Понедельник, 20 апреля, 2026

ТҮРКІСТАН: АРЫСТА ЖАҢА САЯБАҚ АШЫЛДЫ

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Арыс қаласында серуендеуге және жайлы демалысқа, сондай-ақ спортпен шұғылдануға арналған жаңа саябақ ашылды.
Жаңа демалыс орнының салтанатты ашылуына қала әкімі Гүлжан Құрманбековамен бірге Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев, облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішев, облыстық мәслихат депутаты Ержан Қосмамбетов қатысып, жұртшылықты жаңа саябақтың ашылуымен құттықтады.
-Бүгінгі күні Арыс өлкесінің әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға өлшеусіз үлесін қосып келе жатқан осында туып өскен есімі елге тараған атақты меценаттардың бары белгілі. Осындай тамаша кешеннің салынуына демеуші болған жерлесіміз Ержан Қосмамбетовке шынайы алғысымызды білдіреміз. Бұл баршамыз үшін жақсы үлгі болмақ, — деді қала әкімі.
Шарада облыс әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев жүрекжарды лебізін білдіріп, бірлігі жарасқан Арыс халқына табыстар тіледі. Еңбек ардагері, қаламыздың ардақты қариясы ақ баталарын беріп, өз ризашылықтарын жеткізді.
Жаңа демалыс саябағы Арыстың тумасы, облыстық мәслихат депутаты Ержан Қосмамбетовтың демеушілігімен салынды. Саябақтың жалпы аумағы — 1 гектар. Мұнда қазірдің өзінде 450 түп тал егіліп, айналасы абаттандырылған. Түрлі-түсті шамдар орнатылып, аяқжолдар төселген. Сонымен қатар заман талабына сай 1 баскетбол, 1 футбол алаңшасы қойылған. Бұдан бөлек жаттығу құрылғылары орнатылған спорт алаңы салынды. Ал балаларға базарлық ретінде ойын алаңдары да орнатылды. Сондай-ақ жайлы орындықтар қойылып, келушілердің демалуына жағдай жасалынған. Жауын мен ыстық күннен қорған болатын заманауи бастырмалар да саябақтың ажарын ашып тұр. Сөзсіз, жаңа демалыс орны жергілікті тұрғындардың жанға сая табатын сүйікті демалыс орны болмақ.
Қала әкімі Гүлжан Құрманбекова жаңа саябақтың ашылуына арнайы келген қадірлі қонақтармен бірге саябақ аралап көрді. Жаңа спорт алаңшаларда асыр салып ойнап жүрген балаларға ыстық ықыласын білдіріп, тұрғындарға енді абаттанған аумақты күтіп-ұстау қажеттігін айтты.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жаңалықтар тізбесі

САЙРАМ: Балалар үшін жазғы сауықтыру лагерінің екінші маусымының ашылуы өтті

Балалар үшін жазғы демалыстың нағыз қызық уақыты басталды. «Оқушылар үйі» МКҚК-нің балансындағы лагерьде жазғы кезеңде балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын...

ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАДАҒЫ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҮЙРЕТЕТІН МЕКТЕПКЕ ЕЛ КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫ ЖОҒАРЫ

Түркістан облысындағы балық шаруашылығын үйрететін мектепке еліміздің түрлі аймақтарынан келетін кәсіпкерлердің қатары артып келеді. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар...

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ: «БІЗ ҮШІН ӘР ТҰРҒЫННЫҢ МӘСЕЛЕСІ МАҢЫЗДЫ»

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Шардара ауданы тұрғындарымен кездесті. Жүздесуде тұрғындар тарапынан инфрақұрылымды жақсарту, мектеп тапшылығы, жол, каналдарды жөндеу,...

Жастар- татулықтың тұмары

Еліміздегі тұрып жатқан ұлт өкілдерінің арасындағы ұлтаралық достық пен бірлік, ең алдымен, елімізде дұрыс жүргізіліп отырған саясат пен қазақ...

Жастық шақтың қадірін білу – жетістікке апарар жол

«Уақыт алтыннан да қымбат» деп бекер айтылмаған. Пайғамбарымыз да (с.ғ.с) күллі мұсылмандарға уақыттың құндылығын білдіріп былай деген: «Қиямет күні...

Облыс әкімі балаларды қорғау күнімен құттықтады

Құрметті балалар! Өскелең ұрпақ! Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Сіздер – біздің байлығымызсыздар. Елдің үміт артар болашағысыздар. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Арыс қаласында «Әже – ұлт ұйытқысы» атты ғибратты шара өтті

Арыста қалалық «Әжелер алқасының» 10 жылдығына орай «Әже – ұлт ұйытқысы» тақырыбында қалалық мәдениет сарайында салтанатты шара өтті. Мерекелік кеште...

Жастар — заманауи мүмкіндіктерді ұтымды пайдаланушылар

Бүгінгі заманның талабы - жастарға мәдени – интеллектуалдық және информациялық мобильдік те тән. Оны қазіргі жағдайға тән құбылыстармен түсіндіруге...

4000-ға жуық адамды сапалы интернетпен қамтуға толық мүмкіндік жасалып отыр

Шымкент қалалық мәслихатының, «Nur Otan» партиясының депутаты, фракция мүшесі ретінде, «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға...

Тағы да