Воскресенье, 19 апреля, 2026

Елде зорлық-зомбылық бойынша шағым түспесе де полиция іс қозғай алады

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Тұрмыстағы зорлық-зомбылық бойынша енді шағым түспесе де, полиция іс қозғай алады. 1-шілдеден бастап заңға осындай өзгеріс енеді. Өйткені соңғы уақытта әйелін ұратындар көбейген. Мәселен, 2017 жылдан бері жылына тіркелетін зорлық-зомбылық деректері бұрынғыдан үш есеге өскен. Өйткені, сол жылы мұндай істер әкімшілік кодекске ауыстырылған еді. Яғни, агрессорлар айыппұлмен құтылатын болды. «Апта»-да осы мәселені екі ай бұрын көтергенде заңгер Айман Омарова жаза жеңіл болғасын көп келіншек күйеуінің үстінен арыз жазуға қорқады, яғни, заңдағы осы олқылық мұндай оқиғаның көбеюіне себеп деген еді.

Айман Омарова, заңгер:

Зорлық болған кезде әйелден сондай қолхат алады да, ешқашанда жалған көрсетім бермеймін деп те сүйтеді, арызда сондай жауапкершілігі барда. Ал енді көп әйел біледі ғой дәлелдей алмай қалса, жауапкершілік бар деп көп әйел жазбайды. Негізі ол дұрыс емес. Себебі тергеуші дұрыс тергемейді немесе біліктілігі төмен болады, істі жабады ғой. Сол кезде жәбірленуші тарапынан жалған арыз болды деп шыға келеді.

Енді әйеліне қол көтеретіндер үстінен анонимді түрде арыз жазуға болады. Хаттама толтыру үшін куәгердің, көршілердің айғақтары, бейнебақылау жазбалары жеткілікті. Сондай-ақ, 1-шілдеден бастап тараптарды қайта татуластыру мүмкіндігі де болмайды. Өйткені, қазір мұндай істердің жартысы татуласумен аяқталып, сотқа жетпей жатыр екен.

Ақмарал Серікбаева, ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің аға инспекторы:

Мұндай жағдайлар көбіне агрессордың, оның туыстарының сендіруімен қысымымен орын алады. Жыл басынан бері 5 мың факті осы негіз бойынша тоқтатылды. Енді 1-шілдеден бастап сотта 1 рет қана татуласуға мүмкіндік болады.

Тағы бір өзгеріс. Бұдан былай отбасында зорлық-зомбылық жасағандар үйінен күшпен шығарылуы мүмкін. Өйткені қазір әйелдер күйеуінен қорқып, балаларын ертіп қашуға мәжбүр. Жаза осылай күшейтіліп-ақ жатыр. Бірақ, бұл мәселені түбегейлі шеше ала ма? Біз салдарымен ғана күресіп отырған жоқпыз ба? Тұрмыстағы зорлық-зомбылықтың себептері қандай? Аманкелді Сейтханның зерттеуі.

Аманкелді Сейтхан, тілші:

Қазақстанда жылына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан 400 әйел қайтыс болады. Мұндай статистиканы әйелдер құқығын қорғайтын ұйымдар мен құқық қорғаушылардың көбі айтып жүр. Сонда бір күнде кемі бір әйел…

Ал Ішкі істер министрлігінің дерегінше жыл басынан бері отбасындағы зорлық-зомбылық бойынша 35 мың арыз түскен. Орта есеппен күніне 230-дан асады. Бұл тек полицияға шағымданғандары. Ал, біздің білмейтініміз қанша.

Ақмарал Серікбаева, ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің аға инспекторы:

Биылғы жылы әкімшілік жауапкершілікке 6 мың құқық бұзушы тартылды. Алайда көп жағдайда жәбірленушілер полиция қызметкерлері келгеннен кейін іс қозғауға, арыз жазуға бас тартады.

Ал арыз жазылмаса, полиция жазаламайды. Сөйтіп, күш көрсетушілердің 80 пайызы құтылып кетеді. Жанжалдардың 12 пайызы қайталанады.

Жанна Оразбахова, Алматы қалалық адвокаттар алқасының мүшесі:

Әйелін бірінші рет ұрған жағдайда тек есккерту береді. Сондықтан ондай адамдар өзінің жауапқа тартылмағанын сезіп, әрі қарай зорлық-зомбылық жасай береді.

