Воскресенье, 19 апреля, 2026

ТҮРКІСТАНДА «Балалардың игілігі үшін» мерекелік гала-концерті өтті

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Түркістанда 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Балалардың игілігі үшін» гала-концерті өтті. Алдымен «Когресс Холл» кешенінде Ордабасы, Сарыағаш, Кентау саз мектептерінің оқушылары Құрманғазының күйлерін тартса, арнайы фотокөрме де көпшілік назарына ұсынылды. Мерекелік жиынға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев пен облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов қатысып, балаларды, оқушыларды төл мерекесімен құттықтады.

– Құрметті балалар, оқушылар! Сіздерді Түркістан облысының әкімі Дархан Амангелдіұлының және облыстық мәслихаттың атынан құттықтау үшін арнайы келіп тұрмыз. Мерекелеріңіз құтты болсын! Түркістан – дарынды, білімді, өнерлі балаларымен мақтанатын ерекше өңір. Биылғы оқу жылында өңірімізде 500 мыңнан астам бала білім алды. Облысымызда 1000-шы мектеп ашылды. Ел Президентінің тікелей қолдауымен балаларға, өскелең ұрпаққа жағдай жасау үшін игі бастамалар қолға алынып жатыр. Алдағы 3 жылда облыста 96 мектеп бой көтереді. Биыл облыс мектептеріне 101 автобус бөлініп, 71-і тапсырылған болатын. Ал бүгін қалған 30 автобусты ұсынып отырмыз. Жазғы демалыста 26 мыңнан астам баланы демалыс лагерлеріне жіберу жоспарланған. Түркістан өңірінде «Қауіпсіз мектеп» жобасын жүзеге асырамыз. Балалардың дамуына, білім алуына жан-жақты жағдай жасау жалғасады. Сонымен қатар биыл облыста 31 мыңнан астам түлек мектепті бітіріп, үлкен өмірге қадам басып отыр. Баршаңызға сәттілік тілеймін. Ата-ананың, елдің үмітін ақтай беріңіздер, – деді Бейсен Тәжібаев.

Салтанатты жиында халықаралық, республикалық байқаулардың жеңімпаздары марапатталды. 15 оқушыға облыс әкімінің Алғыс хаты мен 200 мың теңгенің сертификаттары тапсырылды. Биыл облыс шәкірттері халықаралық, республикалық ғылыми жоба байқаулары мен пән олимпиадаларында 9 алтын, 17 күміс, 20 қола медаль иеленді. Республикалық «Ұлттық мектеп лигасы» жарысында Түркістан өрендері 10 алтын, 4 күміс, 5 қола медалға қол жеткізіп, жалпыкомандалық есепте үш жыл қатарынан I орынға ие болды.

Гала-концертте Түркістан облысының аудан, қалаларынан іріктелген үздік, өнерлі және талантты оқушылар мен балалар өз өнерлерін көрсетті. Әннен шашу шашылып, бұраң бел би биленді. Сондай-ақ Ақжол Мейірбеков, Айдар Тұрғамбек сынды елге танымал эстрада жұлдыздары да мерекемен құттықтап, әндерін шырқады. Мерекеге қатысушы оқушыларға облыс әкімі атынан «Qasym kitaphanasy» сериясы арқылы жарық көрген мыңнан аса кітап сыйға тартылды.

Мерекелік жиында облыс мектептеріне 30 жаңа автобус тапсырылды. Осылайша, Түркістан өңіріне 101 балалар автобусы толық жеткізіліп отыр.

Балаларды қорғау күніне орай Түркістан облысының аудан, қалаларында, өнер мекемелерінде мерекелік концерттер ұйымдастырылып, саябақтарда жалпыхалықтық серуендер өтті.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Жаңалықтар тізбесі

Кәсіпкерлік — қоғам қанаты

Осы жиыннан кейін Превенция қызметінің басшысы Саян Ахметжанов Түркістан өңірінің бизнес өкілдерімен кездесті. Жиында облыс әкімінің орынбасары Арман Сәбитов...

Майдангерлерге құрмет көрсетті

9- мамыр "Жеңіс күніне" екінші дүниежүзілік соғыста теңестірілген фашистік Гетто концлагерінің бұрынғы тұтқыны Репина Ирина және Ленинград блокадасының тұрғыны...

Келестік оқушы-архитектор

Келес ауданындағы №10 «Игілік» жалпы білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы Қалдар Мейрамбек тұрмыстық қалдықтардан макет құрастырып, түрлі архитектуралық нысандар...

ШАЛҒАЙДАҒЫ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ ДАМЫТУ

Сапалы ауыз сумен қамтамасыз етеміз «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ 2025 ЖЫЛҒА ДЕЙІН ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ХАЛҚЫН, ӘСІРЕСЕ, ШЕТКІ ШАҒЫН АУДАНДАРДЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ТОЛЫҚТАЙ...

«Ақ лалагүлдер мекені — Финляндия» кітабы бойынша оқырмандар конференциясы өтті

Созақ ауданы, Қ.Сәтбаев атындағы мектеп-гимназиясында Қазақстан халықтары тілдері мерекесіне арналған «Мемлекеттік тіл – ұлт бірлігінің басты факторы» тақырыбындағы онкүндік...

DAUSСHER – ТҰҢҒЫШ ОТАНДЫҚ ӨНІМ

Қазақстан Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында бауырлас түркиялық инвестор Юсуф Үге мен қазақстандық кәсіпкер Қасым Сойырқастың серіктестігінің нәтижесінде Алматы...

Ұстаз құрметке бөленді

Бүгін аудандық мәдениет үйінде ауданның құрметті азаматы, ардақты ана, асыл жар, аяулы әже ауданымыздың өсіп өркендеуіне мол үлес қосып...

ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАУ

Шымкент – жастар қаласы. Ал жастар – ел болашағы. Қалада 264 мыңнан астам жастар бар. Яғни, қала халқының 26% құрап...

Түркістан облысының Қақпақ ауылында қайырымдылық спорт залы ашылды

   Түркістан облысының Қазығұрт ауданы Қақпақ ауылында балаларға арналған қайырымдылық спорт залы ашылды. «Қазақстан халқына» қорының жобасы аясында ауыл балалары...

Тағы да