
Ел, Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында басты мақсат – азаматтардың барлық сындарлы сауалдарына жедел әрі тиімді жауап беру екенін баса айтты.
Бұл ретте, жергілікті биліктің халықпен байланысын нығайту мақсатында «AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмелері жұмыс жүргізуде.
Мемлекет басшысының жергілікті биліктің халықпен кері байланысын нығайту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Қазығұрт ауданының полиция бөлімінің бастығы Ермеков Мұрат Мұхтарұлы жылдың басында қоғамдық қабылдау өткізіп бірнеше азаматтарды қабылдады.
Қабылдауға келген ауыл тұрғыны Е.Баратов жылдар бойы жеке куәлік ала алмай сандалған. Жеке куәліктерінің болмауына байланысты қажетті емдерін де ала алмай жүрген.
Нәтижесінде: Қабылдау барысында Е.Баратовқа заң аясында кеңестер беріліп, тиісті жұмыстар атқарылды. Соның арқасында 40 жастағы азамат жылдар бойы ала алмаған құжатын алды. Көп балалы әке Е.баратов аудандық партия филиалына, аудандық полиция бөлімінің басшысы М.Ермековқа алғысын білдірді.
