Воскресенье, 19 апреля, 2026

Оқитын ұрпақ – ұлт болашағы

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Кітаптың рухани күш екендігі бұрыннан белгілі.  Кітап оқымаған адам ойланудан да қалады, ал, ойы жоқ адамның байқары да, айтары да болмасы хақ. Білімнің көзі кітапта десек, біздің  кітапқа деген құштарлығымыз қандай  деңгейде, жалпы, кітап оқимыз ба, оқығанымыз, білгеніміз туралы үйде әңгіме өрбітіп жүрміз бе?
Жақында ғана Түркістан қаласында өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев балалар әдебиетіне қатысты үлкен мәселе көтерді. Президентіміз кітаптың орнын ешқандай смартфон, планшет толтыра алмайтындығын айта келе, жас ұрпақты, қоғамды кітап оқуға шақырды.
Қазір көпшілік арасында «балалар кітап оқымайды» деген пікір қалыптасқан. Осы пікірді айтқан адамның өзі кітап оқымайды.  Жеткіншектеріміз кітап оқуы үшін ата-ана кітап оқуды өзінен бастауы керек. Кітап оқу – күрделі еңбек. Кітап оқи отырып тарихыңның түп-тамырын танисың, бүгінгі күніңді бағамдайсың, ертеңгі өміріңе көз жібересің.
Үйде балаларымызға кітап сатып алып береміз бе, балаларға арналған газет-журналдарға жаздырып жүрміз бе?  Мінеки, осындай ойларды тербетіп қана қоймай, білімге, өнерге құштар балаларымызға қолдау көрсетіп, олардың  шығармашылық еңбегін тамашалаудың  бір керемет сәті Отырар ауданында өткен «Ақылды балаға – сыйлыққа «Ақылдым» байқауында көрініс тапты.
Ауданымызда өткен осы байқауға ұйытқы болған Түркістан облысы бойынша таралымы ең көп балаларға арналған республикалық «Ақылдым» журналының директоры, журналист Бейсенкүл Нарымбетова екенін айта кеткен жөн.
Байқаудың ашылу салтанатында қонақтар мен көрермендер   ҚР Президентінің «Ерен еңбегі үшін» медалінің және  ҚР «Мәдениет саласының үздігі», суретші  Әділхан Мәліктің  тарихи тұлға Бейбарыс Сұлтанның туғанына 800 жыл толуына орай   салынған көркем туындыларымен  танысып,  ары қарай «Балалар әдебиеті – даналық сарайы» атты кітап көрмесін тамашалады.  Мұнда «Ақылдым» журналының балаларға қызықты да қажетті ақпаратты бөлісіп, балалар шығармашылығын қолдайтын мазмұнды басылым екендігі айтылып,  балалардың жазғы демалысты көңілді өткізуі үшін «Жазғы демалысқа кітаппен» атты қызықтыру бағдарламасы  ұсынылды.
Байқауды  аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Сағынтай Құттыбай үміткерлерге сәттілік тілеп,  аудан әкімі Сәкен Сұлтанхановтың арнайы тілегін жеткізді.
Үш кезеңнен тұратын бұл байқауда оқырман балалар «Ақылдым» журналымен қалай танысқаны туралы әңгімелеп, бұл басылымнан бұдан былай қандай ақпарат алғысы келетіні жайлы өздерінің тың идеяларын ұсынды. Сонымен қатар, балалар өздері шығарған қабырға газетінің мазмұнына тоқталып, жазып шыққан ертегілерін көпшілік алдында қорғап шықты.
Байқау қорытындысы  бойынша 3 кезеңде де білімділігін жоғары дәрежеде көрсете білген   Сымбат Тұрдалы бас жүлдені қанжығасына байлап, облыстық байқауға жолдама алды.  Сонымен қатар, Ақерке Баянбай І орынды, Рауан Өсербек ІІ орынды, Кәусар Полатхан ІІІ орынды иеленді. Басқа үміткерлер Алғыс хаттармен марапатталып, жеңімпаздар мен олардың жетекшілеріне және барлық қатысушыларға арнайы  жүлделер  мен сыйлықтар тапсырылды.
Қуанса, бала қуансын! Біз бұл күні  байқауға қатысқан  әрбір қатысушының есінде қалатындай  әдемі де әсерлі сәттер көп  болды деп айта аламыз. Болашақта еліміздің тұтқасын ұстайтын жас ұрпақ білімді, сауатты болса, бұл – ата-ана үшін үлкен бақыт, ал, мемлекет үшін – ұлы бақыт демекпіз!

Рәзия МАҚТАБЕКОВА,
Отырар аудандық орталық кітапханасының кітапханашысы.

Жаңалықтар тізбесі

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА 66 ЖОБА СҮЙЕМЕЛДЕНІП, ҚАРЖЫЛАНДЫРЫЛДЫ

Түлкібас ауданының «TURKISTAN» Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы «Бір терезе» қағидаты бойынша консалтинг, жобаларды жасау және сүйемелдеу және құжаттарды рәсімдеу...

Тауар сатып алу туралы шарт жасаудан бас тартуға бола ма?

ҚР «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңының 8-бабына сәйкес тұтынушының тауарларды (орындалатын жұмыстарды және қызметтерді) иеленуге еркін шарт жасауға құқығы...

ТҮРКІСТАН: Төлебиде талантты, әрі ерекше қыз тұрады

Төлеби ауданы, Кемеқалған ауылдық округі, Әңгірата елді мекенінде арманы асқақ, талапты да талантты ерекше қыз тұрады. Ұлбосын Әбдіғаппар өлең...

Мемлекет басшысы Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады. «Баршаңызды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтаймын! Бала...

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕС АУДАНЫНДА ИНДУСТРИЯЛДЫ АЙМАҚ ҚҰРЫЛДЫ

Индустраилды-инновациялық даму бағдарламасы аясында Келес ауданында индустриялды аймақты құру мақсатында Ақтөбе ауылдық округі аумағынан 300 гектар жер учаскесі бөлініп,...

ТҮРКІСТАН: Созақтық түлектер қос бірдей отбасыға баспана тарту етті

Бүгін Созақ ауданына қарасты Шолаққорған және Таукент ауылындағы қос бірдей мұқтаж отбасыға тұрғын үй кілті табысталды. Аудан орталығындағы Тәкен...

Противодействие наркобизнесу и пыткам: масштабное заседание прошло в Генпрокуратуре

Под председательством генерального прокурора Берика Асылова состоялось заседание Координационного совета по обеспечению законности, правопорядка и борьбы с преступностью, сообщает...

Жетісай аудандық Аналар кеңесінің отырысы өтті

Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Жетісай аудандық Аналар кеңесінің І тоқсандық отырысы өтті. Отырысты Жетісай аудандық ҚХА жанындағы Аналар кеңесі төрайымы...

Елде зорлық-зомбылық бойынша шағым түспесе де полиция іс қозғай алады

Тұрмыстағы зорлық-зомбылық бойынша енді шағым түспесе де, полиция іс қозғай алады. 1-шілдеден бастап заңға осындай өзгеріс енеді. Өйткені соңғы...

Тағы да