Жәбірленуші:

Некеден 3-4 айдан кейін басталды. Содан кішкене 1 шапалақ кетті. Содан кейін көндік ол мән бермедім басында. Стақанды лақтырып жіберу, жұлқып ұру, қол көтеру деген болды.

Бұл келіншек күйеуімен 10 жыл отасқан. Жолдасы ай сайын қол көтерген.

Жәбірленуші:

Денсаулығыма зиян келді. Қазір мен кішкене ашуланып жыласам, қан қысымы түсіп кетеді. Біз көп сөйлесе алмайтын болып кеттік артында. Менің өзім сөйлеуден қалдым. Ол маған артық әңгіме айтпа айтыт, менің айтқаным болады деді.

Гүлжан Қисықова, «Қорғау Астана» орталығының әлеуметтік қызметкері:

Жылына 1500 адам келіп көмекке жүгінеді. Оның ішінде 400-і осы дағдарыс орталығына мұқтаж әйелдер.

Жәбірленуші:

Күйеуім сенің қателігің тілің ащы, сенікі дұрыс емес солай деп айтады. Мысалы, менің талабым үйге жаңа зат алу керек, үйді істеу керек, алға жылжу керек деген сияқты. Менің разылығымды ал, күйеуің не айтады соны істе дейді. Мен күйеуімнің разылығын алам деп 11 жылдан бері ала алмадым.

Ақмаржан Көшербаева, БҰҰ ЮНФПА Қазақстандағы қорының құрметті елшісі:

Кейбір кезде әйелдің басына жауапкершілікті салады, өзі тілінен тапқан шығар деп. Бірақ біз түсінуіміз керек. Қазақстан зайырлы мемлекетпіз. Заң бойынша ешкім ешкімді ұруға құқығы жоқ.

Құқық қорғаушылар патриархал қоғам барлығына әйелді кінәлауға бейім. Қазақстан қоғамында да ер адамды ақтап алу басым деген ойда. Бұл тұрмыстағы зорлық-зомбылықтың бір себебі. Басқа себебі де көп.

Жанна Оразбахова, Алматы қалалық адвокаттар алқасының мүшесі:

Ең біріншіден, ол әлеуметтік жағдай. Сосын көп сондай зорлық жасайтын адамдар өздері сондай отбасыда өскен.

Гүлжан Қисықова – «Қорғау Астана» орталығының әлеуметтік қызметкері:

Мысалы, әйелде 5 баласы бар, 4 баласы бар. Өздері 50 шаршы метр квм жерде тұрады. Содан келеді де айтады үй шашылып жатыр, анау былығып жатыр. Содан келеді де әйелін төмпештейді.

Анна Рыль, «Қорғау Астана» қорының жетекшісі:

Әр аймақта себеп әр түрлі. Мысалы, Оңтүстікте ер адам өзін осылай ұстау керек деген түсінік бар. Одан бөлек туыстары араласып, ер адамға қысым көрсетеді. Ал біздің Қарағандыдағы орталыққа келіп жатқандардың себебі әлеуметтік мәселе. Соған шыдамай ішімдікке салынып кеткендер.

Осы себепті ажырасу да көбейген. Осы аптада полиция қызметкері «Қазақстанда әрбір үшінші отбасы ажырасады» деген дерек айтты. Бірақ саланы зерттеушілер пікірінше, көп келіншек күйеуінің ұрғанына төзіп жүре береді.

Анна Рыль, «Қорғау Астана» қорының жетекшісі:

Кей әйелдер бағынышты болады. Олар оны махаббат деп ойлап, өзін құрбан етеді. Балаларына не болса да бәрібір. Әкесі ұрса да ол әйел сонда да онымен бірге қалады. Бұл сол әйелдің бала кезде ата-анасының махаббатын алмағанын, махаббат туралы дұрыс түсінікпен өспегенін көрсетеді.

Жәбірленуші:

Мен мұндай орталыққа көп түстім. Қаншама әйелді көрдім. Ешкімге ештеңе айта алмаймын, басына келгенде түсінеді. Ер азамат біраз ойланса екен деймін.

