Вторник, 21 апреля, 2026

ТҮРКІСТАН: «Серпін» білім іздеген жастарға жаңа мүмкіндіктер сыйлайды

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Шілденің 13-нен бері «Серпін» бағдарламасы бойынша еліміздегі 18 ЖОО-ның өкілдері Түркістан қаласындағы «Жастар ресурстық орталығы» мен Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ-де, Шымкент қаласындағы М. Әуезов атындағы ОҚУ-де және Сарыағаш аудандық мәдениет үйінде түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, құжат қабылдау жүргізіліп жатыр. Бағдарлама аясында мемлекеттік грантқа құжат қабылдау 20 шілдеге дейін жалғасады.

Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте 2023-2024 оқу жылына халық тығыз қоныстанған, батыс өңірлердің және жаңадан құрылған облыстардың жастарына бөлінген мемлекеттік білім беру гранты және оған құжат қабылдау барысы туралы айтылды.

Брифингте белгілі болғандай, ауыл түлектеріне арналған бағдарлама аясында 2023-2024 жылғы оқу жылдарына 3 653 грант бөлініп отыр. Оған Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Алматы, Жетісу облыстарының түлектері қатыса алады. Бұл ретте, республика бойынша биыл бөлінген гранттың 30 пайызын түркістандық талапкерлердің иеленуге мүмкіндігі бар, яғни 1 400 түлек оқуға қабылданады деп жоспарланып отыр.

Брифингте Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, Педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы Мұрат Асаров 2023-2024 оқу жылына бөлінген гранттар жайлы баяндады. Спикердің пікірінше, жалпы республикаға университет тарапынан «Серпін» бағдарламасы бойынша 592, педагогикалық мамандықтарға 380, техникалық және ауыл шаруашылығы саласыдағы мамандықтарға 105 грант бөлінген. Одан бөлек, Түркістан қаласына 21 грант бөлініп, оның қазір төртеуіне ғана үміткер бар.

Сонымен қатар, брифингте Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті, Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану білім беру бағдарламасының жетекшісі Гүлнұр Қонарбаева Түркістан қаласына бөлінген гранттар жайында мәлімдеді.

«Бүгінде біздің университет тарапынан оңтүстік өңіріне «Серпін — 2050» жобасы бойынша 95 грант ұсынылып отыр. Одан бөлек, Түркістан қаласының түлектеріне 16 мемлекеттік грант берілген. Атап айтсам, Электр техникасы және энергетика, Автокөлік құралдары, Тау-кен ісі және пайдалы қазбаларды өндіру, Кадастр және жерге орналастыру, Көлік құрылыстары мамандықтарына құжат тапсыруға болады. Сонымен қатар, универстетімізге оқуға түсіп жатқан түлектер үшін әр түрлі жеңілдіктер беріледі. Оңтүстіктен келген студенттерге жатақхана бағасы 5 мың теңге, ал көпбалалы отбасылардан шыққан студенттерге тегін болады. Бүгінде техникалық мамандықтарға сұраныс жоғары, сол үшін осы мамандықтарға оңтүстіктен келетін түлектер үшін шекті бал 50 деп белгіленді», — деді Гүлнұр Нұрлыбекқызы.

Осы уақытқа дейін «Серпін» бағдарламасы бойынша тегін білім алған студенттер оқу бітіргеннен кейін оқыған өңірлерінде үш жыл жұмыс істеуге міндеттелген болса, ендігі уақытта талап өзгеріп еңбек өтеу мерзімін азайтып, екі жыл жұмыс істеу міндеттелді. Сондай-ақ, жас мамандар тек оқыған өңірінде ғана емес, солтүстік, батыс және шығыс өңірлеріне қарасты 11 аймақта жұмыс істеуіне болады. Яғни, Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен өз өңірінен тыс жерде болуы тиіс.

Бұдан бөлек, брифингте С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті, Оқу-әдістемелік бөлімінің әдіскері Нұржан Рустемова «Серпін — 2050» жобасы бойынша университ тарапынан оңтүстік өңіріне 415 грант, бұдан бөлек Түркістан қаласына 14 мақсатты грант бөлінгендігін айтты. Бүгінде гранттар бойынша ақпараттық технологиялар білім беру бағдарламасына үш адам ынта білдіріп, қалған білім беру бағдарламалары әзірге игерілмеген.

Жалпы бағдарма аясында гранттар Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Абай, Павлодар, Қарағанды, Қостанай облыстарында орналасқан университеттерге бөлінеді. Гранттар техникалық ғылым, ауыл шаруашылығы, медицина саласын қамтиды. Биыл 1 қыркүйектен бастап шәкіртақыны бакалавр студенттеріне 20 пайызға, магистратура студенттеріне 15 пайызға дейін өсіру жоспарланған.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Жаңалықтар тізбесі

Түркістандық велошабандоздарға спорттық киім табысталды

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнінде Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жолдықараев бастаған ұжым...

Жастардың уақытын ұтымды пайдалануы — маңызды іс

Жастарымыздың бүгінгі таңдағы өміріне қатысты  ең маңызды мәселе – бұл олардың  бос уақыттарын дұрыс пайдалана  білу мәселесі болып отыр. Жастардың  бос уақыттарын дұрыс пайдалана  білуі бүгінгі күндері барынша  өзекті бола түсуде. Бос уақытты өткізуге...

Бизнесті дамытуға қалай жеңілдетілген несие алуға болады?

Қарыз алу үшін сіздің кәсіпорыныңыз салық органында тіркеліп, есепке алынуы керек. Сіз одан кейін банк таңдап, есеп айырысу шотын...

ТҮРКІСТАН: Шардарада жағажай волейболынан жасөспірімдер арасында облыс чемпионаты өтті

Шардара қаласындағы Орталық стадионда жағажай волейболынан 2010-2011 және 2012 жылдан төмен жасөспірім қыздар арасында Түркістан облысының чемпионаты өтті. Жарысты ашылуында...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 4,3 МЛН. ТОННА МАЛ АЗЫҒЫ ДАЙЫНДАЛДЫ

Облыста жыл сайын мал басының ұлғаюына орай, жем-шөпке сұраныс артқан. Бүгінде егіс құрылымын қалыптастыруда мал азықтық дақылдарға басымдылық...

Бирги — «Үздік туристік ауыл»

Бес мың жылдан астам тарихы және классикалық селжұқ және осман үйлері бар Бирги «2022 жылдың ең жақсы туристік ауылдары»...

«Әлемді мейірімділік құтқарады» атты апталық бастау алды

Сайрам ауданының білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарында 2023 жылдың қараша айының 13-17 күндері аралығында «Әлемді мейірімділік құтқарады» атты...

Президенттік жастар резерві – ел ертеңінің кепілі

Жастық шақ. Бұл – адам баласының ересек өмірге көшу кезеңі, экономикалық-қаржылық тәуелсіздікке ұмтылу мен әлеуметтік-саяси мәселелерге қатысуға барынша ынталы...

НҰРЛАН ӘБДІРОВ БӘЙДІБЕК АУДАНЫНА БАРДЫ

ҚР Орталық Сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров іс-сапары Бәйдібек ауданында жалғасты. Сапар барысында 5-қарашада пилоттық режимде өтетін аудан әкімін...

Тағы да