Воскресенье, 19 апреля, 2026

70 немересі, 20 шөбересі бар: Түркістан облысында 24 баланы дүниеге әкелген алтын құрсақты ана тұрады

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Түркістан облысы — батыр аналарды түлеткен берекелі өңір. Облыста алтын құрсақты аналар көп. Солардың бірі – 76 жастағы Сапаркүл Әбутәліпова.

24 баланы дүниеге әкелген ана бүгінде бейнетінің зейнетін көріп отыр. Жетісай ауданының Қараөзек елдімекенінде тұратын көпбалалы батыр ана еліміздің жеткен жетістіктері мен алған асуларына тілеулес жан. Еңбекке жастайынан араласып, ерте есейген ақ жаулықты ананың жастарға айтатын өсиеті жетерлік.

«Адамды адам еткен — еңбек» дейді. Жас кезімізден еңбекпен шұғылдандық. Жолдасым Жоламан екеуміз совхоздың малын бақтық. Мал шаруашылығында отағасы аға шопан, мен көмекшісі болып істедім. Жанұялы болып, 24 баланы дүниеге әкелдік. Өкінішке қарай, өмірдің түрлі сынағына тап болып, 12 балам қайтыс болды. Аллаға шүкір деймін, қалғанының барлығын аяқтандырдық, қатарынан кем қылмадық. Немере, шөбере сүйіп отырмыз. Балаларымызды жақсы тәрбиелеуге тырыстық, еңбекті сүйіп өсірдік. Маңдай термен табылған нан қашанда тәтті», – дейді қарт ана.

Сапаркүл апа бүгінде 70 немере мен 20 шөбересінің қызығын көріп отыр. Бір рет үшемдерді, екі рет егіздерді дүниеге алып келген аяулы ана алғаш «Батыр ана» медалін 1979 жылы 17-ші перзентін дүниеге әкелгенде алыпты. Ал, екінші «Алтын алқасы» омырауына тәуелсіздік таңы атқан соң тағылыпты.

Қазір ұл-қыздары қосақтарымен әулеттің дәулетін асырып, алтын құрсақты ананың ақ батасымен ұрпақ өрбітіп отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының жастарға, аграрлық секторға, кәсіпкерлерге жасаған қамқорлығының арқасында шаңырақтан береке алыстаған емес. Сапаркүл апаның перзенттері Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Түркістан облысында өз істерінің шебері атанып, кәсіптерін дөңгелетіп, нәсіптерін тауып жүр.

Батыр ана жолдасы екеуі бүгінде кенже ұлдарының шаңырағында тұрады.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 

Жаңалықтар тізбесі

Шағын және орта кәсіпкерлік – қуатты экономиканың негізі

Ауыл шаруашылығы – елдің азық-түлік және экономикалық қауіпсіздігін қалыптастыратын, сондай-ақ ауылдық жерлердің еңбек потенциалын, халық шоғырын арттыратын экономиканың бірден-бір...

Еуразиялық интеграция институты жүргізген сауалнама бойынша Exit poll нәтижесі

Қазақстандықтардың 86,7%-ы «Иә, қабылдаймын» деп жауап берген. Еуразиялық интеграция институты Қазақстанның 17 облысында, Астана, Алматы, Шымкент қалаларында Exit poll –...

Сайрамда отандық жөргектер шығаратын алғашқы зауыт бар

Қазақстандағы алғашқы отандық жөргектер шығаратын кәсіпорын Сайрам ауданы Ақсукент ауылында орналасқан. Өңірімізде Түркістан облысының Инвестиция және экспорт басқармасы және «Түркістан...

Түркістан облысына іссапармен ҚР ІІМ Алматы академиясының мамандары келді

Бүгін арнайы іссапармен Түркістан қаласына М.Есполатов атындағы Алматы академиясының маманы полиция майоры Әсем Қырғызбекқызы бастаған топ келді. Атап айтсақ,...

ҚЫСҚЫ УНИВЕРСИАДА: ХОККЕЙДЕН ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

2023 жылғы қысқы Универсиадада шайбалы хоккейден Қазақстан студенттер құрамасы қола жүлдегер атанды. Қазақстандық хоккейшілер 3-орын үшін сайыста Жапониямен кездесті. Құрамалар алғашқы...

Тарихтан тағылымды өнеге көп. Бүгінгі жас кешегі тарихты білуі тиіс.

    Кенде емес қой бұл қазағым ақыл берген данаға, Кенде емес қой бұл қазағым ақ сүт берген анаға. Теңізімнің тамшысындай арналады бұл...

Түркістан облысында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына 30 түрлі тағам әзірленді

Түркістан облысы Келес ауданында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, «1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі» күні аясында өзге ұлт өкілдерінің...

ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР

Түркістан облысы, Бәйдібек ауданының орталығы Шаянда дзюдо күресінен жасөспірім ұлдар және қыздар арасында IV-ші республикалық турнирдің жалауы түрілді. Дүбірлі...

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫ ЖАҢА ҚОНДЫРҒЫЛАРМЕН ТОЛЫҚТЫ

Ордабасы аудандық Орталық ауруханасының емдеу базасы жаңа заманауи құрал-жабдықтармен толықты. Атап айтқанда, емдеу орталығына әртүрлі өкпе патологияларын анықтау мақсатында қолданылатын...

Тағы да