Воскресенье, 19 апреля, 2026

Түркістанда «Тұран даласының күйлері» атты күйшілер байқауы өтті

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Бүгін Түркістан қаласы әкімдігінің қолдауымен Түркістан қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Ұлттық домбыра» күніне орай және Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдық мерейтойы аясында «Тұран даласының күйлері» атты күйшілер байқауы өтті.

Байқау мақсаты халыққа өнері де, өмірі де өнеге болған қазақтың ардақты перзенттерінің бірі, күй көгінде қалықтаған Құрманғазы Сағырбайұлының шығармашылығын, қазақтың күйшілік өнерін, күйлерді орындаудағы шеберлігін өскелең ұрпаққа, өнерсүйер жұртшылыққа кеңінен насихаттаудағы еңбегін паш ету, біртуар тұлғаның ізбасарларын жетілдіріп, қанаттарын қатайту болып саналады.

Қазақтың төкпе күйлері мен шертпе күйлерін орындаған қатысушылардың арасында «Айнамкөз» өнер мектебі, Саз мектебі, «Ақжайық» музыка мектебі, сондай-ақ қаладағы орта мектеп оқушылары да бар.

14 үміткер қатысқан байқауға өнердің биігін бағындырған таланттар төрелік етті. Әділ қазылар алқасының құрамында Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дің аға оқытушысы, Иманали Сайманов және «Ақжайық» музыка мектебінің директоры Сырым Айсынов, Түркістан балалар Саз мектебінің домбыра пәнінің мұғалімі Данакөз Ахметханқызы бар.

Қазылар алқасының шешімімен үлкен топта бас жүлде Шайзында Жансаяға бұйырды. Ал I орынды Әбдіраман Саят, II орын Мәткен Аяулым, III орын Рамазан Саят иемденді. Құрманғазы Сағырбайұлы атындағы арнайы жүлдемен Жетібай Рәтхан марапатталды. Кіші топта I орын Садық Мейірланға, II орын Серікбай Нұрболат пен Өтебек Балнұрға, III орын Тастанбек Жарқынбек пен Әлімсейіт Нұрзатқа бұйырды. Төлеген Момбеков атындағы арнайы жүлдемен Шалқар Арайлым марапатталды. Байқауға белсене атсалысқаны үшін Құнанбаев Игілікке, Жетібай Дархан мен Сабиров Садирға арнайы диплом табыс етілді. Жеңімпаздарға қаржылай сыйлықтар табысталды.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Жаңалықтар тізбесі

ТҮРКІСТАН: ӨҢІРДЕГІ ҚОҒАМДЫҚ — САЯСИ АХУАЛДЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛДАНДЫ

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен облыстағы қоғамдық-саяси ахуал мәселелері туралы отырыс өтті. Жиынға облыстық прокуратура, құқық қорғау органдары...

ТҮРКІСТАН: БАСШЫЛАР ТҰРҒЫНДАРҒА КӘСІПКЕРЛІККЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЖЕҢІЛДІКТЕР АЛУ ЖОЛДАРЫН ТҮСІНДІРДІ

ТҮРКІСТАН: БАСШЫЛАР ТҰРҒЫНДАРҒА КӘСІПКЕРЛІККЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЖЕҢІЛДІКТЕР АЛУ ЖОЛДАРЫН ТҮСІНДІРДІ Бүгін Түркістан қаласындағы «Конгресс холл» көпсалалы кешенінде кәсіпкерлік пен ауыл шаруашылығына...

БИЫЛ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МЕКТЕПТЕРІ БЕЙНАБАҚЫЛАУМЕН ЖӘНЕ КӘСІБИ КҮЗЕТПЕН ТОЛЫҚ ҚАМТЫЛАДЫ

Биыл Түркістан облысындағы мектептер 100 пайыз бейнебақылаумен, және лицензиясы бар кәсіби күзет қызметімен қамтылады. Сонымен бірге бала саны 700-ден...

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ТҮРКІСТАНДЫҚ БРЕНДТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА КҮШ САЛУДЫ ТАПСЫРДЫ

  Өңірлік бренд қалыптастырудың еліміз үшін маңызы зор. Түркістан облысында жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыруға арналған «Әкім гранты» жобасы бойынша қолдау...

«Мерейлі отбасы — 2023» байқауының лауреаттары марапатталды

Биыл ұлттық байқау 10-шы рет өткізіліп отыр. Бақытты, берекелі отбасы - еліміздің басты байлығы. Жыл сайын өткізу игі дәстүрге айналған...

ТҮРКІСТАН: «Серпін» білім іздеген жастарға жаңа мүмкіндіктер сыйлайды

Шілденің 13-нен бері «Серпін» бағдарламасы бойынша еліміздегі 18 ЖОО-ның өкілдері Түркістан қаласындағы «Жастар ресурстық орталығы» мен Қ.А. Ясауи атындағы...

Кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыс саны бірқатар аудандарда өсім көрсетіп отыр

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен Түркістан облысы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының мәжілісі өтті. Күн...

Республикалық балалар оқуы байқауының аудандық кезеңі өтті

Бүгін Қазығұрт ауданынының білім бөліміне қарасты О.Жандосов атындағы жалпы білім беретін мектебінде республикалық балалар оқулары байқауының аудандық кезеңі өтті....

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА 66 ЖОБА СҮЙЕМЕЛДЕНІП, ҚАРЖЫЛАНДЫРЫЛДЫ

Түлкібас ауданының «TURKISTAN» Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы «Бір терезе» қағидаты бойынша консалтинг, жобаларды жасау және сүйемелдеу және құжаттарды рәсімдеу...

Тағы да