Понедельник, 20 апреля, 2026

ТҮРКІСТАН: Сайрамдық 2500-ден аса бала жазғы лагерлерде демалады

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Сайрам ауданында мектеп оқушыларының жазғы демалыстарын жоғары дәрежеде ұйымдастыру мақсатында биыл аудандағы «Оқушылар үйі» МКҚК- ның балансындағы қала сыртындағы жазғы сауықтыру лагерінің әр ауысымына бір мезгілде 314 бала қабылданады.

Биылғы жазғы маусымда 8 демалыс ауысымы қарастырылған. Ал бүгінде бесінші ауысым жүргізіліп жатыр. Лагерде оқушылардың демалысын қызықты өткізу үшін түрлі спорттық жарыстар, байқаулар мен кездесулер, танымдық ойындар ұйымдастырылып отыр.

Биыл демалыс орындарына ауданнан аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан 2131 бала, мүмкіндігі шектеулі 69 бала, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 61 бала, мектеп интернатынан 151 бала, ата-аналардың төлем ақысынан 100 бала, яғни барлығы 2512 баланы демалысқа жіберу жоспарланып отыр. Әр ауысымның ұзақтығы — 10 күн. Лагерде күніне үш мезгіл ыстық тамақ, екі мезгіл түскі шай беріледі.

Аудан әкімінің орынбасары М.Оразалиев жазғы демалыс маусымының ашылуына қатысып, балалардың қуанышымен бөліскен болатын.

«Жыл бойы білім азығын жинаған оқушылар үшін ең қызықты сәт жаз маусымы басталды. Осындай жазғы сауықтыру лагері балалардың мүмкіндіктерін одан әрі аша түсуі тиіс. Біз балаларды қолдау, білім мен тәрбиесін жетілдіру бағытында бар мүмкіндікті жасауымыз керек. Балдай тәтті балалықты есте қаларлықтай етіп өткізулеріңіз үшін, сіздерге қауіпсіз және жайлы демалуды қамтамасыз етеміз», — деді М.Оразалиев.

Лагердегі әр ауысым тақырыптық күндермен ерекшелене түседі. Оның ішінде «Гүлдер күні», «Авиаторлар күні», «Спорт күні», «Теміржолшылар күні», «Индеецтар күні», «Ертегі күні», «Өрт сөндірушілер күні», «Скауттар күні» секілді ауысымдарға бөлініп, барша балаларды қуанышқа бөлеп жатыр. Сондай-ақ, лагерде мәдениет пен салауатты өмір салтын насихаттауға ғана емес, жол қозғалысы ережелерін, өрт қауіпсіздігін, нашақорлықпен күресу мәселелеріне де көп көңіл бөлініп отыр.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Жаңалықтар тізбесі

Елдің қамын ойлайтын халық қалаулысы

Жұлдыз жақта жағдайы нашар отбасылар көптеп шоғырланған. Үнемі телеарна журналистерінен көмек сұрап жатады. "Бір түсіріп кетсеңіз, елдің назары ауып,...

Қазақстан мектептері үшін көркем әдебиеттің интерактивті каталогы әзірленді

Мемлекет басшысының «Балалар әдебиеті» бағдарламасын жасау және жүзеге асыру туралы тапсырмасы аясында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы балаларға...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТАЛДЫ

Елге төнген қауіп-қатердің беті қайтты. Түркістан облысында нөсер жауынның соңы су тасқынына ұласқан табиғи сипаттағы жағдай қалпына келе бастады....

Елдің сенімін ақтап жүрген халық қалаулысы

  Ең әуелі адам – адамгершілігімен және өзінің парасатының биіктігімен көрікті. Біз бүгін өзіміздің мақтанышымыз, жерлесіміз, Шымкент қалалық мәслихатының депутаты, "Nur...

Облыс әкімінің 100 күні: жұмыс пен жоспар

Құрметті жерлестер! Дархан Амангелдіұлы Сатыбалдының Түркістан облы­сының әкімі болып тағайын­далғанына міне 100 күн толды. Барлығымыз білетін мемлекеттік қызметте бір...

ТҮРКІСТАН: САЙРАМДЫҚ ҰСТАЗ ҮЗДІК ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕР АТАНДЫ

Сайрамдық Ғалия Сұлтанова ғылымға қосқан үлесі үшін үздік ғылыми қызметкер атанды. Ол Астана қаласында өткен “Жастар және ғылым: Тәуелсіздіктің...

ТҮРКІСТАН: Арыста 6 мектеп пен 5 балабақша салынады

Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекова қалалық Мәдениет үйінде қала тұрғындарымен кезекті кездесу өткізді. Жиында Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасы бойынша...

Көпбалалы отбасыларға қолдау

Ұлт байлығынан балалардың болашағы үшін үлес бөлетін идея ә дегеннен әлеуметтің қолдауына ие болып, көпшілік бұл жаңа­лық­ты­ қуана қабылдады....

Ел болашағы үшін тағы бір нысанның құрылысы басталмақ.

Түркістан қаласында «Nurorda» халықаралық  мектебі салынады. Аталған бастама бойынша Түркістан облысының әкімі инвесторлармен кездесіп, жобаны талқылады. Алдағы уақытта Түркістан...

Тағы да