Понедельник, 20 апреля, 2026

Түркістан облысында биыл 21 мыңнан астам түлек ҰБТ тапсырады

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Түркістан облысында биыл 29 491 оқушы мектепті аяқтайды. Оның ішінде ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыруға өтініш бергені — 21 065. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы мәлімдеді.

2022-2023 оқу жылында 11 сыныпты бітірген түлектердің ішінде 1416 оқушы «Алтын белгіге» үміткер болса, 2355-і «Үздік аттестат» алуға үміттеніп отыр.

«Жалпы өңірдегі Түркістан мен Сарыағаш қалаларында және Жетісай, Созақ, Сайрам аудандарында «USTUDY» тестілеу орталықтары орналасқан. Онда ҰБТ 2 лек бойынша компьютерлік форматта өткізіледі. Орталықтарда 12 аудиторияда 600 компьютерлік орын дайындалған. Ұлттық бірыңғай тестілеу цифрлық форматқа өткізіліп, жылына 4 рет тапсыру мүмкіндігі берілді. 11 сынып бітірушілері қаңтар айынан бастап ЖОО-на түсе алады. Мемлекеттік грантқа түсу үшін тіркелу — 28 сәуір мен 14 мамыр аралығында жүргізілді. Ал мемлекеттік грантқа түсу үшін тест тапсыру мерзімі 18 мамыр мен 5 шілде аралығында жүргізіліп жатыр. Тестілеу барысы толығымен бейнежазбаға түсіріліп, бейнекамералар Ұлттық тестілеу орталығымен бақылауға алынған. Қазіргі таңда тест тапсырғандар – 4357, шығармашылық емтихан тапсырғандар – 614, тестілеуге қатыспағаны – 79», — деді басқарма басшысы.

ҰБТ ережесіне сәйкес ғимаратқа кіргізу немесе тестілеу барысында тыйым салынған заттар анықталып, ғимараттан немесе тестілеуден шығарылған болса, ҰБТ-ны тапсыруға екінші мүмкіндік берілмейді.

Басқарма басшысы айтып өткендей, биыл наурыз айында Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында оқушыларды қауіпсіз тасымалдау үшін Түркістан облысындағы ауыл мектептеріне арнайы 71 автобус табысталды. Ертең, яғни 1 маусым – балаларды қорғау күніне орай қосымша тағы 30 автобус берілмек.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Жаңалықтар тізбесі

ТҮРКІСТАН: Түлкібаста биыл 1300-ге жуық оқушы жазғы лагерлерде демалады

Жаз – жарқын мезгіл. Ауыл баласы – қалаға, қала баласы – ауылға ағылады, оқудан босаған оқушылардың кейбірі демалыс лагерлеріне...

Атыраулық отбасының қуанышы

«Алты Алаш үшін ақ түйе­нің қарны жарылған бұл күн­нің астарында мемлекеттің жаңа экономикалық, инфра­құрылымдық сын-қатерлерді еңсере алуы мен жаc...

БУРСА ӨНДІРІС ҚАЛАСЫ

БУРСА ҚАЛАСЫНЫҢ ТАРИХЫ Бурса, Оңтүстік Мәрмәр теңізінің інжу-маржаны, Түркияның 4-ші ірі қаласы, өркениеті 8500 жыл бұрын және неолит дәуірінен басталады;...

ТҮРКІСТАН: Балаларға қуаныш сыйлаған «Армандар орындалады» жобасы қанатын кеңге жайып келеді

Түркістандық ерікті Әсел Бимырзаеваның 2022 жылы қала көлемінде ұйымдастырған «Армандар орындалады» жобасы енді облыс көлемінде қолға алынды. Өткен жылы игі...

Ағайын-туысқа өте бауырмал болатын

Тірлікте әкенің орны бөлек қой. «Әке – асқар тау» деп бекер айтылмаған. Өзіміз ата болсақ та әлі күнге дейін...

Солтүстік Эгей теңізіндегі әдемі Түркия аралдарын аралаңыз

Түркия аумағындағы теңіздердің үш әдемі аралдары Гөкчеада, Бозжаада және Кунда ғасырлар бойы қонақтарын Эгей теңізінің байлығымен қарсы алды. Аралдардағы...

Президент сайлауына үгіт-насихат жұмыстары басталды

      Президент сайлауы: үгіт-насихат жұмыстары басталды. Қазақстанда Президент сайлауына кандидаттарды тіркеу аяқталып, кезектен тыс президенттік сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстары кеше...

Жол картасындағы 10-шы басымдығы бойынша қала әкімінің орынбасары М.Исаховпен бірге мониторинг жұмыстарына жүргізілді

Жол картасындағы 10-шы басымдығы бойынша қала әкімінің орынбасары М.Исаховпен бірге мониторинг жұмыстарына жүргізілді Шымкент қалалық мәслихатының, «Nur Otan» партиясының депутаты,...

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА ҰЛТТЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА МҮГЕДЕКТІГІ БАР 236 АЗАМАТ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

Түркістан облысы, Созақ ауданында 2022 жылы кәсіпкерлікті дамытудың «2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық жобасы» шеңберінде мүгедектігі бар 90 адамды жұмыспен...

Тағы да