Воскресенье, 19 апреля, 2026

ТҮРКІСТАНДА ОКТЯБРЬ ЖАРЫЛҚАПОВ АТЫНДАҒЫ СТАДИОН ЖАҢАРТЫЛЫП, ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...


Түркістан қаласында Октябрь Жарылқапов атындағы стадион толық жөндеуден өткізіліп, жаңаша үлгіде жаңартылды. Стадионның ашылу салтанатына қала тұрғындары, ел ақсақалдары, спортшылар қатысты. Даңқты волейбол бапкері туралы көрініс көрсетіліп, стадионның тарихы туралы мәлімет берілді. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жұртшылықты жаңа стадионның ашылуымен құттықтады.
– Денсаулығы мықты, бәсекеге қабілетті ұлтқа айналу үшін бұқаралық спортты дамыту аса маңызды. Осыған байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы спорт саласына үнемі қолдау көрсетіп келеді. Биыл Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толды. Түркістан қаласы ажарланды. Жүздеген ғимараттар, үйлер салынды. Солардың арасында заман талабына сай спорт кешендері де бой көтерді. «Олимпик центр» спорт кешені, теннис орталығы, «Мұз сарайы» ел игілігіне берілді. Ал бүгін тағы бір қуанышты оқиғаның куәсі болып тұрмыз. Түркістандағы тарихи тереңде жатқан Октябрь Жарылқапов стадионы заман талабына сай жаңартылып отыр. Өткен ғасырдың ортасында салынған бұл стадион біраз жылдан бері қолданыстан шығып, өзекті мәселенің біріне айналған болатын. Тұрғындар тарапынан стадионды жаңғырту мәселесі көтерілді. Елдің өтініші мен тілегі біз үшін маңызды. Жүйелі жұмыстың нәтижесінде бүгін түркістандықтарға жаңарған спорт нысаны пайдалануға берілуде. Түркістанымыз чемпиондардың қаласына айнала берсін! – деді Дархан Сатыбалды.
Салтанатты жиында ел ағалары Рахым Тәңірбергенов пен Жақсылық Құлбайымбетов те ақжарма тілектерін ақтарып, спорт нысанын жаңартқан облыс, қала басшылығына ризашылықтарын білдірді. Сонымен бірге «Түркістан» мен «Тұран» клубтарының жасөспірімдер командалары арасында жолдастық кездесу өткізілді.
Айта кетейік, 1966 салынған стадион қайтадан жөндеуден өтіп, толық жаңартылған. Заман талабына сай қажетті инфрақұрылым жүйелерімен қамтылған. Жаңа стадион бір мезетте 150 спортшы мен 2 мыңнан астам көрермен үшін қызмет көрсете алады.
Аталған стадионда республикалық, облыстық, қалалық спорттық іс-шараларды, футболдан Қазақстан Республикасы бірінші лига ойындарын өткізуге мүмкіндік бар. Сонымен бірге спартакиадалар, президенттік тест, жеңіл атлетика тағы басқа спорт түрлерінен спортшыларға оқу-жаттығу жұмыстары ұйымдастырылады.
Стадионда бірнеше спорт мекемесі орналасып, жұмыс істейді. Олар – «Түркістан» клубы мен Түркістан қалалық балалар мен жасөспірімдер спорт клубы. Аталған спорт клубы жергілікті тұрғындарды бұқаралық спортқа баулумен шұғылданып келеді. Балалар мен жасөспірімдер спорт клубында 20 жаттықтырушы және 28 спорт нұсқаушысы бар. Олар кіші футбол, стритбол, үлкен теннис спорт түрлерінен ашық спорт алаңдарында 700-ге жуық оқушыны кәсіби тұрғыда жаттықтырып жүр. Ал спорт нұсқаушылары 800-ден астам тұрғынды спортқа баулып келеді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жаңалықтар тізбесі

ТҮРКІСТАН: Сайрамдық 2500-ден аса бала жазғы лагерлерде демалады

Сайрам ауданында мектеп оқушыларының жазғы демалыстарын жоғары дәрежеде ұйымдастыру мақсатында биыл аудандағы «Оқушылар үйі» МКҚК- ның балансындағы қала сыртындағы...

САЙРАМ: Әжелер мектебі ашылды

Сайрам аудандық білім бөліміне қарасты №74 жалпы білім беретін мектебінде Ата - аналарды педагогикалық қолдау орталығын ұйымдастыру мақсатында "Асыл...

Мектеп сынақ алаңы ма?

Соңғы жылдары ең көп реформа жасалған бір сала болса, ол – білім саласы шығар. Жыл сайын мектеп бағдарламаларына енетін...

“Мәңгілік ел- мәртебелі тіл” тақырыбындағы онкүндік қорытындыланды

Ордабасы аудандық білім бөлімінің жоспарына сәйкес аудан мектептерінде "Мәңгілік ел- мәртебелі тіл " тақырыбында өткізілген онкүндіктің қорытынды кеші болып...

Түркістан облысында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына 30 түрлі тағам әзірленді

Түркістан облысы Келес ауданында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, «1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі» күні аясында өзге ұлт өкілдерінің...

Балалардың қауіпсіздігі жөніндегі заң жобасы қоғам арасында кеңінен талқыланады — Т.Дүйсенова

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова бала құқықтары жөніндегі аймақтық уәкілдер, кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау жөніндегі үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері,...

ТҮРКІСТАНДЫҚ ӘКІМДЕР МЕН МЕМҚЫЗМЕТШІЛЕР ЖҰМЫСҚА ҰЛТТЫҚ КИІММЕН ШЫҚТЫ

Түркістан облысында Наурыз мерекесі 10 күн бойы елдің еңсесін көтеретін игі іс-шаралармен өрнектеліп жатыр. Бүгін, 15 наурызға «Наурыз –...

Түркістан облысының бас дәрігері рухани астанада бала мен ана денсаулығы бірінші орында

АНА МЕН БАЛА САУЛЫҒЫ - МАҢЫЗДЫ Биыл - балалар жылы. Олардың тыныш өмірі Қазақстанның табысты болашағының сенімді кепілі. Сондықтан рухани...

Балаева: «Тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресудің кешенді жоспары әзірленіп жатыр»

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева елдегі өршіп кеткен отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық проблемасына байланысты қазақстандықтарға үндеу жолдады. «Қазіргі кезде біз үшін...

Тағы да