Понедельник, 20 апреля, 2026

ҚАЗАҚ ҚОЛӨНЕРІ – АМЕРИКАДА

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

«Шеврон» компаниясы «Soul of Tengri: Tánir Álemi Kazakh Traditions and Rituals» бағдарламасы шеңберінде «Smithsonian Artisan Initiative» ұйымымен серіктестік орнатты. «Шеврон» компаниясының қолдауымен 6-11 шілде аралығында өтетін осы жаңа бағдарлама шеңберінде Смитсон фольклорлық фестивалінде және Вашингтон қаласындағы Ұлттық азиялық өнер мұражайында Қазақстанның алуан түрлі қолөнері көрсетілетін болады.

Он күндік «Soul of Tengri» шарасы аясында қазақстандық сегіз дарынды қолөнершісі бас қосып, келген қонақтарды қолөнерлерін сақтау және келешек ұрпаққа тапсыру туралы әңгімеге тартатын болады. Қолөнер түрлеріне Қазақстанның мәдени мұрасына жататын кесте тігу, киіз басу, тоқыма, ағаш ою және музыкалық аспаптар жасау кіреді.

«Шеврон» Еуразия бөлімшесінің корпоративтік істер жөніндегі басшысы Еркін Зікібаев осы ынтымақтастыққа қатысты өз қуанышын бөлісе отырып: «Шеврон» «Soul of Tengri» бағдарламасы аясында Смитсон институтымен ынтымақтастық құрып отырғанына қуанышты. Біз дүниежүзінде мәдени әртүрлілікті және шығармашылық ерекшеліктерді қолдаймыз. Осы бастама арқылы Қазақстанның жарқын мұрасын кеңінен танытып, қазақстандық қолөнершілердің бүкіл әлем қауымдастығымен мәдени алмасуына қолдау көрсетеміз», – деді.

Смитсон институтының Фольклорлық және мәдени мұра орталығы 2020 жылы Алматы қаласында Қазақстан қолөнершілер одағы, «Шеврон» компаниясыжәне АҚШ Мемлекеттік департаменті арасындағы ынтымақтастық құруды қолға алды. Бұл ынтымақтастықтың мақсаты ортақ қолөнер дәстүрлері бар қазақстандық және америкалық қолөнершілерді біріктіріп, өзара тәжірибе алмасуына септігін тигізу. Сонымен қатар бұл орталық қазақ жастарының мәдени және шығармашылық салаға қызығушылығын арттыру үшін «Makerspace Expands!» виртуалдық және бетпе-бет шеберлік сабақтарын ұйымдастырды. Осы бастамалардың жетістіктеріне сүйене отырып, «Тәңір жаны» бағдарламасы Қазақстанның көшпенді өмір тарихынан және Ұлттық азиялық өнер мұражайында жақында қолға алынған «Artisan-in-Residence» бағдарламасынан шабыт алады.

Орталықтың арнайы жобалар директоры Халле Бутвин: «Soul of Tengri» бағдарламасы Қазақстанның көшпенді өнерінің бай мұрасынан нәр алады. Көрсетімдер мен шеберлік сабақтар арқылы қатысушы қолөнершілер бұл дәстүрлердің қалай пайда болғанын және қазіргі заманның мәдени өмірінде қалай дамып келе жатқанын көрсетеді», – деді.

Бағдарлама аясында фестиваль қонақтары қолөнерші шеберлер Дженис Арнольд пен Айжан Бекқұлова өткізетін киіз басу шеберлік сабақтарына қатыса алады. Шараның шарықтау шегі 11 шілдеде Ұлттық азиялық өнер мұражайының Meyer Auditorium залында өтетін Қолөнершілер одағының сәндік дизайнының көрсетілімімен аяқталады.

«Шеврон» «Soul of Tengri» сияқты бастамалар арқылы мәдени әралуандылықты қолдайды, шығармашылық ерекшеліктерді дамытады және Қазақстанның мәдени мұрасын әлемге паш етеді.

Жаңалықтар тізбесі

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 4,3 МЛН. ТОННА МАЛ АЗЫҒЫ ДАЙЫНДАЛДЫ

Облыста жыл сайын мал басының ұлғаюына орай, жем-шөпке сұраныс артқан. Бүгінде егіс құрылымын қалыптастыруда мал азықтық дақылдарға басымдылық...

Ерікті болу- қайырымды іс

Қайырымдылық – ізгіліктің көрінісі. Ол көмекті қажет етушілерге білдірілетін сүйіспеншілік пен қол ұшын беру болып табылады. Қайырымдылық жасау үшін...

Қазығұрттық балалар Түркістанның көрікті орындарын аралады

Қожа Ахмет Ясауидің туғанына 930 жыл және Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толуына орай қазығұрттық балалар “Балалар қуанған күн”...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ДИҚАНЫ ЖАЗДА ЕГІСТІКТІ СУАРМАЙ-АҚ ҚАУЫН ӨСІРДІ

Түркістан облысының шаруалары қауын өсіруде тың тәсілді пайдалана бастады. Яғни, егістікті суармай-ақ, мол өнім жинауға болатынын көрсетті. Оңтүстіктегі 45-50...

ТҮРКІСТАН: Келес ауданында 14 жасар автомеханик тұрады

Келес ауданында техниканың тілін меңгерген 14 жасар бала тұрады. 9 сыныпта оқитын Еркебұлан Мәулен бос уақытында трактор мен жеңіл...

Түркістан түркі дүниесінің түрленген дәуірінің озық жетістігі.

Түркістанның Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы болып, Түркістан облысы атанғалы бері атқарылған іс те аз емес, атқарар дүние де жетерлік....

ТҮРКІСТАН: Келес ауданында ашық футбол алаңшасы пайдалануға берілді

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Түркістан облысының Келес ауданында ашық спорт алаңшасы ел игілігіне берілді. Біртілек...

Бәйдібек: «Жасөспірім және заң!» тақырыбында жиын өтті

Боралдай ауылындағы және аудан орталығындағы мәдениет үйлерінде «Жасөспірім және заң!» тақырыбында аудандық ата-аналармен кездесу жиыны өтті. Кездесу жиындарына Түркістан...

«Халық-Life» АҚ компаниясы 2021 жылғы 3 тоқсанның қорытындысын жариялады

2021 жылғы 27 қазан, Алматы қаласы – «Қазақстан Халық банкінің «Халық-Life» өмірді сақтандыру бойынша еншілес компаниясы» АҚ 2021 жылғы 9 айдағы жұмыс қорытындысын жариялады. 2021 жылдың 3-ші тоқсанның...

Тағы да