Воскресенье, 19 апреля, 2026

Түркістан облысында алғашқы шетелдік көлік 2 сағат ішінде тіркелді

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Түркістан қаласында шетелдік көлікті заңдастыру науқаны аясындағы алғашқы көлік тіркелді. Яғни Түркістан қаласының тұрғыны Оңғар Әлиев 1,5 жыл алдын Ресейден әкелген «Нексия» маркалы автокөлігін небары 2 сағат ішінде толық тексертуден өткізіп, қазақстандық нөмір алды.
Көлік жүргізушісі, Мемлекет басшысының осындай қолайлы жағдай жасағанына, халықты қолдағанына алғысын білдірді.
Естеріңізге салсақ, бүгіннен бастап елімізде ҚР ІІМ-нің тапсырмасына сәйкес шетелдік көліктерді заңдастырудың бір реттік акциясы басталды. Осыған байланысты Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Бағланбек Айтпаев, облыс орталығындағы автоЦонды аралап, ондағы қызметкерлердің дайындығын тексеріп шықты. Сонымен қатар шетелдік көлігін заңдастыру үшін келген тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Полиция полковнигі Б.Айтпаев: «Акция жайлы естіген шетелдік көлігі бар тұрғындар автоЦондарға көптеп келуде. Алғашқы жұмыстар да басталды. Біз тұрған Түркістан қаласындағы авоЦонда 6 сектор жұмыс жасап тұр. Көлігін тіркегісі келген түркістандық Оңғар есімді жігіт, небары 2 сағат ішінде тексерулерден толық өтті. Арнайы мақұлдау туралы хабарлама алып, мемлекеттік нөмірді иеленіп, көлігін заңдастырды.
Осы орайда Автокөліктерді заңдастыруға жататын нақты шарттар белгіленгенін жеткізгім келеді. Бірінші шарт, 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін елге әкелінуі керек, одан әрі іздеуде болмауы қажет, басқа мемлекетте бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылған болуы тиіс, кедендік тазартудан өту керек. Ал кедендік тазартудан Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерден әкелінген көліктер өтпейді. Бұл шара Түркістан облысы бойынша Түркістан қаласы, Мақтаарал, Ордабасы, Сайрам және Сарыағаш аудандарындағы АвтоЦондарда ұйымдастырылады. Осы жерлерге келіп, шетелдік көлігіңізді заңдастыруға толық мүмкіндігіңіз бар»-деп атап өтті.
Аталмыш акция 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін өткізіледі. Көлік иесі алғашқы тіркеу үшін 200 000 теңге, техпаспорт үшін – 4 313 теңге және мемлекеттік нөмір үшін – 9 660 теңге мемлекеттік төлем жасау қажет. Содан кейін құжаттардың түпнұсқаларын АвтоЦон қызметкеріне тапсырады. Тіркеу аяқталғаннан кейін автомобиль иесіне Қазақстан Республикасының тіркеу құжаты және мемлекеттік нөмірлері беріледі.

Жаңалықтар тізбесі

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА ЕКІ АУЫЛ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛДЫ

Республика күніне орай Ордабасы ауданы, Қараспан ауылдық округіне қарасты Бейсен, Мақташы ауылдарындағы ауыз су жүйесінің құрылыс жұмыстары аяқталып, тұрғындарға...

Еуропа бойынша велоспорт туризмін ілгерілету үшін…

EuroVelo & Cycling Tourism Conference 2023 жылдың 11-13 қазаны аралығында Түркияның Измир қаласында өтеді. Бұл шараға еуропалық велотуризм индустриясының...

Тірлігі тындырымды НӘЗИПА

Төлеби аудандық ауруханасында халық денсаулығы үшін күресіп,  тұрғындардың алғысына бөленіп жүрген жандар аз емес. Сондай мамандардың бірі – аға...

«Өрлеу» бағдарламасы несие беруді онлайн форматқа көшірді

«Өрлеу» бағдарламасы енді цифрланып, кәсіпкерлерге жедел, оңай қызметке жол ашты. 🚀 Бұл бағыттағы алғашқы қадамды Freedom Bank жасап, жеңілдікпен несиелейтін...

Оқушылар үйірмеге қызыға ма?

Жақында Түркістан облысының «Білім беруді дамыту орталығының» және Түркістан қаласы білім бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес «Оқушылардың үйірме жұмыстарына қызығушылығын...

Түркістан облысында «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы басталды

Түркістан облысында «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысу үшін өтінімдер қабылдау басталды. Конкурс отбасылық өнегелі құндылықтар мен дәстүрлерді жаңғырту, отбасы мен...

Түркістан облысында үздік дәрігерлерді анықтау байқауы ұйымдастырылды

  М. Егізбаев атында конкурс өтетін болады. Жүрегі елмен егіз Егізбаев! Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасы алып тұлғаны еске алу...

Жүздеген мың бүлдіршіннің өмірін құтқарған қайырымдылық қор

  Бірнеше жылдардан бері «Шеврон» компаниясы еліміздің ауқымды «Аяла» қайырымдылық жобасымен жемісті жобаларды жүзеге асырып келеді.«Шеврон» корпорациясы әлемнің жетекші біріктірілген...

ТҮРКІСТАН: Созақтық ардагерлер арасында бильярдтан жарыс өтті

Созақ ауданында 1 қазан – Халықаралық қарттар күні мерекесіне орай «Белсенді ұзақ өмір және Тең қоғам» әлеуметтік орталығында ардагерлер...

Тағы да