Вторник, 21 апреля, 2026

Мектеп сынақ алаңы ма?

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Соңғы жылдары ең көп реформа жасалған бір сала болса, ол – білім саласы шығар. Жыл сайын мектеп бағдарламаларына енетін жаңашылдықтар, қала берді, оқулықтар мен мектеп формасына енгізілетін өзгерістердің көптігі соншалық, оқушылар сол жаңалықтармен танысып, оларға бейімделіп те үлгере алар емес.

Сөз жүзінде оқу бағдарламасындағы жүктемелерді жеңілдету жайы жиі айтылғанымен, жеме-жемге келгенде оның жеңілдегенінен ауырлағаны көп болып тұр. Тиісті орындар мектептегі оқу бағдарламасын оқушылардың түйсігіне сай болуын қадағалаудың орнына оны одан әрі күрделілендіріп, жастайынан балалардың санасын шатастыруға жарыс жүргізіп жатқандай  әсер қалдырады. Соның айғағы, қоғамдағы түйткілді мәселелерді, ғылыми негізі жоқ дүниелерді мектеп бағдарламасына пән ретінде енгізу туралы ұсыныстар бүгінде жиі көтерілетін болды. Есесіне, оқушылардың құқығы ешкімді ойландырып жатқан жоқ.

Мәселен, жақында өткен Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру үшін мектептерде қаржылық сауаттылық курстарын енгізу мәселесін пысықтауды тапсырды. Оның айтуынша, биылғы қыркүйек айындағы жағдай бойынша банктердегі тұтыну кредиттерінің көлемі 9,2 триллион теңгеден асқан. Яғни халықтың шамадан тыс көп несие алуы үлкен экономикалық проблемаға айналып барады деген сөз. Ал микроқаржы секторындағы проблемалық қарыз көлемі 180 пайызға ұлғайып, 100 млрд. теңгеге жуықтаған. Үкімет алдағы үш жылда 550 мың оқушы мен студентті оқыту арқылы олардың қаржылық сауаттылығын арттыруды жоспарлап отыр.

Мемлекет басшысы қайбір жылы итбалықтарға тас лақтырған балалардың әрекетіне алаңдап, жас ұрпаққа экологиялық білім беру ісін жолға қоюды тапсырған еді. Содан бері орта білім беру бағдарламасына экологиялық білім беретін жаңа пән енгізу туралы мәселе жиі айтылып келеді. Білуімізше, бұл пән былтырдан бері «Жаһандық құзыреттілік» курсы аясында мектептерде факультативтік сабақ ретінде оқытыла бастады.

Осыдан бірер жыл бұрын мамандар жетімдер санын азайту үшін мектептерге отбасын жоспарлау сабақтарын енгізу қажеттігін айтып, ұсыныс білдіргенін білеміз. Әділет министрлігі де өзгелерден қалыс қалмай, «еліміздегі мектеп бағдарламасына жаңа пән енгізіледі» деп жар салды. Олардың айтуынша, мектептер мен жоғары оқу орындарына, сондай-ақ кәсіптік-техникалық білім беру мекемелеріне енгізілетін жаңа пән тұтынушылардың құқығын қорғауды көздейді. Халықтың дәрі-дәрмекке деген сауаттылығын арттыру үшін Денсаулық сақтау министрлігі де мектеп бағдарламасына жаңа пән енгізу жөнінде ұсыныс жасады. Тұрғындардың 70 пайызы дәріні фармацевт маманның нұсқауынсыз, өз бетінше қолданатынын анықтаған құзырлы орындар бұл олқылықтың орнын осылай толтырмақ болыпты. Халықтың дәрілік сауатын көтеру керек деп шешкен сала мамандарының күші балаларға ғана жететін сыңайлы. Әйтпесе, халықты өз бетінше дәрі алуға мәжбүр етіп отырған дәрігерлер қабылдауының қымбаттығы, оны кез келген науқастың қалтасы көтермейтіні, еліміздегі дәріханалардың рецепт сұрамай-ақ дәріні сата беретіні заңсыздық емес пе? Егер дәрігердің қабылдауы қолжетімді болса, ешқандай науқас өз денсаулығын сынаққа алып, өз бетінше дәрі қабылдамас еді ғой. Тіпті дәрі туралы ақпаратты оқушыларға оқытатын болсақ, фармацевт деген маманның керегі бар ма? Сондықтан Денсаулық сақтау министрлігі проблеманы балалардың оқу бағдарламасынан емес, өз салаларындағы мәселелердің түйінін тарқатудан іздесе, мұндай мәселенің туындауына жол бермес еді.