Жанна Оразбахова, Алматы қалалық адвокаттар алқасының мүшесі:

Қазіргі таңда ондай қылмыс жасаған еркектер олармен ешқандай жұмыс жасалмайды. Оның бір шешімі бар. Ол Америка, Еуропада бар тәжірибе. Еркек адам психологиялық түзеу шараларына жіберіледі. Ол жерде себептерін табады, неге ол агрессор, қандай жағдай туындады. Содан кейін ол адамды емдейді.

Ақмаржан Көшербаева, БҰҰ ЮНФПА Қазақстандағы қорының құрметті елшісі:

Оны іске асыруға біраз қаражат керек. Және ер кісілердің өздерінің мен өзгергім келеді деген талабы болу керек те. Өйткені қазіргі кезде сот бабымен немесе тағы басқа үкіммен оларды біз мәжбүрлей алмаймыз.

Ақмарал Серікбаева, ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің аға инспекторы:

Бүгінгі күні полиция отбасында зорлық-зомбылық жасайтын агрессорлармен де сондай-ақ, күш көрсету құрбандарымен бірлесіп әрекет етіп келе жатқан жалғыз институт. Мәселен, біз қазір оның тек салдарымен күресіп жатырмыз. Полицейлердің құрбандармен қарым қатынас жасауға тиым шараларын қолдануы әсіресе қамауға алу ерлі-зайыптылар арасындағы шиеленісті одан әрі ушықтырады.

Аманкелді Сейтхан, тілші:

Дағдарыс орталықтарының деректерінше онда көмек алушылардың 70 пайыздайы балалар. Яғни әр әйелдің қасында 2-3 бала еріп жүреді. Олардың кінәсі не? Ал ең басты сұрақ олардың ертеңі не болады? Кішкентайынан зорлық-зомбылық көрген бала өскенде соны қайталамай ма?

Аманккелді Сейітхан

Жаңалықтар тізбесі

2021 ЖЫЛ – ТҮРКИЯДАҒЫ ҚАУІПСІЗ ТУРИЗМ ЖЫЛЫ

Әлем бойынша қауіпсіз туризм сертификациялау бағдарламасын іске қосқан Түркия 2021 жылдың жаз маусымына дайын. 2020 жылдың маусымында беріле бастаған...

Тірлігі тындырымды НӘЗИПА

Төлеби аудандық ауруханасында халық денсаулығы үшін күресіп,  тұрғындардың алғысына бөленіп жүрген жандар аз емес. Сондай мамандардың бірі – аға...

2020 Presidential Candidates In A Minute

 The main thing that you have to remember on this journey is just be nice to everyone and always...

ТҮРКІСТАНДА ӘЛЕУМЕТТІК САЛА БОЙЫНША ІС-ШАРАЛАР ЛЕГІ БАСТАЛДЫ

Бүгін Түркістанда Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған іс-шаралар легі басталды. Сондай-ақ қазан айының екінші жексенбісіне белгіленген «Мүгедектігі...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ҮЗДІК ШАХМАТШЫЛАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Түркістан қаласында «Шахмат керуені» өз мәресіне жетті. Еліміздің әрбір өңірін аралап, үздіктерді анықтауды көздеген жобаның киелі шаһардағы сайысында 20...

Ел болашағы үшін тағы бір нысанның құрылысы басталмақ.

Түркістан қаласында «Nurorda» халықаралық  мектебі салынады. Аталған бастама бойынша Түркістан облысының әкімі инвесторлармен кездесіп, жобаны талқылады. Алдағы уақытта Түркістан...

Түркістан облысы туу көрсеткіші бойынша республикада көш бастап тұр

Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес, өңірде тәулігіне 150-ге жуық бала дүниеге келеді. Олардың 60% ұл болса, 40%...

«Nur Otan» партиясы 2021-2025 жылдарға арналған жоспарлары орындалуда

"Халық қатысатын бюджет" жобасы - жергілікті бюджет қаражатын бөлу процесіне қала тұрғындарын қатыстыру арқылы бюджетті қалыптастырудың ашықтығын, қолжетімділігін қамтамасыз...

Тұрғын үй мәселесі партия бақылауында

Шымкент қалалық мәслихатының, «Nur Otan» партиясының депутаты, фракция мүшесі ретінде, «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға...

Тағы да