарығына шығарылады деген үміт бар.
Айта кетейік, Арыс қаласында орналасқан «Арыс минералды су» ЖШС-і жылына 18 млн. литр минералды су өндіреді. Бүгінде 20-дан астам адам жұмыс істеп, тәулігіне 15 мың құты су шығарып отыр. Шипалы сусын 1870 метр тереңдіктен алынады.
Судың емдік қасиеті мол, ол жөнінде курортология институтының қорытындылары алынған. Қазіргі таңда серіктестік 0,5; 1; 1,5; 5; 19 литрлік құтыларға газдалған және газдалмаған су шығарады. Бүгінгі таңда табиғи минералды ауызсу Арыс қаласы мен Түркістан облысының өзге аудандарына, Алматы, Қызылорда, Шымкент облыстарына жөнелтілуде.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жаңалықтар тізбесі

ТҮРКІСТАН: Арыстық жастар халықаралық әскери-патриоттық сайыста жүлдегер атанды

Арыстың айбынды жастары жуырда Қарағанды облысы, Спасск қаласында еліміздің 20 өңірі мен Әзірбайжан және Өзбекстан Республикаларының әскери-патриоттық клубтарының қатысуымен...

«ПАРАСАТҚА» ЖЕТКЕН «ЖОМАРТ ЖҮРЕК» ИЕСІ

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының жарияланауы жарқын істердің бастамасы болды. Руханиятымыз...

Адам саудасы тыйылмай тұр

Адам саудасына қатысты елімізде жылына шамамен 100-ден астам қылмыс тіркеледі екен. Биыл 4 айда адам саудасы бойынша 30-ға жуық...

ХАЛЫҚ ЖОЛДАУДЫ ҚОЛДАЙДЫ

2023 жылдың 1 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Конституциясының 59-шы бабына сәйкес VIII шақырылымдағы Парламенттің екінші сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт...

ТҮРКІСТАНДА МҰХТАР ШАХАНОВТЫҢ МЕРЕЙТОЙЫНА АРНАЛҒАН «ӘЛЕМ ТАНЫҒАН АҚЫН» АТТЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ

Түркістандағы «Farab» кітапханасында Түркістан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен Қазақстанның Халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек ері Мұхтар Шахановтың 80 жылдық мерейтойына арналған...

Түркістанда тиімді жобалар жүзеге аспақ.

  «Жайлы мектеп» ұлттық пилоттық жобасы арқылы 63 мектеп салынады.Түркістан облысы бойынша «Жайлы мектеп» ұлттық жобасына 63 мектеп енгізіліп, бекітілді....

Адам саудасымен күрес мәселесі талқыланды

Шымкент қалалық кәсіпкерлер палатасында туризм бойынша кеңестің отырысы өтті. Кеңес төрағасы, жарнама агенттіктері қауымдастығының төрағасы Абдуғали Сейдуалиевтің модераторлығымен өткен...

Қазақстанда адам саудасына мигранттар ұшырайды

Елдің ресми статистикасы халықаралық есептерден анағұрлым алшақ. Шындығында, 2018 жылы Қазақстанда қазіргі заманғы құлдықта 75 мың адам болған. Орталық Азия...

Тұрмыстық зорлық-зомбылық – қоғамның дерті

Қазақстан Республикасының Конститутциясында адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды, әркімнің ар-намысы мен абыройын қорғауына құқығы бар деп жазылған. Дегенмен, біздің заманауи...

Тағы да