
Ағымдағы жылдың 22 қыркүйек күні «Қауіпсіз қоғамдағы жастар келбеті» атты жастар арасында форум өтті.
Форумға Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары А.Қозыбаев, Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің басшысы полиция подполковнигі Е.Бейсебаев, Сарыағаш ауданы орталық мешітінің бас имамы Т.Төлебековтың қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ведомствоаралық топ мүшелерінің қатысуымен кәмелет жасына толмаған жасөспірімдер арасында қылмыстық құқықбұзушылықтың алдын алу және оны болдырмау тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, баяндамалар оқылды.
Сондай-ақ, білім беру саласында мектеп оқушыларының тәлім тәрбиесімен айналысатын бірқатар тәрбие жөніндегі мектеп директорларының орынбасарлары мен қоғамдық жұмыстарға белсене қатысатын оқушылар марапатталып, концерттік бағдарламалар қойылды.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі
