Понедельник, 20 апреля, 2026

Шолпанның шұғылалы шақтары

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Билікке деген сенім қазіргі қоғамның талаптарына сай мемлекеттік қызметшіден басталады. Мемлекеттік қызмет атқару – қоғам мен мемлекет тарапынан көрсетілген ерекше сенімнің белгісі. Арамызда өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттік қызметті мінсіз атқарып жүргендер аз емес. Солардың бірі — ҚР Еңбек және  халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің басшысы Шолпан Байболова.
Ол 1970 жылы 27 қаңтарда Кентау қаласының Байжансай елді мекенінде туған. Әкесі Ерназар 45 жыл мектепке басшылық етті. Ұлағатты ұстаз білім саласының үздігі еді. Ал, анасы Тоты  26 жыл медицина саласында абыройлы қызмет атқарды, 12 баланы дүниеге әкеліп, Батыр ана атанды. Ерназар мен Тоты тәрбиелеген перзенттердің төртеуі қазір мемлекеттік қызметте жүр. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» демекші, жақсы отбасыда тәрбие алған Шолпан мектепті үздік үлгеріммен аяқтап, жоғары білім алды. Оның экономикалық, педагогикалық және заңгерлік мамандығы бар. Мемлекеттік қызмет саласында 30 жылдан астам еселі еңбек етіп келеді. Білікті кадр.
– КСРО-ның кезі. 1988 жыл. Жасым 18-де. Сол жылы Шымкент кооператив техникумының комсомол комитетінің хатшысы болып сайланған едім, – деп еске алады Шолпан Ерназарқызы. – Республика бойынша ең жас комсомол комитетінің хатшысы едім. Шымкент облыстық партия комитетін Асанбай Асқаров ағамыз басқарған тұс. Ал, өңірлік комсомол ұйымының тізгіні Абдулла Ахметов ағамыздың қолында еді. Осы кісілерден көп тәлім алдық, адами қасиеттерді үйрендік.
Отыз жыл ішінде Шолпан бірқатар мемлекеттік органдарда қызмет етті. Атап айтқанда, Түлкібас аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының бас диспетчері, Шымкент қаласы, Еңбекші аудандық салық инспекциясының аға салық инспекторы, Түлкібас аудандық статистика бөлімі бастығының орынбасары, ОҚО ішкі істер департаментіне қарасты Түлкібас АІІБ-де штаб жетекшісі және төлқұжатшысы, ОҚО спорт және дене шынықтыру департаментінің кадр ісі бойынша бас маманы, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің ОҚО бойынша департаментінің бас маманы, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің ОҚО бойынша департаменті Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Шымкент  қаласы бойынша департаментінің персоналды басқару бөлімінің бас маманы қызметтерін атқарды. Қазіргі уақытта аталмыш департаменттің халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің басшысы болып қызмет атқаруда.
Мемлекеттік қызметшінің ұзақ жылғы мінсіз еңбегі ескерусіз қалған жоқ. Өңірінде «Қазақстан Конституциясына – 25 жыл» мерекелік медалі жарқырайды. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің, Статистика министрлігінің, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің,  Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің, республикалық кәсіподақтар бірлестігінің Құрмет грамоталарымен марапатталып, «Әлеуметтік еңбек саласының үздігі» атанды. Алғыс хаттары да жетерлік.
Шолпан қоғамдық жұмыстарға да уақыт табады. Мәселен, ол Шымкент қаласындағы М.Мәметова атындағы №35 жалпы білім беру мектебінде қамқоршылық кеңесінің төрайымы, бүкілмектептік ата-аналар комитетінің төрайымы, «Турон» облыстық әскери-спорт түрлері қоғамының мүшесі, «Соғыс және радиация апаттарының мүгедектері» ОҚО қоғамдық бірлестігі төрағасының әйелдер секторы бойынша орынбасары ретінде ел дамуына лайықты үлес қосып жүр.

С.МӘТҚАЛИҰЛЫ.

Жаңалықтар тізбесі

ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАУ

Шымкент – жастар қаласы. Ал жастар – ел болашағы. Қалада 264 мыңнан астам жастар бар. Яғни, қала халқының 26% құрап...

Offset Shares a Video of Cardi B Giving Birth to Baby Kulture

 The main thing that you have to remember on this journey is just be nice to everyone and always...

Түркістан қаласындағы «Olympic center» спорт сарайында алғаш рет қазақ күресінен «Turan Barysy» Азия Кубогы өтті.

ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ — «TURAN BARYSY» АЗИЯ КУБОГЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ Түркістан қаласындағы «Olympic center» спорт сарайында алғаш рет қазақ күресінен «Turan Barysy»...

Жастар- ізгілік жаршысы

Түркістан облысы Жастар ресурстық орталығында жиын өтті.  «Қоғамдық даму және психологиялық көмек көрсету» бөлімінің ұйымдастыруымен «Нашақорлыққа және есірткі  бизнесіне...

БОЛАШАҚҚА БАҒЫТ-БАҒДАР БЕРЕ БІЛГЕН БАЙКЕН-БАУЫР…

  Шымкент қалалық мәслихатының депутаты, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі Байкен Әшірбаев жастармен еркін форматта кездесу өткізіп, олармен тәлім-тәрбиелік тақырыптарға...

«Табысты отбасы» жобасының түлектері өз ісін ашуға құрал-жабдықтар алды

«Табысты отбасы» әлеуметтік пилоттық жобасы аясында оқуын аяқтаған 43 азаматқа аудан әкімі Арман Абдуллаев, Түркістан облысының жұмыспен қамту және...

Түркістандық делегация теріскейде

Биыл 8 айдың ішінде Түркістан өңірінен 238 отбасы, оның ішінде 885 адам солтүстік өңірлерге қоныс аударған. Бүгінде олардың бірі...

Тауар сатып алу туралы шарт жасаудан бас тартуға бола ма?

ҚР «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңының 8-бабына сәйкес тұтынушының тауарларды (орындалатын жұмыстарды және қызметтерді) иеленуге еркін шарт жасауға құқығы...

Жастар — біздің болашағымыз!

  Жастар — елдің болашағы. Халқымыз жастар тәрбиесіне әрдайым көңіл бөліп отырған. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты аясында жастардың рухани,...

Тағы да