Воскресенье, 19 апреля, 2026

Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев отбасылық зорлық-зомбылық мәселесіне алаңдаушылық білдіріп, мұның маңыздылығы өткен жылы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына жолдаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында алғы сөздердің қатарынан орын алып, бүгінгі күнге дейін күн тәртібінен түспеді.

Мұндай әрекеттер үшін жазаны қатаңдату қажеттігін атап өтті.

Осыған байланысты 19.04.2023 жылы отбасылық-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтар үшін жауаптылықты күшейту туралы заң қабылданып, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілді (бұдан әрі — ӘҚБтК).

Атап айтқанда;

  • 73-бап «Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттер» — 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынады (бұрын ескерту жасауға не 5 тәулікке дейін болған), бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер үшін 10 тәулікке (бұрын 10 тәулікке дейін болған);
  • 73-1-баптың 1-1-бөлігі бойынша «Отбасылық-тұрмыстық қатынастарда тұрған адамның денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтіруі» — 15 тәулікке (бұрын ескерту жасауға немесе 15 тәулікке дейін болған), бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер үшін — 25 тәулікке әкімшілік қамауға алынады (бұрын 20 тәулікке дейін болған);
  • 73-2 баптың 1-1-бөлігі бойынша «Ұрып – соғу» құқық бұзушымен отбасылық-тұрмыстық қатынастарда тұратын адамға қатысты жасалған әрекеттер үшін — 10 тәулікке (бұрын ескерту жасауға немесе 10 тәулікке дейін болған), бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер үшін — 20 тәулікке (бұрын 15 тәулікке дейін болған) әкімшілік қамауға алынады;
  • ӘҚБтК-тің 64-бабынан отбасылық-тұрмыстық құқықтық қатынастар саласындағы тараптарды татуластыру үшін әкімшілік жауаптылықтан босату мүмкіндігі алынып тасталды (73-бап алынып тасталды).

Қорғау нұсқамасы талаптарын бұзғандығы үшін жауаптылық күшейтілді.

ӘҚБтК-тің 461-бабына сәйкес «Қорғау нұсқамасын бұзу», ішкі істер органы шығарған қорғау нұсқамасын бұзу 10 тәулікке (бұрын ескерту жасауға немесе 5 тәулікке дейін болған) әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады.

Құқық бұзушының мінез — құлқына сот белгілеген ерекше талаптарды бұзғандығы үшін 10 тәулікке әкімшілік қамауға алу белгіленді (бұрын 5 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе 7 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу болған);

Осы құқық бұзушылықты бір жыл ішінде қайталағаны үшін — 20 тәулікке қамауға алынады (бұрын 10 тәулікке дейін болған).

Бұл отбасылық-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтар бойынша өзгерістер мен толықтырулар осы жылғы 1 шілдеде күшіне енеді.

«Отан – отбасынан басталады» деп айтылғандай бақытты және жарқын болашақ қалыптастыру үшін отбасы мүшелерінің құқықтарына құрметпен қарап тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол бермеуге шақырамыз.

Егерде сіз тұрмыстық зорлық-зомбылықтың куәсі болсаңыз Полиция органының «102» байланыс телефонына хабарлауды сұраймыз.

Қазығұрт ауданының прокуратурасы

Жаңалықтар тізбесі

«Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты бағдарламасы аясында

«Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты бағдарламасы аясында Еңбекші ауданының әкімі Досбол Есилбекпен бірге «Nur Otan»...

ТҮРКІСТАНДА «ҚАЗАҚСТАН-ТҮРІК ЖАСТАР КӨПІРІ» ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

Түркістан қаласындағы «Конгресс холл» көпсалалы кешенінде «Қазақстан-түрік жастар көпірі» іс-шарасының ашылуы салтанаты өтті. Бауырлас елдердің жастары бас қосқан жиынға...

ТҮРКІСТАНДА ЕКІ ІРІ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖОЛДАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

    Түркістан облысына инвестиция тарту мақсатында ауқымды жобалар іске асырылуда. Олардың бірі – «Өгем өзенінде су электр станциялары каскады». Бұл...

«WORLDSKILLS KAZAKHSTAN — 2023» Республикалық кәсіби шеберлік чемпионатына қызу дайындық үстінде

Түркістан қаласындағы «Ақжайық» музыка мектебі ғимаратында Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттерін «WORLDSKILLS KAZAKHSTAN -...

Түлкібаста тұрмыстық зорлық зомбылықтан зардап шеккендерге көмек көрсету орталығының сенім телефоны жарияланды

Тұрмыстық зорлық бір адамның екінші адамға не туыстарының бірінің екінші туысына зорлық көрсетуі. Бірінші кезекте, отбасы ішіндегі зорлық. Отбасылық-тұрмыстық...

«Тәрбиелі жастар – қауіпсіз қоғам» атты форум өтті

Бүгін аудандық «Мыңжылқы» мәдениет үйінде жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының ұйымдастыруымен ауданның барлық білім беру ұйымдарындағы кәмелетке толмағандардың...

Самарқан: Туристерді тамсандырарлық тамаша кешендер көп

Түркітілдес журналистер қорының Өзбекстан Туризм және спорт министрлігімен біріге отырып, Ташкент-Самарқан-Бұқара қалаларына арналған пресс-турының үшінші күні Самарқан қаласына табан...

Зорлыққа ұшыраған әйел қайда жүгінеді?

Әйелдердің дені күйеуінен жәбір көрсе, қайда шағымдануды, кімге барып көмек сұрауды біле бермейді. Зомбылық­­қа ұшыраған жағдайда не істеу керек?...

Тағы да