Понедельник, 20 апреля, 2026

Халық саны қалада өсіп жатыр – демограф

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Қазақстан халқының саны 20 миллионға жетті. Соңғы 10 жылда еліміздегі халықтың саны 16,9%-ға өскен. Жалпы халық санының өсімі қалай болып жатыр? Демограф Шынар Төлешованың пікірін білген едік.

Халық санының өсімі жалпы жылына 1,3 пен 1,5% аралығында болды. Урбанизация қарқынымен халықтың саны қалада да өсіп келе жатыр. Сонымен бірге әкімшілік территориялық өзгерістерге байланысты ауыл халқының қалаға көшу процесіне де байланысты өсім бар. Әсіресе қала халқының саны 31,6 %-ға жетті. Бұл жерде қала халқының жыл сайынғы өсімі 1,7% бен 4,3% болды. Ал ауылда адам саны осы уақыт аралығында 1%-ға кеміді. Жалпы еліміздегі өңірлердің арасын алып қарайтын болсақ, географиялық жағынан өзгеріс бар.

Шынар Төлешованың айтуынша, халық санының өсімі батыс пен оңтүстік аймақтарда жиі байқалады.

Бұл жерде айта кететін жайт, батыс пен оңтүстіктегі аймақтар және мегополистер халықтың қарқыны жоғары аймаққа жатады. Ең жоғарғы қарқынды өсім Астана қаласында, 10 жылдың ішінде халық саны 74,1%-ға өскен. Алматы қаласында 46,6%-ға, Маңғыстау облысында 35,1%-ға жеткен. Өкінішке қарай, халық санының кемуі болып жатқан аймақтар да бар. Әсіресе географиялық жағынан алатын болсақ, оны елдің солтүстігі, шығысы және орталығынан байқауға болады. Адам саны Солтүстік Қазақстан облысында соңғы 10 жылда 7,9%-ға, Қостанай облысында 5,4%-ға, Шығыс Қазақстан облысында 2,2%-ға кеміген. Халықтың жас құрылымына тоқталатын болсақ, біздегі орташа жас — 32,1. Бұл 2023 жылдың басындағы дерек. Ал Солтүстік және Шығыс, Орталық аймақтарда халықтың орташа жасы 35 жастан асып тұр. Өйткені бұл аймақта қартаю процесі тезірек жүріп жатыр. Біз халықтың тууы есебінен өсіп келе жатқан елміз, — деді ол.

Айта кетейік, бүгін Қазақстанның 20 миллионыншы тұрғындары дүниеге келді. Осыған байланысты оларға 2 миллион теңгеден сертификат табысталды.

BAQ.KZ

Жаңалықтар тізбесі

​ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ТАУ ТУРИЗМІН ДАМЫТАТЫН «ҚАСҚАСУ» ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫП ЖАТЫР

Төлеби – табиғаты мен климаттық мүмкіндіктері туризм саласын дамытуға қолайлы аудан. Өңірде қазіргі таңда 1 шаңғы базасы, 4 емдік-сауықтыру...

ҚОС ТЕҢІЗДІҢ ТОҒЫСҚАН ТҰСЫНДАҒЫ МУҒЛА

Жерорта теңізі мен Эгей теңіздерінің түйіскен тұсындағы Муғла Түркияның Бодрум, Фетхие, Мармарис, Датча, Гочек, Өлітеңіз және Көйджеғиз сияқты ең...

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА КІТАП ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толуына орай және «АLTYN KÚZ – 2023», «Қала күні» мерекелік іс-шаралары аясында Жетісай қаласындағы...

Қолжетімді туризм: Ақмола облысында белсенділер инклюзивті туризмді қалай дамытуда?

Алматы, 30 мамыр – Инклюзивті немесе қолжетімді туризм кез-келген адамның физикалық, интеллектуалдық ерекшеліктеріне немесе жасына қарамастан қолжетімді туристік бағыттарды, өнімдер...

1 шілдеден бастап екі бірдей әлеуметтік жәрдемақының көлемі 14,5 пайыз өседі

1 шілдеден бастап мүгедектігі бар адамдар мен асыраушысынан айырылғандарға берілетін жәрдемақы 14,5 пайыз өседі. Бұл туралы Еңбек және халықты...

Қазақстан ажырасудан әлемде 16-орында

Биыл жартыжылдық қорытындысы бойынша елімізде 53,8 мың жұп неке қиды, бұл былтырғыдан 2,2% аз. Қалаларда қиылған неке саны бір...

Биыл 16 мыңнан астам қандас тарихи отанына оралды

2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 16 408 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан...

Жастар- қоғамның ең басты стратегиялық ресурсы.

Азаматтық тәрбиенің қоғамдық мемлекеттік жүйесінің мақсаты - өзіндік қызығушылықтармен қатар қоғамдық мемлекеттік қызығушылықтарды іске асыруға бағытталған әлеуметтік маңызды іс...

Жастық шақтағы уақытты тиімді пайланып жүрсің бе?

Адам өмірінің ең маңызды кезеңі жастық шақ. Нақтырақ айтсақ, 14 жас бозбала кезінен 30 жас жігіттік шаққа дейінгі кезеңді...

Тағы да