Понедельник, 20 апреля, 2026

ИТАЛИЯ МЕН ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫС ТЕРЕҢДЕЙ ТҮСТІ

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Италияның Қазақстан Республикасындағы елшісі Марко Альберти мен «Arm Wind» ЖШС-нің басқарушы директоры Алекс Стиллаватомен кездесті. Кездесу барысында Түркістан өңіріне Италия инвестициясын тарту, туризм, ауыл шаруашылығы және өзге де салалар бойынша әріптестік орнату көкжиектері сөз болды. Облыс әкімі облыста инвесторларға қолайлы жағдай жасалғанын айтты.
– Түркістанға тағы да қош келдіңіздер деймін. Бүгін өңірімізде «Шәуілдір» күн электр станциясы іске қосылды. Бұл Италия мемлекеті мен Қазақстан Республикасы, оның ішінде Түркістан өңірі арасындағы байланысты тереңдете түседі деген ойдамын.
Жаңартылатын қуат көздерін пайдалану жобасына қолдауларыңызға алғысымды білдіремін. Италияда ауыл шаруашылығы, өндіріс, туризм өте жақсы дамығанын білеміз. Осы бағыттар бойынша да іскерлік байланыс орнатсақ деген ұсынысым бар. Біздің кәсіпкерлерді, ауыл шаруашылығы өкілдерін Италияға жіберіп, тәжірибе жинату жағын қарастырайық. Біз өндіріс пен білім саласына басымдық беріп отырмыз. Білім саласына да инвестиция құюға шақырамыз. Өңірде Италия тарапынан оқу орнын ашамыз десеңіздер, қолдау көрсетеміз. Жалпы аймақта өндіріс орындарын ашу, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша әрдайым әріптестік орнатуға, қолдау көрсетуге дайынбыз, – деді Дархан Сатыбалды.
Италияның Қазақстан Республикасындағы елшісі ұсыныстарды қарастырып, тиісті жұмыс жүргізетінін айтты.
– Қанша аймақта болсам да, Түркістан өзіне тартып тұрады. Бүгінгі іске қосылған жобамыз – болашақ жобалардың бастамасы. Екі елдің арасында тұрақты әуе рейстерін көбейтуді қолға алу маңызды деп есептеймін. Осы арқылы Италия саяхатшылары Қазақстанға және Түркістанға келеді. Еуропалық туристер тарихи орындарды, көне қалаларды, ескерткіштерді аралап, зерттегенді жақсы көреді. Бұл ретте Түркістанның орны айрықша. Туризм саласы бойынша гидтер даярлауға қолдау көрсетуге де дайынбыз. Осы өңірді дамытуға үлес қосқымыз келеді, – деді елші.
Кездесуде «Arm Wind» ЖШС-нің басқарушы директоры Алекс Стиллавато да байланыстарды нығайту бағытында ой қозғады. Түркістандағы Күлтөбе қалашығын жарықтандыру, күн панельдерін орнату жоспары бар екенін мәлімдеді. Осы бағытта ЮНЕСКО-мен және Түркістан облысы әкімдігімен бірлесе жұмыс атқарылмақ. Егер ЮНЕСКО-мен келісімге қол жеткізіле берсе, туристік әлеуетті көтеретін жоба жүзеге аспақ.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жаңалықтар тізбесі

Қазақстанда зорлық-зомбылық құрбандарына арналған сенім телефоны жұмыс істей бастады

16 қазанда республика бойынша қоңырау шалуға арналған бірыңғай нөмір іске қосылды. Енді тұрмыстық зорлық-зомбылық пен буллинг құрбандары 111 нөміріне...

Полиция департаентінің атқарылған жұыстары

  Қазақстан Республикасындағы құқық бұзушылықтар профилактикасы жөніндегі 2020-2022 жылдарға арналған өзектендірілген кешенді жоспардың жобасы туралы. ҚР құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі 2020–2022...

Шардара: Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша мәжіліс өтті

Мәжіліске аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның төрағасы, аудан әкімінің орынбасары Б.Шомпиев, аудан...

Түркістан түркі дүниесінің түрленген дәуірінің озық жетістігі.

Түркістанның Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы болып, Түркістан облысы атанғалы бері атқарылған іс те аз емес, атқарар дүние де жетерлік....

Туризм бағытында толымды жұмыстар атқарылуда

Қазақ журналистерінің білім, білігін дамытып, ел көріп, жер көріп, таным көкжиегін кеңейтуіне барынша жағдай жасап жүрген Түркітілдес журналистер қорының...

«9-20-25»: Елімізде жас отбасыларға арналған жаңа бағдарлама іске қосылады

Орталық коммуникациялар қызметінде «Отбасы» банкінің басшысы Ләззат Ибрагимова жас отбасыларға арналған «9-20-25» бағдарламасын іске қосу мүмкіндігі туралы айтты. «Astana TV»...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ҮЗДІК ШАХМАТШЫЛАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Түркістан қаласында «Шахмат керуені» өз мәресіне жетті. Еліміздің әрбір өңірін аралап, үздіктерді анықтауды көздеген жобаның киелі шаһардағы сайысында 20...

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАС АУДАНЫ 2022 ЖЫЛЫ 100% ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Түлкібас ауданы қазіргі таңда 99,5% көгілдір отынмен қамтылған. Ағымдағы жылы Иірсу ауылында құрылыс жұмыстары басталған газ құбыры 2022 жылы...

Олжалы оралды

Грузия астанасы – Тбилиси қаласында жасөспірімдер мен ересектер арасында жекпе-жектің юнифайд түрінен әлем чемпионаты өтті. Осы чемпионатта арыстықтар 4...

Тағы да