Вторник, 21 апреля, 2026

Мектеп оқушылары шекарашылардың жәрдемшісі

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Халқымыз үшін қастерлі ұғым болып саналатын, ата-бабадан қалған жерді қорғау, мемлекеттік шекараны күзету – үлкен абырой, маңызды жауапкершілік.

Мемлекеттік шекараның беріктігі – елдіктің басты белгілерінің бірі. Бүгінде Қазақстанның ұлан-ғайыр шекарасы шегенделген. Еліміз тәуелсіз болған 1991 жылдың желтоқсанынан кейін іргелі мемлекеттің шекарасын күзету күн тәртібіне қойылды. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін 1992 жылдың 18 тамызында Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі құрылды. Еліміз Ресей, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан және Түркіменстанмен шектеседі. Республиканың құрлықтағы мемлекеттік шекарасының жалпы ұзындығы – 13 402 шақырым.

Біздің Мақтаарал ауданы шекаралы аймақта орналасқан. Өзбекстанның бірнеше ауданымен шектесіп жатқан өңірімізде шекараны қорғаудың жауапкершілігі өте жоғары, бұл салада темірдей тәртіп, қырағылық басты назарда болуы керек. Шекара беріктігін сақтауда шекарашыларымызға Бірлік ауылдық округі, Қ.Пернебаев елді мекеніндегі №34 ЖОМ жанынан құрылған «Жас шекарашы» әскери-патриоттық клубының мүшелері жәрдемші болып, өнеге танытуда. Биыл қыркүйек айында шекарадан заңсыз өтпек болған азаматтардың әрекеті жайында шекарашыларға дер кезінде ақпарат беріп, шекара бұзушылардың жолын кескен осы мектеп оқушыларының ерлікке пара-пар ісіне сүйсіндік.

9 «А» – сынып оқушысы – Көбей Алихан Ниязханұлы мен 10 «Ә»-сынып оқушысы Әбсаттар Бекболат Бекжаппарұлы оқу озаттары, қоғамдық іске белсене қатысады.

– Біз сабақтан соң үйге қайтып келе жатып, шекараны бұзып өтпек болған бөгде адамдардың іс-әрекетіне күдікпен қарап, тез арада шекарашыларға хабар бердік. Сол заматта-ақ, шекарадан заңсыз өтпек болған азаматтар ұсталды, – дейді «Жас шекарашы» әскери-патриоттық клубының мүшелері.

Сәбит ҚАЛДЫБАЕВ

Жаңалықтар тізбесі

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІНДЕ КІТАПХАНА АШЫЛДЫ

Түркістанда «Ашық әкімдіктегі ашық кітапхана» жобасы аясында жылжымалы кітап пункті ашылды. Іс-шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев, мемлекеттік...

Динара Закиева: Бала құқығын қорғаудың бірінші жолы – жазаны қатаңдату

2023 жылдың 1 қыркүйегінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты халыққа Жолдауында «Мен Мемлекет басшысы ретінде кәмелетке...

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТТІ ЖАҚСАРТУ

«Nur Otan» партиясы жаңа өндіріс орындарының ашылуына және лайықты жалақысы бар тұрақты жұмыс орындарының көбеюіне күш салады. Қазіргі танда Шымкентте...

Қазақстан ажырасудан әлемде 16-орында

Биыл жартыжылдық қорытындысы бойынша елімізде 53,8 мың жұп неке қиды, бұл былтырғыдан 2,2% аз. Қалаларда қиылған неке саны бір...

«Менің әкем – ел қорғаны»

Елімізде полицияның сервистік моделі алғаш рет жұмысын 2021 жылы бастаған болатын. Бірақ, бірден басталып кете қойған жоқ, бұған дейін...

«Әр құрақшының өз стилі бар»

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес шағын кәсіпкерлікті қолдаудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасы әзірленген болатын. Онда шағын және орта...

Президенттік кадрлық резерв – ұлт болашағына арналған айқын жоба.

  Президенттік кадрлық резерв – елді өркендетуге бел буған, сол үшін бар күш-жігерін жұмсайтын азаматтарға арналған жоба.  Басты міндет –...

«Ұмай» балалар үйінің тәрбиеленушілері табиғатты аялайды

Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Ұмай» қайырымдылық үйі мектеп жасына дейінгі балаларға арналған экологиялық білім беру және эковолонтерлікті дамыту бойынша жобаны...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ДӘРІГЕРЛЕРГЕ 75 ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ АВТОКӨЛІГІ ТАПСЫРЫЛДЫ

Бүгін Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасына қарасты медициналық ұйымдарына 75 дана жедел жәрдем санитарлық автокөлік тапсырылды. Салтанатты іс-шараға Түркістан...

Тағы да