Понедельник, 20 апреля, 2026

Адам саудасын кім тоқтатады?

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Азаматтардың құқығы мен бостандығы ең басты құндылық екендігі Ата Заңымызда нықтап жазылған. Алайда, өркениетті делінген өзге елдердегі сияқты бізде қылмыстың басқа түрлерін былай қойғанда, адам саудасының өзіне тосқауыл қойылмай келеді. Мұны біз емес, ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті басшысының міндетін атқарушы Қанат Нұрмағамбетов баспасөз жиынында айтты.

– Өкілетті органдар бұл салада тиісті жұмыстарды атқарып жатыр. Осы орайда министрлік жүйелі түрде республика бойынша жедел алдын алу іс-шараларын өткізіп тұрады. Жалпы, жыл сайын 100-ге жуық осы санаттағы сотқа дейінгі тергеу тіркеліп отыр, – деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен «дөңгелек үстел» мәжілісінде.

Қаракөздер кімдерге сатылып жатыр?

Құзырлы мекеме басшысының сөзіне сүйенсек, өткен жылдың желтоқсан айында трансұлттық қылмыстық топтың 17 мүшесі түрлі мерзімге жазаға тартылған. Олар адам саудасымен айналысып, «тірі тауарды» Бахрейн корольдігіне жеткізіп отырған. Ал, қылмыстық топтардың оларды Бахрейнге апарып не істейтіні көпшілікке бұрыннан мәлім.

Дәлірек айтсақ, былтыр елімізде адам саудасына байланысты қылмыстар 2020 жылға қарағанда екі есе көп, яғни 68 қылмыс тіркелген. Соның ішінде халықаралық қылмыстық топтар Қазақстаннан Бахрейнге 38 қызды алдап апарып, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүр еткені анықталған. Сондай-ақ, осы жылдың ақпан айында Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Бахрейн корольдігінен 1989 жылы туған Қазақстан азаматы экстрадицияланғанын хабарлады. Ол жыныстық қанау мақсатында ҚР-ның кәмелетке толмаған азаматшасын Бахрейнге сатты деген күдікке ілінген. Нәтижесінде күдікті елордадағы тергеу изоляторына қамалып, аталған қылмысқа қатысы бар бірқатар адам ұзақ мерзімге бас бостандықтарынан айырылды.

Біріккен Ұлттар Ұйымы да адам саудасының ең көп тараған бағыты – әйелдерді сексуалды мақсатта пайдалану үшін құлдыққа жегу екенін мәлімдеді. Бұл проблема біздің елімізде де өзекті. Ал, ер адамдарды мәжбүрлеп, жұмысқа жегеді. Сонымен қатар, қазіргі уақытта нәрестелер мен бүлдіршіндерді сату жағдайларына да жиі куә болып жүрміз. Мұндай оқиғалардан кейін «демократия, теңқұқықты қоғам, адамдардың бостандығы» деген ұғымдар қайда қалады?..

Жаңа заң жарылқай ма?

Ал, уәкілетті органдар қазір бұл санаттағы қылмыстармен күресіп қана қоймай, адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы заң жобасын әзірлеп жатыр. Қанат Нұрмағамбетовтің айтуынша, ол заң жобасы 2023 жылдың көктемінде дайын болмақ. Осы орайда аталған қылмыс түріне қатысты ережелердің көбісі адам құқықтары саласындағы және адам саудасымен күрес бағытындағы халықаралық конвенцияда ратификацияланғанымен, біздің елімізде жеке заң қабылданбағанын айта кету керек. Тиісінше, жаңа заң жобасы адам құқықтары тұрғысында Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау бағытында даярлануда.

– Қазіргі кезде адам саудасымен күрес бағытындағы қылмыстарды анықтау мен тергеу бойынша тиісті тәжірибені жинақтадық. Бұған мемлекеттік органдар мен азаматтық сектор арасындағы диалог алаңы ықпал етті. Осы орайда адам саудасымен күрес бойынша ведомствоаралық комиссия түріндегі алаң қызмет етіп отыр. Осы тектес өңірлік комиссиялар облыстар мен қалалар әкімдіктері жанында жұмыс істеп жатыр, – дейді ол.

Оның сөзіне сүйенсек, әр үш жыл сайын тиісті іс-шаралар кешенін қамтитын үкіметтік жоспар қабылданады. Тиісінше, қазіргі уақытта 2021-2023 жылдарға арналған жоспар жүзеге асырылып келеді. Оны жүзеге асыруға мемлекеттік әрі жергілікті атқарушы органдар, сонымен қатар, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдар қамтылған. Зардап шеккен адамдардың құқығы мен мүддесін қорғау, оларға көмек көрсету тұрғысында елімізде жиырмадан астам үкіметтік емес ұйым қызмет етуде.