Бүгінгі білім жүйесінің балалардың миына ғана емес, иығына да түсірер салмағы да аз болмай тұр. Оқушы күніне алты-жеті кітап пен сонша дәптерді арқалап жүруге мәжбүр. Әрине, бұғанасы бекімеген баланың бір құшақ кітапты әрі-бері тасуы оңай емес. Ендеше, сансыз оқулықтарды баспаханадан басып шығарар алдында оны көтеріп жүрер оқушының жайын да бір ойласақ нетті?! Баласын күніне мектепке алып барып, алып қайтатын ата-ана бұған аса бас ауырта қоймас. Ал қаланың о басынан бұ басына қоғамдық көлікпен, кейде жаяу қатынайтын оқушылар үшін сөмкенің ауырлығы нағыз үлкен мәселе. Әсіресе дене шынықтыру сабағы болатын күні зілдей сөмкеге бір дорба спорттық киімдердің, ол аздай, мектепте ауыстыратын аяқкиімнің де қосылатынын ұмытпаңыз. Осыншама затты арқалаған бастауыш сынып оқушыларының көшеде көп жүктің арасында әрең қозғалып келе жатқанын көргенде көңіліңе кірбің түседі.

Қалай айтсақ та, оқушылардың апталық жүктемесі түгілі, кейде күндік жүктемесінің өзінің ауырлығы байқалады. Осы орайда мектепке ғылыми негізсіз дүниелерді кім көрінгеннің тықпалай беруіне, оқушылар құқығының қорғалуына назар аударатын кез жеткен сияқты.

Дәулет ТҰРСЫНҰЛЫ

Жаңалықтар тізбесі

ТҮРКІСТАН: Мақтааралдық оқушылар жазғы демалыстағы сайыстарда шеберліктерін шыңдады

Мақтаарал ауданында балалардың жазғы демалыстағы бос уақытын тиімді өткізу мақсатында қызықты іс-шаралар өтікізіліп жатыр. Осы орайда, ауданда «Ағам, әпкем және...

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ТҮРКІТІЛДЕС МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ БАҚ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Түркістан облысына түркітілдес елдері – Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан және еліміздің журналистері мен қоғамдық пікір көшбасшылары, туризм сарапшылары мен...

ТҮРКІСТАН: Кентауда қарттар күні мерекесі аталып өтті

Кентауда 1 қазан – Халықаралық қарттар күні мерекесіне орай «Қарттарым – асыл қазынам» атты салтанатты шара өтті. Шараға қала...

Алматыда XIII республикалық «Media Құрылтай» өтеді

жылғы 25 қарашада Алматыда медиа индустрияның негізгі ойыншыларының кәсіби пікірталас алаңы және қазақстандық БАҚ нарығын дамыту мәселелері бойынша жыл...

Туризм бағытында толымды жұмыстар атқарылуда

Қазақ журналистерінің білім, білігін дамытып, ел көріп, жер көріп, таным көкжиегін кеңейтуіне барынша жағдай жасап жүрген Түркітілдес журналистер қорының...

Отбасындағы зорлық-зомбылық: биыл елімізде 25 бала көз жұмды

Екібастұздағы жеті жасар қыздың өлімінен кейін Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Қазақстанда биылдың өзінде 25 бала қайтыс болғанын, оның...

Көпқабатты үйлердің аулаларындағы балалар ойын алаңшасын және тренажер, стрит воркаут алаңшаларын тұрғындардың пайдалуына тапсырылды

Көпқабатты үйлердің аулаларындағы балалар ойын алаңшасын және тренажер, стрит воркаут алаңшаларын тұрғындардың пайдалуына тапсырылды. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың...

Тауар сатып алу туралы шарт жасаудан бас тартуға бола ма?

ҚР «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңының 8-бабына сәйкес тұтынушының тауарларды (орындалатын жұмыстарды және қызметтерді) иеленуге еркін шарт жасауға құқығы...

Наслаждайтесь путешествием по самым красивым голубым водам Турции

Лучшие времена года снова наступили для голубого путешествия, которое представляет собой особый опыт плавания на лодке в водах Эгейского...

Тағы да