Воскресенье, 19 апреля, 2026

Түркістан облысында «Махаббат эстафетасы» атты жас отбасылар байқауы өтті

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Бүгін, 15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне және Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толуына орай «Махаббат эстафетасы» атты жас отбасылар байқауы өтті.

Түркістан облыстық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен сайысқа өңірдегі 17 аудан, қаласынан іріктелген үздік жас отбасылар қатысты. Онда жас отбасылар «Серіктес», «Кім жүйрік?», «Баскетбол», «Боулинг» деп аталатын төрт кезеңнен тұратын бәсекеде бақ сынады.

Игі шараның ашылуында сөз алған Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев бұл байқаудың отбасылық құндылықтарды нығайтудағы маңыздылығына тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

«Мемлекет тұрақты дамуы үшін әр отбасында татулық, бірлік, береке болуы керек. Бұл ретте демографиялық өсімі жоғары Түркістан облысы үшін отбасы құндылықтарын дәріптеудің маңызы зор. Өйткені, алтын құрсақты, көпбалалы аналардың басым бөлігі біздің облыста тұрады. Өңіріміз жастар саны бойынша да алдыңғы қатарда. Қазіргі таңда облыста 4000-нан астам отбасы бар және жыл сайын мыңдаған жас шаңырақ көтереді. Бүгін, міне, отбасындағы сыйластық, еңбекқорлық, адамгершілік қасиеттерімен дараланған отбасылар сынға түсіп, өздерінің ұйымшылдығын көрсетіп жатыр», — деді Бейсен Дәулетұлы.

Сайыс нәтижесінде жанұядағы жарасымдылығымен ерекшеленіп, ұрпақтар сабақтастығының қайталанбас үлгісін көрсеткен үздік отбасылар жүлделі орындармен марапатталды.

Бұл орайда, I орынға жетісайлық Өтепбергеновтер отбасы лайық деп танылды. Ал, II орынға сарыағаштық Ундирбековтар отбасы мен түлкібастық Орынбасаровтар отбасы ие болды. Сондай-ақ, III орынды Түркістан қаласынан Оразбековтар отбасы мен Отырар ауданынан Толешовтар отбасы иеленді. Бұдан бөлек, Төлеби ауданынан келген Ескуловтар отбасы «Көрермен көзайымы» номинациясымен марапатталды.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Жаңалықтар тізбесі

ТҮРКІСТАН: МИНИСТР САУРАНДАҒЫ СУ БАСУ САЛДАРЫН ЖОЮ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

ҚР Төтенше жағдай министрі Юрий Ильин және Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сауран ауданының төрт елдімекеніне барып, су басу...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ДИҚАНЫ ЖАЗДА ЕГІСТІКТІ СУАРМАЙ-АҚ ҚАУЫН ӨСІРДІ

Түркістан облысының шаруалары қауын өсіруде тың тәсілді пайдалана бастады. Яғни, егістікті суармай-ақ, мол өнім жинауға болатынын көрсетті. Оңтүстіктегі 45-50...

ТҮРКІСТАНДА ТУРИЗМ САЛАСЫНДАҒЫ ТАРТЫМДЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ҰСЫНЫЛДЫ

«Инвестициялық жобалардың презентациясы» питч-сессиясына Түркістан қаласына жақын жердегі 7 «өсу нүктесі» шығарылды. Инвестициялар көлемі бойынша жобалар шағын және орта...

Аудан әкімі ардақты аналарға құрмет көрсетті

Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай қоғам өміріне белсене араласып жүрген бір топ ардақты аналар...

Бас прокуратурада алқа отырысы өтті

Бас Прокурор Берік Асыловтың төрағалығымен жер саласындағы заңдылықты сақтау, сондай-ақ медициналық бұйымдарды сатып алу мәселелері жөнінде алқа отырысы өтті. Алқа...

ТҮРКІСТАН: «Оқушылар сарайында» балалар шаттыққа бөленді

Бүгін Түркістанда қала әкімдігі, «Оқушылар сарайы» - ЮНЕСКО клубы және халықты жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен «1 маусым – Балаларды...

ОПРЕДЕЛЕНЫ ЛУЧШИЕ ШАХМАТИСТЫ ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ

В Туркестане завершился турнир в рамках проекта «Шахматный караван». 20 шахматистов области приняли участие в шахматных баталиях, целью которого...

Тарихи мұраға бай…

Өзбекстан қалаларының қайсысын алып қарасаңыз да айырықша бір үйлесім, үндестік бар сынды. Ол ең алдымен тарихи мұраға байлығы. Екіншіден...

ЖОЛДАУ- ЕЛ СҰРАНЫСЫНА ЖАУАП

Мемлекет басшысының қай Жолдауы болмасын елдің егемендігін, жеріміздің тұтастығын сақтауды, елдің экономикасының дамуы арқылы халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуды көздейді....

Тағы да