Воскресенье, 19 апреля, 2026

Теріскейде басталған жаңа өмір

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Елімізде азаматтарды оңтүстік өңірлерден солтүстік өңірлерге ерікті түрде көшіру бағдарламасы «Жұмыспен қамту бағдарламасы» шеңберінде жүзеге асырылып келеді. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында солтүстік өңірлердің демографиялық мәселелерін шешуге ерекше назар аударылды. Өздеріңіз білесіздер, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарында демографиялық теңгерімсіздік проблемасы бар. Яғни, оңтүстік өңірлермен салыстырғанда бала туудың төмендігі, жастардың іргедегі Ресейге көшуі байқалады. Салдарынан көші-қонның теріс сальдосы мен егде жастағы азаматтардың үлесі артуда.

Бүгінде оңтүстік солтүстікке қоныс аударушы жандарға қолайлы жағдай жасалып отыр. Мәселен, Сарыағаш ауданынан Заңғар ауылынан көшіп келген Шерзат Райымбековтің айтуынша солтүстікте өмір сүруге, кәсіппен айналысуға барлық мүмкіндік бар. «Тек ерінбей жұмыс істесең болғаны. Мол табысқа кенелуге болады»  дейді ол.

Шерзат бау-бақшаның қыр-сырын жақсы меңгергендіктен жылыжаймен айналысуды жөн көрген.

Кәсіпкер отбасы қияр мен қызанақтан бөлек қауын, шалғам егіпті. Бүгінде үш соттық жерден үш миллион табыс тапқан.

Ресми мәліметке сүйенсек, мемлекеттік бағдарламалар арқылы оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударушы түркістандықтардың басым бөлігі Павлодар облысын таңдаған.

Бұл өңірге 130-дан аса отбасы көшіп келіпті. Ал, Солтүстік Қазақстан облысына 109 отбасы, Қостанай облысына 23 отбасы қоныс аударған.

Жалпы Павлодар облысында ауыл шаруашылығы мамандарына, білім саласына, дәрігерлерге, техникалық мамандықтарға және қызмет көрсету саласының мамандарына сұраныс жоғары.

«Қоныс аударушыларға 35 айлық есептік көрсеткіштен 70 айлық есеп көрсеткішке дейін субсидия төленеді. Отбасы мүшелерінің әрқайсысына 214 мың теңге беріледі. Сондай-ақ қоныс аударушыға он екі ай бойы ай сайын тұрғын үйді жалдау және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша материалдық көмек ұсынылады», – дейді Павлодар облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Гаухар Байтілесова.

Бүгінде мемлекеттік бағдарламалар аясында теріскейге қоныс аударушылар қатары жыл сайын артып келеді.

Биылғы 7 айда «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында солтүстік өңірлерге тағы 270 отбасы қоныс аударған.

Яғни, 951 тұрғын Теріскейге көшіп, жаңа өмір бастап отыр. Ал, жалпы биыл республика бойынша жоба аясында Түркістан облысына 6424 квота бөлінген.

——————————————————————————————

2181

Жаңалықтар тізбесі

Жастарға тарихтан өнеге көп.

  Түні тез таусылып, таңы жылдамататын жаздың ұзақ күнінде әулиелі де киелі орындарға зиярат етіп, Алладан тілектілеушілер қатары арта түседі....

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ: «БІЗ ҮШІН ӘР ТҰРҒЫННЫҢ МӘСЕЛЕСІ МАҢЫЗДЫ»

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Шардара ауданы тұрғындарымен кездесті. Жүздесуде тұрғындар тарапынан инфрақұрылымды жақсарту, мектеп тапшылығы, жол, каналдарды жөндеу,...

Жастар жақсыға еліктесе, болашағымыз жарқын!

Ол кісі Шымкент қалалық мәслихат депутаты, фракция мүшесі, ел ағасының бастамасымен қаламызда көптеген халыққа игілігі көп шараларға куә болып...

Түркістан облысында «Жайлы мектеп» жобасымен 63 мектеп салынады

Түркістан облысында «Жайлы мектеп» Ұлттық пилоттық жобасын іске асыру шеңберінде 2023-2025 жылдары 63 мектептің құрылысын салу жоспарланған. Аталған 63 мектептің...

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА «САЛАМАТТЫ ҚАЗАҚСТАН» МЕДИЦИНАЛЫҚ ПОЙЫЗЫ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТТІ

Осы жылдың 26 сәуірінен бастап ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның қолдауымен «Самырұқ-Қазына» және ҚР...

» Voice of Turan» байқауының жеңімпазы анықталды

Түркістанда екі күнге ұласқан " Voice  of  Turan" байқауы мәресіне жетті. Аталмыш өнер фестивалі ресупблика күні мерекесін орайластырылған. Байқау...

Жастар тәрбиесінің бастауы – отбасы жүрегі – әйелде!

Жастар тәрбиесінің бастауы – отбасы жүрегі – әйелде!   Бұл тақырыпты алғанда нәзікжандардың басына өмір сүрудегі қиыншылықтың бәрін жүктеп  қою...

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫ ЖАҢА ҚОНДЫРҒЫЛАРМЕН ТОЛЫҚТЫ

Ордабасы аудандық Орталық ауруханасының емдеу базасы жаңа заманауи құрал-жабдықтармен толықты. Атап айтқанда, емдеу орталығына әртүрлі өкпе патологияларын анықтау мақсатында қолданылатын...

ТҮРКІСТАН: «Ақ дидарлы әжелер» қыз-келіншектерге салт-дәстүрді дәріптеді

Қазақы қаймағы бұзылмаған Жетісай ауданында аудандық ардагерлер кеңесінің жанынан құралған Әжелер алқасына 10 жыл толуына орай «Ақ дидарлы әжелер»...

Тағы да