Бұған өз еркімен келісетіндер де бар…

Жуырда ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова «Адам құқықтары және заң үстемдігі туралы» заң жобасы жөнінде айтып берді. Оның айтуынша, «Адам құқықтары және заң үстемдігі туралы» жоба Үкіметте қаралып, оң шешім қабылданған. Тиісінше, жаңа заң аясында адам құқықтары қорғалып қана қоймай, осындай жағдайға түскен адамдарға көмек көрсетіледі.

Сондай-ақ, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл бұл мәселенің екінші бір тұсын да айта кетті. «Өкінішке қарай, біз адам саудасы туралы айтқанда мұндай фактілер жаппай сипатқа ие болмайды, тіпті адамдар мұндай жағдайға еркінен тыс қана емес, өз келісімімен де барады. Көбінесе олар жұмыс табу қиындағандықтан күмәнді, күдікті еңбек жағдайларына келіседі, заңбұзушылыққа өздері барады. Мұндай жағдайда полиция қанша жерден тиімді жұмыс істегенімен, мәселе ашық күйінде қалады. Атап айтқанда, жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау мәселелері және тәжірибе көрсеткендей, адамдар бұл жағдайға бірнеше рет барады, яғни қылмыс ұзаққа созылады. Сондықтан басқа мемлекеттік органдар мен ұйымдардың заңсыздықтың алдын алу, ескерту, талдау жұмыстары өте маңызды. Бұл тек анықтауға және жазалауға бағытталған жұмыс емес, елдің әлеуметтік саясатымен байланысты тәжірибе, сондықтан біз осы заңның қабылдануын қолдаймыз» деді ол.

P.S: Көріп отырғанымыздай, адам саудасы өте күрделі проблема. Бір жағынан арам пиғылдылар адамдарды алдап, арбап, шекараның арғы жағына сатып жіберсе, енді біреулері еркектерді күштеп жұмысқа салады. Екіншіден, Эльвира Әзімова айтқандай, елімізде жұмыстың жоқтығы, әлеуметтік жағдайдың төмендігінен «саудагерлерді» өздері іздеп баратын адамдар да аз емес. Сондықтан аталған жаңа заң жобасының құқықтық саланы қамтып қана қоймай, әлеуметтік мәселелерді де шешуге құзіреті жетеді деп сенеміз. Өйткені, Тәуелсіз Қазақстанның бір бұрышынан құлдық қоғам ашылып, көптеген қандастарымыздың тағы да жат жұртқа сатылып кетпесіне кепілдік жоқ.

 

Жаңалықтар тізбесі

ТҮРКІСТАН: Қазығұртта «Әже — ұлттың ұйытқысы» атты форум өтті

Қазығұрт ауданы «Ардагерлер кеңесі» жанынан 2013 жылы құрылғын «Әжелер алқасы» ұйымының жұмыс істеп жатқанына биыл 10 жыл толып отыр. Осыған...

«Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты бағдарламасы аясында

«Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты бағдарламасы аясында Еңбекші ауданының әкімі Досбол Есилбекпен бірге «Nur Otan»...

ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫН ТҮРКІСТАНҒА АУЫСТЫРУ КЕНТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН БЕРДІ

Биыл Кентау қаласының келбетін жаңарту үшін 55 көпқабатты тұрғын үйді жөндеуден өткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Кентау қаласы тұрғындарымен...

Ұстаздың жолы — дара жол

Түркістан облысы Шардара ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты N 12 жалпы орта мектебінде 1-Наурыз " Алғыс айту" күніне...

Hard time ahead for Hodgson as England start Euro qualifying campaign

 The main thing that you have to remember on this journey is just be nice to everyone and always...

ТУРКЕСТАН: ДОЛЖНА БЫТЬ УСИЛЕНА РАБОТА ПО РАЗВИТИЮ КЕНТАУ

Необходимо активизировать работу по развитию города Кентау и реализовать новые проекты. В частности, время требует повышения производственного потенциала города. Аким...

«Менің отбасым — сыйластық, жарастық орнаған ортам»

Түркістан облысы Түлкібас ауданы адами әлеуеті дамыту бөліміне қарасты А.Макаренко жалпы орта мектебінде 17 мамыр күні "Менің отбасым- сыйластық,...

Түркістан облысында алғашқы шетелдік көлік 2 сағат ішінде тіркелді

Түркістан қаласында шетелдік көлікті заңдастыру науқаны аясындағы алғашқы көлік тіркелді. Яғни Түркістан қаласының тұрғыны Оңғар Әлиев 1,5 жыл алдын...

ТҮРКІСТАН: ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ МИНИСТРІ СУ ТАСҚЫНЫ БОЙЫНША ЖЕДЕЛ КЕҢЕС ӨТКІЗДІ

Түркістан облысына жұмыс сапарымен келген Төтенше жағдай министрі Юрий Ильин өңірдегі су тасқыны мәселесі бойынша жедел кеңес өткізді. Жиынға Түркістан...

Тағы да